«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



бет101/105
Дата04.04.2023
өлшемі1,08 Mb.
#79053
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   105
Байланысты:
treatise8925

Идентификациялық міндеттер шығу тегі бойынша нақты өсімдіктің тепе-теңдігін анықтауға бағытталған (яғни объект бөлшегінің бір бүтінге тиістілігін немесе шығу тегін анықтауға). Жағдайға байланысты келесі идентификациялық сұрақтар қойылуы мүмкін:

  • ұсынылған ауылшаруашылық өнімі осы егін алқабынан (учаскесінен) жиналуы мүмкін бе;

  • әр жерлерден алынған дақылдар (бидай, ұн) бір массаға тиісті емес па және т.б.



21.3. Мал дәрігерлік және зоотехникалық сараптама
Сот мал дәрігерлік және зоотехникалық сараптамалардың объектілері ретінде жануарларды өзі, сонымен қатар айғақтық дәлелді заттар да болып табылады (қайтыс болған немесе өлтірілген жануарлардың мәйіттері, шығу тегі жануарлық өнімдер, жемдер т.б.).
Бұл объектілердің сот сараптамалық пәнін сарапшылармен сот мал дәрігерлік және зоотехникалық зерттеулердің саласындағы арнайы ғылыми білімдерінің негізінде анықталатын азаматтық, қылмыстық істің, әкімшілік өндірістің нақты мәліметтері, жағдайлары құрайды.
Сот мал дәрігерлік және зоотехникалық сараптамасы шешетін міндеттері диагностикалық-ситуациялық және идентификациялық болып бөлінеді.
Диагностикалық-­ситуациялық міндеттері малдың өлімге ұшырау, қырылу; эпизоотияға қарсы, емдеу-профилактикалық, санитарлы-зоогигиеналық, карантинді ережелердің бұзылу; жануарларды баптап-күту және оларға жем беру ережелерінің бұзылу жағдайларын; жалған жем-шөп өнімдерін жасаудың, жануарлардың ауруға шалдығу себептерін; жануарларды, құстарды (сонымен қатар үй жануарларын) қырып союдың және әдейі жараққаттаудың; табиғи қорықтарда жануарларды, құстарды, аңдарды, балықтарды тыйым салынған құралдармен және тәсілдермен және тыйым салынған уақытта заңға қайшы сойылу немесе аулану жағдайларын; жануар етінің пайдалану үшін жарамдылығын анықтауға бағытталған және т.б. Бұл міндеттерді шешу үшін мысалға келесі сұрақтар қойылуы мүмкін:

  • жануардың өлу себептері қандай; жануар қашан қайтыс болған; жануардың өлуіне қандай сыртқы жағдайлар себепкер болды немесе себепші болды;

  • жануарда қандай-да бір аурулары болды ма, егер болса, онда ауруының басталуы қай уақытқа жатады, оның себебі қандай;

  • жануарларды ұстау, бағу, баптау және пайдалану жағдайлары сақталды ма;

  • малшаруашылық (құс, аң өсіру) үй-жайларына іргелес жатқан аумақтарда, сонымен қатар жайылымдарда, бауларда, бақшада, егін алқабында, орманда дезинфекциялық, мелиоративтік, агрономдық, құрылыс және басқа да іс-шаралар кезінде пайдаланылған құралдар жануарлардың ауруға шалдығу және өлу себептері болып табыла алады ма; осы іс-шараларды жануарлардың (құстардың, бал араларының, балықтардың, аңдардың) қауіпсіздігіне кепіл болатын басқа да құралдармен және тәсілдермен өткізуге мүмкін ба еді;

  • жануарлардың (құстардың, мамық жүнді және басқа аңдардың) жағдайы сол уақытта антигельминтті және басқа іс-шараларды өткізуге мүмкіндік берді ма; бұл іс-шаралардв кешірек мерзімдерде өткізуге болаты ба еді;

  • ауру малдың патологиялық материалдарының өлген немесе мәжбүрлі өлтірілген жануарлардың гистологиялық немесе серологиялық, биохимиялық, бактериологиялық, химико-токсикологиялық және т.б. зертханалық тексерудің салыстырмалы нәтижелері қандай; жем, сусын, су қалдықтарының кешенді зертханалық тексеру нәтижелері қандай және т.б.;

  • шаруашылықтағы жемдерді және қоректендіргіш құралдарды сақтау, сонымен қатар оларды құрама жем зауыттарында сақтау және жасау жағдайлары дұрыс па; жануарлардың (құстардың) ауруға шалдығуы шаруашылықтың өзінде бүлінген жем берудің нәтижесі болып табылмайды ма;

  • ауруға шалдыққан жануарларға қатысты емдеу іс-шаралары (алдын алу және басқа да ауруға жол бермеу шаралары) уақытылы және дұрыс жүргізілді ма; олардың мәні қандай, қандай дәрілер, қандай мөлшерлерде қолданылды.

Жануарлардың (құстардың, бал араларының, балықтардың, аңдардың) жұқпалы ауруларының пайда болу себептерін анықтауға бағытталған сұрақтар:

  • жануарлар арасындағы жұқпалы ауруларды жою бойынша эпизоотикалық, емдеу-профилактикалық, санитарлы-зоогигиеналық, карантинді және басқа шаралар қаншалықты уақытылы және толық жүргізілген;

  • эпизоотикалық, емдеу-профилактикалық, санитарлы-зоогигиеналық, карантинді және басқа шараларды жүзеге асыру ережелерінің бұзылуы орын алды ма, қарастырылып отырған жұқпалы аурудың пайда болуына немесе ары қарай таралуына ол себепші болды ма.

Жануарларды ұстаудың, жем-шөп берудің, пайданудың және күтіп-баптаудың қанағаттанарлықсыз жағдайымен байланысты өлу себептерін анықтауға бағытталған сұрақтар:

  • жануардың ауруға шалдығу себептері қандай; алдын алу және емдеу бойынша емдеу-профилактикалық және санитарлы-зоогигиеналық іс-шаралар уақытылы жүргізілді ма;

  • жануарға қажетті мал дәрігерлік көмек көрсетілді ма, оны өлімнен құтқарып қалуға болатын ба еді;

  • жануардың арықтауы орын алды ма;

  • жануарлардың, құстардың ауруға шалдығуы немесе қырылуы сапасыз жем берудің нәтижесінен орын алған жоқ па.

Жануарларды дұрыс пайдаланбаумен байланысты аурудың пайда болу және өлу себептерін анықтау кезіндегі сұрақтар:

  • жұмысшы және өнімді жануарларды пайдаланудың қалыпты тәртібі бұзылған жоқ па; тәртіп бұзу қандай және ол ерте жарамсыздануға немесе өліміне әкеп соғатын асқынған немесе созылмалы ауруды тудырған жоқ па;

  • жұмыста қолданылатын жүктеме жануардың денсаулық жағдайына сәйкес болды ма; жануардың ауруға шалдығуы және өлуі ауыр жүктеменің нәтижесінде орын алған жоқ па;

  • қарастырылып отырған жануар нақты аурумен ауырады ма, ауру қалай пайда болды; осы аурудың дамуы жануарды дұрыс пайдаланбаудың себебі болып табылған жоқ па;

  • ауруға шалдыққан жануардың демалу режимінде қандай кемшіліктерге жол берілген; олар оның денсаулығына қалай әсер еті;

  • жануарға қарау жұмыстары тапсырылған тұлға оның денсаулық жағдайының нашарлағанын байқауы мүмкін ба еді, егер мүмкін болса, онда қандай белгілері бойынша; жануарлардың қырылуына немесе ауруға шалдығуына жол бермеу үшін қандай шаралар қолданылуы тиіс болатын.

Жануарлардың (құстардың, балықтардың, аңдардың) улану себептерін анықтауға байланысты сұрақтар:

  • жануарлардың өлу себептері не болып табылды – ауруы немесе улануы, егер улану болса, онда қандай заттан улану орын алды;

  • жануардың улануынан өлуіне дейін қанша уақыт өткен;

  • өлікті сою кезінде анықталған мәйіттің органдарындағы байқалған клиникалық өзгерістердің белгілері удың әсерінен болуы мүмкін ба, егер мүмкін болса, онда ол қандай удың әрекетіне тән;

  • емдеу-профилактикалық, дезинфекциялық, агрономдық, құрылыс жұмыстары және басқа да іс-шараларды жүргізу кезінде қолданылған улы заттар жануарлардың улану себебі болып табылады ма, егер сондай болса, осы іс-шараларды жануарлардың қауіпсіздігіне кепіл болатын басқа да құралдармен және тәсілдермен өткізуге мүмкін ба еді;

  • жануарлардың улану жағдайлары туындауы мүмкін болған, әр түрлі дәрілік, заласыздандыру құралдарын, минералды тыңайтқыштарды және ауылшаруашылық дәрілерді тасымалдау, сақтау, беру, дайындау және пайдалану кезінде қандай-да бір тәртіп бұзушылықтарға жол берілді ма (мысалға, улы химикаттарды, ал соңынан жемдерді тасымалдау үшін бір ыдыстың пайдаланылуы;

  • жануардың организміне улы заттар қалай түскен;

  • сапасыз жемнің улы қасиеттері оның дұрыс дайындалмауымен немесе сақтаудың қанағаттанарлықсыз жағдайларымен түсіндірілетін (ботулизмнің жұғу, саңырауқұлақты токсиндердің пайда болуы, ашу процесінің басталуы, жемдердің ауылшаруашылық дәрілерімен араласуы) жануарлардың улануы сапасыз жем берудің нәтижесі болып табылмайды ма;

  • нашар залалсыздандырылған өндіріс қалдықтарын (мақтаның, қышаның күнжарасы (жмых), улы өсімдіктері мен олардың ұрығы бар жемдерді (сабан, дән қалдықтарын), улы заттары бар минералды қоректендіргіштерді берудің нәтижесінде улану орын алған жоқ па;

  • жануарлардың улану жағдайларын алдын алу бойынша профилактикалық және басқа да шаралар, ауруға шалдыққан жануарларға қатысты емдеу шаралары уақытылы өткізілді ма.

Механикалық зақымдардан жануарлардың қырылуы немесе ауруға шалдығу себептерін анықтау кезіндегі сұрақтар:

  • жануардың мәйітінде өмір сүру барысында алған зақымдары бар ма, егер бар болса, онда олардың сипаты қандай және орналасуы; жануардың денесіндегі жарақаттар қарудың қандай түрімен жасалған (доғал, кескіш, тескіш затпен және т.б.);

  • жануардың өлімі оның алған жарақатының нәтижесі болып табылады ма; жарақат алғаннан кейін жануардың өлуі қанша уақыттан кейін орын алған;

  • жануардың денесінде табылған жарақаттардың ауырлығы қандай, олар оның өмірі үшін қауіпті ма, олардың кейінгі салдары қандай (жарымжан болуы, жүріп-тұру және өнімділік қабілетінен айырылуы);

  • жануардың денесінде табылған жарақаттарды ол өзіне өзі салуы мүмкін ба; жануардың денесіндегі жарақаттары басқа жануармен салынған жоқ па;

  • жануарға көрсетілген мал дәрігерлік көмек оның өлуіне жол бермеуі мүмкін ба еді;

  • жарақат алған жануарлардың пайдалану құндылығы төмендеген ба және еңбек ету қабілетін жоғалту немесе өнім беруінің күрт төмендеу себебінен олар жарамсыз деп танылуға жатады ма;

  • жануардың организміне бөгде зат тірі кезінде әлде өлгеннен кейін түсті ма, егер тірі кезінде болса, онда өлгенге дейін қандай уақытта.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет