Қазақстан Республикасындағы саяси билік институттары



бет2/3
Дата07.11.2022
өлшемі179,29 Kb.
#48299
1   2   3
1. Телеологиялық анықтама - Билікті белгілі бір мақсатқа, белгілеген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді.
2. Бихевиористтік анықтама - Бұл тұжырымдама бойынша билік басқа адамдардың жүріс – тұрысын, өзін өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс - әрекеттің негізгі түрі.
3. Инструменталисттік анықтама - Мұнда билікті белгілі бір құралдарды, амалдарды пайдалану, қолдану мүмкіндігі деп біледі.
4. Структуралисттік анықтама - Билікті басқарушы мен бағынушының арасындағы қатынастың ерекше түрі деп ұғады.
5 .Конфликтілік анықтама - билікті дау- жанжал жағдайында игілікті бөлуді реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің құралы деп түсіндіреді.
Саяси билік әдістері - саяси билікті жүзеге асыру құралдары мен түрлері. Құқық, бедел, сендіру, дәстүр, алдап-арбау, зорлау, күштеу арқылы жүзеге асырылады.

  • Күш жұмсау құралдары. Олар мемлекетті қорғайды, ішкі тәртіпті сақтайды, саяси билікті құлатуға әрекет жасаушыларға мүмкіндік бермейді. Оған әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура. т.б. жатады.

  • Ақпарат құралдары. Радио, теледидар. баспасөз,т.с.с. ақпарат құралдары өз елдеріндегі жағдайларды ғана емес, дүние жүзінде не болып не қойып жатқанын көріп-біліп отырады. Шын мәнінде сөз, баспасөз бостандығы берілген, оппозициялық партиялары бар елдерде ақпарат құралдарының маңызы арта түседі.

Билік ауқымы мен көлемі жағынан шексіз, шекті, аумақтық болып бөлінеді. Ал биліктің түрлеріне келсек олар дара билік, қос билік, көп билік, толық билік, жалпы билік биліксіздік, қолайлы билік, биліктің бұрмалануы, билік дағдарысы, дәрменсіз билік деп те бөлінеді.
Саяси биліктің өзіндік қызметтері болады. Олар:
1. Қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру.
2. Оның саяси жүйесін қалыптастыру.
3. Әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің істерін басқару.
4. Үкімет органдары, саяси емес процестерге басшылық жасау.
5. Саяси және басқа қатынастарды бақылау.
6. Белгілібір қоғамға сәйкес басқарудың түрін, саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылысты құру.
7. Қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қолдау.
8. Дау-дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек қою және дер кезінде шешу.
9. Қоғамдық келісімге, мәмілеге келу. т.с.с.

Саяси жүйе мынандай институттардан тұрады:


1.Мемлекеттік пен оның ұйымдары: мемлекеттік өкіметті бейнелейтін және мемлекет басқаруды іске асыратын ұйымдар.
2.Мемлекеттік емес топтасқан ұйымдар құрылымы: саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар.
3.Әртүрлі әлеуметтік құрылымдар негізінде іске асырылатын саяси қарым-қатынастар. Кооперативтік ұйымдар, әлеуметтік топтар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет