Қазақстан республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылғАН


КТМАС судьяларының жауаптарына сәйкес, жәбірленуші балалардың қатысуымен өткен



Pdf көрінісі
бет36/69
Дата31.12.2021
өлшемі4,89 Mb.
#22064
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   69
Байланысты:
Публикация на каз

КТМАС судьяларының жауаптарына сәйкес, жәбірленуші балалардың қатысуымен өткен 

қылмыстық істер қағидаларының маңыздылық бойынша тізбегі

Кесте 19. 

қолжетімді болды ма, олардың тиімділігі қандай де-

ген сұрақтардың жай-жапсары анықталған жоқ. Алай-

да,  жоғарыдағы  Кесте  16-да  көрсетілгендей,  жауап 

беруші  КТМАС  судьяларының  52%-ы  куәгерлердің 

шақыртылғанда келмеуі сол соттарда істердің тиімді 

қаралуына  айтарлықтай  кедергі  болғанын  айтты. 

Жекелеген  сұхбаттар  кезінде  берілген  жауаптар 

да  осы  жайтты  айтарлықтай  күрделі  мәселе  және 

сот  тыңдауларын  кейінге  қалдыру  немесе  кейінге 

шегерудің басты себебі ретінде айқындады

237

.

237



 Қараңыз, мысалы, Жекелеген сұхбат, судья 1, Ақтау қ. КТМАС, 23 

қыркүйек 2014 ж.; Жекелеген сұхбат, судья 2, Ақтау қ. КТМАС, 23 

қыркүйек 2014 ж.; Жекелеген сұхбат, судья 2, Өскемен қ. КТМАС, 

16  қыркүйек  2014  ж.;  Жекелеген  сұхбат,  судья  1,  Шымкент  қ. 

КТМАС, 17 қыркүйек 2014 ж.; Жекелеген сұхбат, судья 2, Шым-

кент қ. КТМАС, 17 қыркүйек 2014 ж.; Жекелеген сұхбат, судья 1, 

Қызылорда қ. КТМАС [күні көрсетілмеген]; прокурор 2, Алматы қ. 

КТМАС, 20 қыркүйек 2014 ж.; прокурор 1, Қызылорда қ. КТМАС, 9 

Кәмелетке  толмаған  жәбірленушіге/куәгерге  сотқа 

келу  керек  болғанда  заң  кәмелетке  толмағандарға 

бірқатар  маңызды  қорғаныс  құралдарын  ұсынады, 

бірақ олар халықаралық стандарттарға сай күшейтілсе 

де  болар  еді.  Кәмелетке  толмаған  тұлғаның  заңды 

өкілі (атап айтқанда, ата-анасы/қамқоршысысы) және 

педагог маман сол тұлғадан екі жақтан жауап алғанда 

қатысуы тиіс  және  кәмелетке толмаған тұлғадан  сот 

рұқсатымен айыпталушының қатысуынсыз жауап алы-

нуы тиіс деген екі талап бар

238

. Бірақ заң ата-ананың/



қамқоршының және педагог маманның соттағы рөлін 

нақтыламайды,  сонымен  қатар,  олар  төрағалық  етіп 

отырған  судьяның  рұқсатымен  кәмелетке  толмаған 

жәбірленушіге/куәгерге сұрақтар қоя алады. 

қыркүйек 2014 ж.

238


 Қылмыстық іс жүргізу кодексі РК 2014 ж., 371 бап, 3 бөлім.


54

Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі 

мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы

Сондай-ақ, 

айыпталушы 

кәмелетке 

толмаған 

куәгерден/жәбірленушіден  жауап  алынып  болған 

соң,  сот  мәжілісі  залына  оралғаннан  кейін,  заң 

айыпталушыға  жәбірленушіге/куәгерге  сұрақ  қою 

мүмкіндігін  береді,  бірақ,  кәмелетке  толмаған 

жәбірленушіні/куәгерді  қорғау  үшін  қажет  болуы 

мүмкін  қорғаныс  шараларын  нақтыламайды.  Заң, 

сонымен  бірге,  судья  жәбірленушіден/куәгерден, 

қатысуы қажет болса, екі жақтан жауап алу аяқталған 

соң, сот мәжілісі залында қалуын талап ету мүмкіндігін 

береді,  бірақ,  заңда  мұндай  шешім  қабылдау  бары-

сында кәмелетке толмаған жәбірленушінің/куәгердің 

ең биік мүдделерін қамтамасыз етуге бірінші кезекте 

көңіл бөлінуі тиіс деген талап қойылмаған.

Іс  жүзінде  кәмелетке  толмаған  жәбірленушілер  мен 

куәгерлер  сот  тыңдауларына  дайын  бола  бермейді, 

ал  соттарда  оларға  куәлік  етуге  көмектесе  алатын, 

әрі  өздері  мұқтаж  қорғанысты  қамтамасыз  ете  ала-

тын  және  олардың  ең  биік  мүдделерін  қамтамасыз 

ету  бірінші  кезектегі  міндет  екенін  кепілдендіретін 

арнайы  қорғаныс  шаралары  мен  құралдары  жоқ. 

Кәмелетке  толмаған  жәбірленушілер  мен  куәгерлер 

көбінесе  прокурормен  немесе  судьямен  сот  ісін 

қарауға  дейін  кездеспейді

239

.  Жауап  берушілер 



айтқандай,  кәмелетке  толмаған  жәбірленуші/куәгер 

сотта  куәлік  еткенде,  әдетте,  ол  айыпталушының 

көзінен  ештеңемен  қорғалмаған

240


.  Бұл  кәмелетке 

толмаған  жәбірленуші  әсіресе  жыныстық  зорлық-

зомбылыққа  қатысты  істерде  айыпталушының 

көзінше куәлік еткенде айрықша алаңдатуы мүмкін

241



Кейбір кәмелетке толмаған жәбірленушілер айыпта-



лушымен және оның отбасымен бір күту бөлмесінде 

немесе  сот  залында  отырып  күтуге  тура  келгенін 

айтқан

242


. Бір қылмыстық іс бойынша сот тыңдауында 

239


 Қараңыз, мысалы, прокурор 1, Қызылорда қ. КТМАС, 9 қыркүйек 

2014 ж.


240

 Жекелеген  сұхбат,  прокурор  2,  Алматы  қ.  КТМАС,  20  қыркүйек 

2014 ж.; қылмыстық істегі кәмелетке толмаған жәбірленуші, Ал-

маты қ. КТМАС, 28 тамыз 2014 ж.

241

 Жекелеген сұхбат, кәмелетке толмаған жәбірленуші, Қызылорда 



қ. КТМАС [күні көрсетілмеген].

242


 Жекелеген  сұхбат,  кәмелетке  толмаған  жәбірленуші  (15  жа-


Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі 

мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы

55

айыпталушы мен жәбірленуші сот мәжілісі өткен зал-



да бірге отырған

243


.

Зерттеу 


барысында 

кәмелетке 

толмаған 

жәбірленушілермен  және  куәгерлермен  сұхбаттар 

өткізілді; олардың тек болмашы бөлігі ғана әлеуметтік 

қызметкердің  немесе  психологтың  көмегін  алған, 

аталмыш  мамандар  оларға  сот  тыңдауында  не  бо-

латынын  түсіндіріп  берген

244

.  Бірнеше  кәмелетке 



толмаған  жәбірленушілер  мен  куәгерлер  куәлік 

еткенде  бірқатар  себептермен  қатты  толқығанын, 

өздерін жайсыз сезінгенін және/немесе қорыққанын 

жеткізген. Аталмыш  себептер  арасында:  олар  бұрын 

ешқашан сотта болып көрмеген және сот тәртібін де, 

не болатынын да еш түсінбеген; жасалған қылмыс пен 

істің сотта қаралуы арасында көп уақыт өтіп кеткен, 

сондықтан, олар сотқа келіп, бұрын не болғанын қайта 

естеріне  алғысы  келмеген;  олар  өздерінің  не  айтуы 

керек  екенін  түсінбеген;  олар  өздеріне  қойылған 

сұрақтарды  түсіне  алмаған;  олар  өздеріне  ешкім 

сенбейтінін сезінген

245

. Олар төменде көрсетілген ша-



ралар осы үдерісті мейлінше аз күйзеліс тудыратын 

және мейлінше аз қынжылтатын ете алар еді деп са-

найды:

• 

олар куәлік еткенде айыпталушыны көрмесе және/



немесе сот мәжілісі залында болмай-ақ куәлік етсе;

• 

егер сот тыңдауы ертерек өтсе, олар оқиғаның жай-



жапсарын естеріне нақтырақ түсіре алар еді;

• 

егер оларға біреу сотта не болатынын сот тыңдауына 



дейін түсіндіріп берсе;

• 

егер оларға орын алғаның оқиғаның жай-жапсарын 



қайта-қайта айтуға тура келмесе; 

• 

егер  олар  сотты  алдын-ала  көріп  алса  және  су-



дьямен  алдын-ала  кездесіп  алса,  алда  болатын  сот 

тыңдауынан не күту керек екенін айқынырақ елестете 

алар еді

246


.

Кейбір жауап берушілер осы міндеттерді атқара ала-

тын куәгерлерге қолдау көрсету бөлімшесін ашу тура-

лы ойға оң қабақ танытты

247

.

ста),  Алматы  қ.  КТМАС,  2014  ж.;  Жекелеген  сұхбат,  кәмелетке 



толмаған  жәбірленуші  (14  жаста),  Қызылорда  қ.  КТМАС  [күні 

көрсетілмеген].

243

 Қылмыстық  істі  сотта  қарау  [КТМАС  орналасқан  жері  туралы 



ақпарат алынып тасталған], 4 тамыз 2014 ж.

244


 Жекелеген  сұхбат,  кәмелетке  толмаған  жәбірленуші,  Ақтау  қ. 

КТМАС, 15 шілде 2014 ж.

245

 Жекелеген  сұхбат,  кәмелетке  толмаған  жәбірленуші  (10  жаста), 



Қарағанды  қ.  КТМАС,  2014  ж.;  Жекелеген  сұхбат,  кәмелетке 

толмаған  жәбірленуші  (15  жаста),  Алматы  қ.  КТМАС,  2014  ж.; 

Жекелеген  сұхбат,  кәмелетке  толмаған  жәбірленуші  (16  жаста), 

Қарағанды  қ.  КТМАС,  2014  ж.;  сондай-ақ,  қараңыз,  Жекеле-

ген  сұхбат,  ҮЕО  өкілі  [аты-жөні  мен  орналасқан  жері  алынып 

тасталған], 23 қыркүйек 2014 ж.

246

 Жекелеген  сұхбат,  кәмелетке  толмаған  жәбірленуші  (10  жаста), 



Қарағанды  қ.  КТМАС,  2014  ж.;  Жекелеген  сұхбат,  кәмелетке 

толмаған  жәбірленуші  (15  жаста),  Алматы  қ.  КТМАС,  2014  ж.; 

Жекелеген  сұхбат,  кәмелетке  толмаған  жәбірленуші  (16  жаста), 

Қарағанды  қ.  КТМАС,  2014  ж.;  Жекелеген  сұхбат,  кәмелетке 

толмаған жәбірленуші (17 жаста), Шымкент қ. КТМАС, 2014 ж.

247


 Қараңыз,  мысалы,  Жекелеген  сұхбат,  прокурор  2,  Қызылорда 

қ.  КТМАС  [күні  көрсетілмеген];  Жекелеген  сұхбат,  Қызылорда 

облыстық  тұтынушылардың  құқықтарын  қорғау  қоғамы,  23 

ӘКІМШІЛІК  ҚҰҚЫҚ  БҰЗУШЫЛЫҚТАР  ТУРАЛЫ 

ІСТЕР БОЙЫНША СОТ ТЫҢДАУЛАРЫ 

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексте ба-

ланы өзіне қатысы бар, КТМАС-та қаралатын әкімшілік 

құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысу құқығына 

байланысты  ешбір  арнайы  ережелер  жоқ.  Бірақ 

баланың мүдделеріне қатысы бар істі кез-келген сот-

та  немесе  әкімшілік  сотта  қарауда  сөз  сөйлеу  тура-

лы жалпы құқығы (6.5 «Баланың қатысуы» бөлімінде 

талқыланған) қолданылатын сияқты, алайда, аталмыш 

құқықтың КТМАС-тағы әкімшілік құқық бұзушылықтар 

туралы  істердегі  қолданыс  аясы толығымен түсінікті 

емес


248

КТМАС айналысатын әкімшілік құқық бұзушылықтар 



туралы істерде бала рөлі – куәгер немесе жәбірленуші, 

себебі,  заң  бойынша  кез-келген  құқық  бұзушылық 

үшін әкімшілік жауапкершілік ата-анаға немесе ере-

сек тұлғаға артылады. Іс жүзінде кәмелетке толмаған 

тұлға, әдетте, куәлік ету үшін сот тыңдауының белгілі бір 

бөлігіне ғана қатысады

249

. Бірақ кәмелетке толмаған 



тұлға  көбінесе  ортақ  жауапкер  ретінде  қаралып, 

сот  мәжілісі  залында  сот  тыңдалымы  өтетін  уақыт 

бойы  қалады,  себебі  судьяның  «ақылын»  тыңдайды, 

судьяның  алдында  өз  тәртібі  үшін  кешірім  сұрайды 

және сол құқық бұзушылықты қайта жасамауға уәде 

береді.  Жоғарыдағы  5.3  бөлімінде  көрсетілгендей, 

осы зерттеу мақсатында бақылауда болған әкімшіілк 

құқық  бұзушылықтар  туралы  істерде  кәмелетке 

толмаған  тұлға  сотта  куәлік  еткенде  әлеуметтік 

қызметкерден  немесе  психологтан  ешқандай  көмек 

алмайды.

қыркүйек 2014 ж.

248

 Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекс, 62 бап.



249

 Бақылауда  болған  әкімшілік  құқық  бұзушылықтар  бойын-

ша  сот  тыңдауларының  63,6%-ы  кәмелетке  толмаған  тұлға  сот 

тыңдауының  тек  белгілі  бір  бөлігіне  ғана  қатысты.  Әкімшілік 

құқық  бұзушылықтар  туралы  істердің  36,4%-ы  кәмелетке 

толмаған  тұлға  сот  тыңдауына  мүлдем  қатысқан  жоқ.  Осы 

істердің 75%-ы оларға қатысқан кәмелетке толмағандар 15 пен 

17 жас аралығында болған.




56

Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі 

мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы

 



Кәмелетке толмаған тұлғаны іс тыңдалатын сот залымен сот тыңдауына немесе сот ісіне дейін таныстырып, 

кім қатысатынын, сот барысын және рәсімдерін, сонымен бірге, оларды куәгер ретінде не істеу керек екенін ай-

тылатынын түсіндіруді қамтитын, кәмелетке толмағандардың куәлік етуіне қолғабыс ету үшін прокуратура не-

месе КТМАС кәмелетке толмаған жәбірленушілерге және куәгерлерге арналған қолдау көрсету бағдарламасын 

әзірлеу мәселесін қарастыруға кеңес беріледі. Сондай-ақ, бала өзін жайлырақ сезінуі үшін кәмелетке толмаған 

тұлғаның судьямен алдын-ала кездесуіне мүмкіндік беруді ойластырған жөн.

 

Әлеуметтік қызметкердің, психологтың немесе зардап шеккендерге қолдау көрсету жөніндегі қызметкерлердің 



кәсіби қызметтері қайталанбауы және қосарланбауы үшін заңда кәмелетке толмаған жәбірленушінің/куәгердің 

ата-анасының/қамқоршысының/педагог  маманының  немесе  өзге  заңды  өкілінің  соттағы  рөлін  айқындаған 

жөн.

• 

Кәмелетке толмаған жәбірленушілердің және куәгерлердің қатысуына ықпал ету үшін оларға арналған ар-



найы қорғау шараларын енгізу мүмкіндігін қарастырған жөн. 

АТАЛМЫШ ШАРАЛАРҒА КЕЛЕСІЛЕР КІРУІ МҮМКІН БОЛАР ЕДІ:

 

кәмелетке толмаған бала орын алған оқиғаны кешірек өтетін сот ісін қарау барысында жадында жаңғыртып, 



қайтадан басынан кешірудің орнына, өткенін артқа тастап, әрі қарай өмір сүруін жалғастыруға мүмкіндік 

беретіндей, қылмыс туралы хабар түскеннен кейін көп ұзамай-ақ, кәмелетке толмаған куәгердің беретін 

жауаптарын және кәмелетке толмаған тұлғаның екі жақты тергелуін бейнетаспаға жазу шарасын енгізу; 

 



сотта кәмелетке толмаған тұлға қылмыскерді көрмеуі үшін экрандар пайдалану және кәмелетке толмаған 

тұлға сот залына кірмей-ақ, басқа бөлмеде көмекшімен бірге отырып, куәлік етіп және сұрақтарға жауап 

беріп, ал берген жауаптары бейнебайланыс арқылы жеткізілуі үшін тікелей эфирде бейнебайланыс орна-

ту мүмкіндігі бар бөлмелерді пайдалану. Бұл сотталушының  кәмелетке толмаған тұлғаны көруіне, бірақ, 

кәмелетке толмаған тұлғаның  өзі  сот  залында  судья  мен  прокурордан/қорғаушыдан  басқа  ешкімді  көре 

алмайтындай мүмкіндік тудыратын еді

 

Егер прокуратура кәмелетке толмаған жәбірленушілерге және куәгерлерге қолдау көрсету бөлімшесін құру 



туралы  шешім  қабылдаса,  кәмелетке толмаған  жәбірленуші  немесе  куәгер  қатысатын  әрбір  сот тыңдауына 

кәмелетке толмаған жәбірленушіге немесе куәгерге қатысты мәселелерді шешетін және жергілікті прокура-

турамен  байланысын  қамтамасыз  ететін  нақты  міндеттер  жүктелген  сот  қызметкері  қатысу тиіс.  Кәмелетке 

толмаған  жәбірленуші  немесе  куәгер  өзге  кәмелетке  толмаған  тұлғаға  қарсы  куәлік  етуі  қажет  болған 

жағдайларда қолдау көрсету және прокуратурамен байланыс орнату міндеттері соттағы әлеуметтік қызметкер 

немесе психологтан гөрі өзге тұлғамен орындалуы тиіс. 

 

Әкімшілік  құқық  бұзушылықтар  бойынша  істерге  қатысатын  кәмелетке  толмағандарды  жәбірленушілер 



және  куәгерлер  ретінде,  соның  ішінде,  қажет  болғанда  жоғарыда  сипатталған  шараларды  қолдану  арқылы 

қарауға кеңес беріледі.

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ЖӘБІРЛЕНУШІЛЕР МЕН 

КУӘГЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ҰСЫНЫМДАР 




Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі 

мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы

57



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет