6.7. АТА-АНАЛАР МЕН ҚАМҚОРШЫЛАРДЫҢ
ҚАТЫСУЫ
Халықаралық
стандарттарға
сай
кәмелетке
толмаған айыпталушылар қылмыстық істер бойын-
ша тыңдаулар барысында олардың ата-аналары/
қамқоршыларының қатысуына құқылы бола алады
250
,
баланың жасы мен орын алған жағдайды ескере оты-
рып, егер бұл баланың ең биік мүдделеріне қайшы
болып саналмаса. Бұл ереженің басты мақсаты бо-
лып сот ісін қарау барысында балаға психологиялық
және эмоционалдық қолдау көрсетуді қамтамасыз
ету табылады
251
. Бұл тұрғыдан Қазақстан заңнамасы
толығымен халықаралық стандарттарға сай
252
.
250
40(2) (b)(iii) бап, БҚК; 15.2 ереже, Пекин ережелері.
251
53 тармақ, БҰҰ Бала құқықтары комитеті, Жалпы тәртіптегі
ескерту № 10 (2007) «Кәмелетке толмағандарға қатысты әділ сот
жүргізу шеңберіндегі бала құқықтары».
252
Егер кәмелетке толмаған күдіктінің/айыпталушының ата-ана-
сы немесе өзге заңды өкілі болса, олардың қатысуы міндетті
(Қылмыстық іс жүргізу кодексі 2014 ж., 537 бап, 1 бөлім). Егер
кәмелетке толмаған тұлғаның заңды өкілі болмаса, қамқоршылық
және қорғаншылық органының қатысуы міндетті (Қылмыстық
іс жүргізу кодексі 2014 ж., 537(1) бап). Мұндай заңды өкілдер
сот тыңдауларына қатыса алады және ондай өкілдің қатысуы
мүмкін болмаса, «ол басқасымен алмастырылады» (Қылмыстық
іс жүргізу кодексі 2014 ж., 542(2) бап). Атап айтқанда, егер заңды
өкілдің әрекеттері кәмелетке толмаған тұлғаның мүдделеріне
нұқсан келтіреді немесе істің объективті қаралуына кедергі
келтіруге бағытталған деп санауға негіз болса, заңды өкіл іске
қатысудан шеттетілуі мүмкін. Мұндай жағдайда іске кәмелетке
толмаған тұлғаның басқа заңды өкілі қатыстырылуы мүмкін
(Қылмыстық іс жүргізу кодексі 2014 ж., 537(5) бап).
Сауаланамаларға және сұхбаттарда берілген жа-
уаптар іс жүзінде КТМАС-та қаралатын істерге
қатысатын кәмелетке толмаған айыпталушылардың
ата-аналары/қамқоршылары, әдетте, қылмыстық сот
өндірісіне халықаралық стандарттарға сай қатыса
алатын. Кәмелетке толмағандардың ата-анала-
ры/қамқоршылары бақылауда болған қылмыстық
істер бойынша тыңдаулардың біреуін қоспағанда
барлығына қатысты (яғни, бақылау жасалған
қылмыстық істер бойынша барлық тыңдаулардың 96%
-ы дерлігі)
253
. Оған қоса, сұхбат жүргізілген кәмелетке
толмаған айыпталушылардың ата-аналарының ба-
сым көпшілігі сот тыңдауы немесе сот ісін қарау ба-
рысында толыққанды қатыса алды, олардың пікірі
мен дәйектері тиісінше қабылданып, шығарылатын
шешімге ықпал етті, сот тыңдауы барысында не бо-
лып жатқанның барлығын түсінді деп санайды. Алай-
да, кәмелетке толмаған айыпталушылардың ата-
аналарының аз бөлігі сот тыңдауына белсенді қатыса
алған жоқ деп санайды, оның басты себебі – өздеріне
айтылған сөздерді немесе сот тыңдаулары барысын-
да не болып жатқанын түсіне алмаған
254
.
253
Осы қалған бір істе айыпталушы 18 жасқа толды, судья
жәберленушілердің өздері және ата-аналары келмегендіктен,
сот тыңдауы күнін кейінге шегерді. Дегенмен, сот тыңдауы 50
минутқа созылды, әрі осы уақыт бойы айыпталушы оған қатысты
және судья одан іске қатысты жауап алды (Қылмыстық іс бойын-
ша сот тыңдауы [КТМАС орналасқан жері туралы ақпарат алынып
тасталған], тамыз 2014 ж.).
254
Жекелеген сұхбат, кәмелетке толмаған айыпталушының ата-
анасы, Алматы қ. КТМАС, 2014 ж.; Жекелеген сұхбат, кәмелетке
58
Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы
•
Әр КТМАС-та кем дегенде бір штаттағы әлеуметтік қызметкер болғаны жөн, осындай әлеуметтік қызметкер
судьяға кәмелетке толмаған тұлғаның отбасы туралы ақпарат, кәмелетке толмаған тұлғаның өзі және орын
алған жағдай туралы негізгі мәліметтер бере алуы үшін ол барлық кәмелетке толмаған айыпталушылармен
және олардың ата-аналарымен сот ісін қарауға дейін кездесуі тиіс.
•
КТМАС әлеуметтік қызметкері іске қатысатын ата-аналарға/қамқоршыларға сот рәсімдері тәртібін түсіндіруін
және оларға сот тыңдауы барысында ата-ананың/қамқоршының рөлі туралы айтуын қамтамасыз етуге кеңес
беріледі.
•
ҚР Жоғарғы Соты соттың қарайтын істерге қатысатын ата-аналар/қамқоршылар танысып шығуы үшін
қолжетімді болатын КТМАС рәсімдері баяндалған шағын кітапша әзірлеу туралы мәселені қарастыра алады.
Балалар түсіне алатындай етіп бейімделген кітапша нұсқасын КТМАС қарайтын істерге қатысатын кәмелетке
толмағандарға да ұсынуға болады.
•
Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың істерінде оларға баламен мүдделер қақтығысы туу қаупі жоқ
тұлғаның балама
қолдауын ұсыну қажет. Ондай тұлға баланың туысы, отбасының досы немесе ондай
адамдар жоқ болса, сотқа бекітілген әлеуметтік қызметкер, психолог немесе педагог маман бола алады.
АТА-АНАЛАР МЕН ҚАМҚОРШЫЛАРДЫҢ
ҚАТЫСУЫНА ҚАТЫСТЫ ҰСЫНЫМДАР
Мысалы:
«Сізде пікіріңіз және дәйектеріңіз, сонымен
қатар, балаңыздың пікірі мен дәйектері тиісінше
қабылданып, шығарылатын шешімше ықпал еткендей
сезім болды ма? »
«Жоқ, мен ештеңені түсіне алмай отырдым».
«Сізге не болып жатқанын және не айтылғанын
түсінуге көмектескен адамдар болды ма? »
«Жоқ»
255
.
Азаматтық
істерде
және
әкімшілік
құқық
бұзушылықтар туралы істерде, әдетте, ата-аналардың
қатысу мәселесі туындамайды, себебі, олар көбінесе
іс бойынша сот өндірісінің қатысушылары болып та-
былады. Бірақ бақылауда болған аздаған азаматтық
істерде және әкімшілік құқық бұзушылықтар ту-
ралы істерде істе жауапкер немесе айыпталушы
болған ата-ана ішімдікке мастану күйінде болған
және оған құқықтық көмек көрсетілмеген, бұл, әрине,
осындай жағдайда сот тыңдауын өткізуге болаты-
ны туралы күмән тудырады
256
. Оған қоса, бала ата-
анасының қамқорлығынсыз қалған жағдайларда
ата-ананың/қамқоршының қатысу мәселесімен одан
да көп қиындықтар туындайды. Жоғарыда айтылған
қамқорлық және қорғаншылық органдарының 12
жасар жетімді девиантты мінез-құлықты балаларға
арналған арнайы мектепке жіберу туралы өтініш ха-
тына байланысты азаматтық іс бойынша өткізілген
(осы зерттеу мақсатында бақылауда болған) тыңдауда
осы іс
257
бойынша өтініш беруші тараптың бірі болған
балалар үйінің директоры сол баланың заңды өкілі
толмаған айыпталушының ата-анасы, Қызылорда қ. КТМАС, 2014
ж.
255
Жекелеген сұхбат, кәмелетке толмаған айыпталушы, Қызылорда
қ. КТМАС, 2014 ж.
256
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша сот тыңдауын
бақылау [КТМАС орналасқан жері туралы ақпарат алынып
тасталған], тамыз 2014 ж.
257
Өтініш беруші ұйымның директоры осы баланың өкілі болды.
болған. Мұндай жайттарда өтініш беруші тарап пен
бала арасында мүдделер қайшылығы туындау қаупі
бар, әрі өтініш беруші тарап өкілінің аталмыш істе
баланың өкілі ретінде әрекет ете алатынына күмән
туады.
Достарыңызбен бөлісу: |