50
Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы
қатысты барлық мәселелер туралы өз пікірін еркін
білдіруге құқылы екенін білдіреді, бұл ретте баланың
пікіріне оның жасы мен даму деңгейіне сәйкес
тиісінше көңіл бөлінеді. Осы халықаралық стан-
дарт, сондай-ақ, сот өндірісіне қатысушы балаларға
да қатысты қолданылады, сондықтан, нәтижесінде
балаға тікелей өзі немесе өкілі немесе тиісті орган
арқылы сөйлеу мүмкіндігі беріледі
218
.
Атап айтқанда, кәмелетке толмаған құқық бұзушылар
өздеріне тағылған айыптардың мәнін, сонымен
бірге, ықтимал салдары мен жазалау шараларын
жете түсінуі тиіс, әрі, түсіну арқылы өзінің заңды
өкіліне бағыт бере алуы, куәгерлерге наразылық
білдіре алуы, оқиғаны рет-ретімен баяндай алуы
және айғақтарға, куәгерлердің берген куәліктеріне
және тағайындалатын жазалау шарасына (шара-
ларына) қатысты тиісті шешімдер қабылдай алуы
тиіс
219
. Сәйкесінше, істі сотта қарау «түсіністік таныту»
жағдайында өтуі тиіс, бұл кәмелетке толмаған тұлғаға
сот қарауына қатысып, өз пікірін еркін жеткізуге
мүмкіндік береді
220
. Оған қоса, бала «өзі қатысып
отырғанда сотталуға» құқылы және сәйкес тәжірибе
бала өз ісі сотта қаралып жатқанда сот залында
қалуға құқылы болуын қамтамасыз етуі тиіс
221
.
218
Бала құқықтары туралы конвенция, 12(2) бап.
219
БҰҰ Бала құқықтары комитеті, Жалпы тәртіптегі ескерту № 10
(2007) «Кәмелетке толмағандарға қатысты әділ сот жүргізу
шеңберіндегі бала құқықтары», 46 тармақ.
220
Пекин
ережелері, 14.2 ереже.
221
БҰҰ Адам құқықтары комитеті, Жалпы тәртіптегі ескерту № 32 (2007)
«Соттар мен трибуналдар алдындағы теңдік және әркімнің сот
ісінің әділ қаралу құқығы», 36 тармақ; Кәмелетке толмағандарға
қатысты әділ сот жүйесін заңнамалық реформалау нұсқаулығы,
ЮНИСЕФ және Балалар құқықтық орталығы, мамыр 2011 ж., 7.9
тармақ.
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША СОТ
ТЫҢДАУЛАРЫ
Сот өз қаулысымен кәмелетке толмаған айыпталу-
шыны сот мәжілісі залынан (қорғаушысының неме-
се заңды өкілінің өтініші бойынша, сонымен қатар,
өз бастамасымен және тараптардың пікірін ескере
отырып) оған кері әсерін тигізуі мүмкін жайттарды
тексеру уақытына шығарып жіберуге құқылы
222
. Егер
кәмелетке толмаған айыпталушыден сот залынан
шығу талап етілсе, оның заңды өкілі қалып, істі қарауға
қатыса алады
223
. Кәмелетке толмаған айыпталушы
сот залына қайтып келгенде, судья ол жоқ болғанда
өткен сот қарауының мазмұнын жеткізуге және оның
қатысуынсыз жауап алынған тұлғаларға сұрақ қою
мүмкіндігін беруі тиіс. Бірақ, судья кәмелетке толмаған
айыпталушыны сот мәжілісі залынан шығару туралы
қаулы қабылдау керектігін шешу кезінде судьядан
кәмелетке толмаған тұлғаның пікірін сұрау немесе
басты қағида ретінде баланың ең биік мүдделерін
басшылыққа алу талап етілмейді.
Оған қоса, 2014 ж. Қылмыстық іс жүргізу кодексі сотқа
дейін тергеу жүргізетін тұлғаға кәмелетке толмаған
тұлғаға теріс әсерін тигізуі мүмкін материалдармен
танысып шығу үшін ұсынбау туралы қаулы қабылдауға,
оның орнына осы материалдармен кәмелетке
толмаған тұлғаның заңды өкілін (атап айтқанда, ата-
анасын/қамқоршысын) таныстырып шығуға мүмкіндік
береді
224
. Бұл ережені қолдану кәмелетке толмаған
тұлғаның сот өндірісіне қатысу құқығын шектеу және
222
Қылмыстық іс жүргізу кодексі 2014 ж., 543 бап 1 бөлім.
223
Қылмыстық іс жүргізу кодексі 2014 ж., 75 бап 2 бөлім және 543
бап 2 бөлім.
224
Қылмыстық іс жүргізу кодексі 2014 ж., 537 бап 4 тармақ.
Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы
51
істің сотта әділ қаралу құқығын, әсіресе, кәмелетке
толмаған тұлғаның қорғанысын дайындауға қатысты
құқығын бұзуы ықтимал деп бағалауға болады.
Іс жүзінде осы зерттеу мақсаттарында бақылауда
болған кәмелетке толмаған айыпталушылардың
қатысы бар барлық қылмыстық істерде кәмелетке
толмаған тұлға сот залында болған
225
. Бірақ, кәмелетке
толмаған айыпталушылардың басым көпшілігі сот
тыңдауларына тиімді қатысу мүмкіндігіне ие болды
деп санаса
226
, кәмелетке толмаған айыпталушылардың
аз бөлігі ондай пікірде болмаған. Кейбіреуі өз
құқықтарын түсінбегенін мәлімдеді, басқалары ай-
тылып жатқанның байыбына бара алмағанын немесе
сот тыңдауы кезінде не болғанын түсіне алмағанын
айтты
227
. Қатысушылардың азшылығы судья тым тез
сөйледі, асығыс көрінді және баланы сөгіп жатқандай
сөйледі деп санайды
228
. Сонымен бірге, істердің
аздаған бөлігінде қорғаушылар көбінесе кәмелетке
толмаған айыпталушының ата-анасымен сөйлескен,
ал кәмелетке толмаған тұлғаның қатысуы шектетілген:
«Қорғаушыңыз сізге құқықтарыңызды түсіндіріп
берді ме?
Жоқ. Ол менің туыстарыммен сөйлесті»
229
.
«Қорғаушы сізге өзіңізді айыпты деп мойындасаңыз
немесе сізді соттаса, не болатынын айтты ма?
Ата-анама айтты»
230
.
АЗАМАТТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША СОТ
ТЫҢДАУЛАРЫ
Қазақстан заңнамасы бойынша балалардың азаматтық
істерге қатысу кезінде белгілі бір құқықтары бар.
Азаматтық құқықтың кейбір мәселелерінде, мәселен,
баланы 10 жастан және одан жоғары жаста асы-
225
Бірақ, заң соттың кәмелетке толмаған айыпталушыны сот
мәжілісі залынан (қорғаушының немесе заңды өкілінің өтініші
бойынша, сонымен қатар, өз бастамасымен және тараптардың
пікірін ескере отырып) оған теріс әсерін тигізуі мүмкін жайт-
тарды тексеру кезінде кәмелетке толмаған тұлғаның пікірін
сұрамай-ақ немесе шешім шығаруда бірініші кезекте баланың
ең биік мүдделеріне көңіл бөлусіз шығарып жіберуге құқылы
екенін қарастыратынына назар аударған жөн. Бірақ, кәмелетке
толмаған айыпталушы сот залына оралғанда, судья ол болмаған
уақытта өткен сот қарауының мазмұны туралы жеткізілікті
көлемде және түрде жеткізуге және оның қатысуынсыз жауап
алынған тұлғаларға сұрақ қою мүмкіндігін беруге міндетті. Осы
ережені халықаралық стандарттарға сай күшейту үшін оның
құрамына соттан кәмелетке толмаған тұлғаның сот залында
қалуына қатысты пікірін сұрауын талап етуді және судьядан
шешімді бірінші кезекте баланың ең биік мүдделеріне көңіл
бөлу арқылы шығаруын талап етуді қосқан жөн.
226
Сұхбаттасқан кәмелетке толмаған айыпталушылардың көпшілігі
судья оларға орын алған оқиғаның өз нұсқасын баяндауға
мүмкіндік берді, мұқият тыңдады және айтылған ақпаратқа бай-
ыппен қарады деп санады.
227
Жекелеген сұхбат, кәмелетке толмаған айыпталушы 1, Алматы қ.
КТМАС, 2014 ж.; Жекелеген сұхбат, кәмелетке толмаған айыпта-
лушы 3, Алматы қ. КТМАС, 2014 ж.; Жекелеген сұхбат, кәмелетке
толмаған айыпталушы 1, Қарағанды қ. КТМАС, 2014 ж.
228
Қараңыз, мысалы, Жекелеген сұхбат, кәмелетке толмаған
айыпталушының ата-анасы [КТМАС орналасқан жері туралы
ақпарат алынып тасталған], тамыз 2014 ж.
229
Жекелеген сұхбат, кәмелетке толмаған айыпталушы, Алматы қ.
КТМАС, 2014 ж.
230
Жекелеген сұхбат, кәмелетке толмаған айыпталушы, Қарағанды
қ. КТМАС, 2014 ж.
рап алу сияқты мәселелерде, сот баланың келісімін
алуы тиіс
231
. 2011 ж. Қазақстан Республикасының
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексі
(НжОК) де баланың мүддесіне әсері бар кез-келген
мәселені отбасында шешу кезінде баланың өз пікірін
білдіру құқығын, сонымен қатар, кез-келген сот не-
месе әкімшілік іс қарауында сөз сөйлеу құқығын
айқындайды
232
. Он жасқа толған немесе одан асқан
баланың пікірін, «егер тек ол баланың мүдделеріне
қайшы келмесе», ескеру міндетті
233
. Оған қоса, қажет
болса, сот 16 жасқа толмаған куәгерлерден куәлік ет-
кен соң, сот мәжілісі залында қалуды сұрай алады. Бұл
ережені жасына қарамастан, өз пікірін тұжырымдап,
жеткізе алатын балалар өз мүдделеріне қатысты
кез-келген мәселе туралы өз пікірін еркін білдіру
құқығына ие екенін, олардың жасы мен даму деңгейіне
қарай пікірлеріне тиісінше көңіл бөлінетінін, со-
нымен бірге, балаға қатысты қандай да болмасын
шешім қабылданғанда басты қағида ретінде оның ең
биік мүдделері қамтамасыз етілуі тиіс екенін талап
ететін негізгі талапты нақтылай отырып, халықаралық
стандарттарға сай күшейтуге болатын еді.
Іс жүзінде кәмелетке толмаған тұлғалардың
азаматтық істер бойынша сот өндірісіне қатысуын,
бұл негізінен жасы кіші балаларға (яғни, 12 жастан
кіші) қатысты болса да, айтарлықтай күшейтуге бо-
лар еді
234
. Интернет-сауалнама барысында КТМАС
судьяларының басым көпшілігі, азаматтық істерді
қарау кезінде қолданылатын кейбір қағидалардың
маңыздылық дәрәжесі туралы сұрақ қойылғанда,
«белгілі бір мәселеге қатысты өз пікірін тұжырымдап,
жеткізе алатын бала сол пікірін білдіру мүмкіндігін
беру» қағидасымен салыстырғанда «ата-аналар
арасында әділдікті қамтамасыз ету» қағидасына
басымдылық берген
235
. Мұндай жауап күтпеген жайт
емес, себебі, балалардың қатысуын ынталандыру
және қамтамасыз ету судья үшін, әсіресе, сотта нақты
көмек көрсете алатын психолог немесе әлеуметтік
қызметкер болмаса, қиын болуы мүмкін. Шын мәнінде,
сотта психолог немесе әлеуметтік қызметкер болған
күнде де, олардың кейбірі қорғаушысы немесе өзге
тиісті тұлға болмағанда немесе баланың пікірін құжат
жүзінде рәсімдейтін әлеуметтік зерттеу нәтижелері
231
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекс, 62 және 95
баптар.
232
Неке (ерлі-зайыптылық)
және отбасы туралы кодекс, 62 бап.
233
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекс, 62 бап. ҚР
Азаматтық іс жүргізу кодексінің 317-4 бабына сәйкес асырап алу
туралы істерде судья бала он жасқа толған болса, оны қатыстыра
алатынына назар аударған жөн. ҚР Азаматтық іс жүргізу
кодексінің 46 бабы да сот он төрт пен он сегіз жас аралығындағы
кәмелетке толмағандарды істерге қатыстыруға міндетті деп
көрсетеді, бірақ, олардың қатысу сипаты айқын емес; жалпы ере-
жеге сәйкес, олардың «құқықтары, бостандықтары және заңмен
қорғалатын мүдделері» сотта олардың «ата-аналарымен немесе
өзге заңды өкілдерімен» қорғалады. Он төрт жасқа толмаған ба-
лаларды қатыстыру туралы осы іспеттес талап жоқ. Оның орнына
олардың «құқықтары, бостандықтары және заңмен қорғалатын
мүдделері» сотта олардың заңды өкілдерімен және прокурор-
мен қорғалады.
234
Жоғарыдағы 4 кестеде көрсетілгендей.
235
Жауап беруші КТМАС судьяларының 65,5% мен жауап беруші
КТМАС судьяларының 62,1%-н салыстырғанда.
52
Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы
•
Заңға өз көзқарасын тұжырымдай алатын бала өзіне қатысты барлық мәселелер бойынша сол көзқарасын
еркін жеткізуге құқылы екені, әрі, бұл ретте, осы көзқарастың баланың жасы мен өсіп-жетілу деңгейіне сай
болуына тиісінше көңіл бөлінуі туралы ережені енгізуге кеңес беріледі.
•
Кәмелетке толмаған тұлғаға сот ісін қарау/тыңдау жүргізілетін уақытта сот залында қалуға рұқсат ету үшін
кәмелетке толмаған айыпталушыны қылмыстық сот өндірісі барысында сот залынан шығаруға рұқсат беретін
құқықты қайта қараған жөн.
•
Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуді жүзеге асыратын тұлғаны кәмелетке толмаған
айыпталушыға танысып шығу үшін оған теріс әсер тигізетін іс материалдарын көрсетпеу туралы қаулы
шығару құқығынан айыру қажет және кәмелетке толмаған тұлғаны қорғауға дайындалу үшін мүмкіндік беру
мақсатында кәмелетке толмаған айыпталушыға және оның қорғаушысына дәлелдерді жария ету туралы жалпы
ережені енгізу қажет.
•
БҚК 12 бабында «балаға, атап айтқанда, өзіне қатысты кез-келген сот ісін немесе әкімшілік істі қарау бары-
сында тікелей өзі немесе өкілі не сәйкес орган арқылы тыңдау мүмкіндігі берілетіні» белгіленген. Бала істің
өзіне тиімді нәтижемен қаралуына қатысты пікірін білдіруі үшін жасы жеткілікті болып, бірақ, ол толығымен
қатысуға және өз пікірін білдіруге қауқарсыз болса, соттың әлеуметтік қызметкері дәнекер ретінде әрекет етіп,
кәмелетке толмаған баланың пікірі мен қалауын сотқа жеткізіп отыруы қажет.
•
КТМАС-та жұмыс жасайтын судьяларға, прокурорларға, қорғаушыларға, психологтарға және әлеуметтік
қызметкерлерге баланың қатысуына және баланың дамуына ықпал ету мәселелері бойынша міндетті оқыту
курсын енгізу мүмкіндігін қарастырған жөн.
БАЛАНЫҢ ҚАТЫСУЫНА ҚАТЫСТЫ
ҰСЫНЫСТАР
туралы есеп немесе осы іспеттес есеп жасау талап
етілмесе, балаға сот өндірісіне қатысуға көмектесуді
өз міндеті деп санамайды (толығырақ жоғарыдағы
5.3 «Психологтар, педагог мамандар және әлеуметтік
қызметкерлер» бөлімінен қараңыз).
Баланың жасына немесе іс-әрекетке қабілеттілігіне
байланысты азаматтық іс бойынша сот тыңдауына
қатыса алмауы оны жайсыз жағдайда қалдыруы
мүмкін және аталмыш сот тыңдауы немесе сот қарауы
әділ деп бағалана алатынына күмән тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: