«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»


Сот сараптамасының тәжірбиелік қызметі ретіндегі ғылыми негіздері



бет6/105
Дата04.04.2023
өлшемі1,08 Mb.
#79053
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105
Байланысты:
treatise8925

Сот сараптамасының тәжірбиелік қызметі ретіндегі ғылыми негіздері:

  1. Тәжірбиелік қызмет ретіндегі сот сараптамасы туралы ілім.

  2. Сот сраптамасының пәні туралы ілім.

  3. Сот сараптамасының міндеттері және оларды шешу деңгейлері туралы ілім.

  4. Сот сараптамасының объектілері туралы ілім.

  5. Сот сараптамасының әдістері туралы ілім.

  6. Сот сарапшысы және сараптамалық танымның құрылымы туралы ілім.

  7. Сот сараптамасы жіктелуінің жалпы қағидаттары.

  1. Сот сараптамасының ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздері:

  1. Сараптамалық қызметтің ұйымдастырушылық нысаны туралы ілім.

  2. Сараптамалық зерттеу әдістерін құру қағидаттары туралы ілім.

4. Сот сараптамасын құқықтық реттеудің жалпы қағидалары:
1. Сот сараптамасы – сот өндірісіндегі арнайы білімнің институты ретінде.
2. Сот сараптамасын құқықтық реттеудің негіздері.
3. Сот сарапшысының қорытындысы – процессуалды дәлелдеу жүйесіндегі орны.
5. Сот сараптамаларының жеке теориялары.
Ұсынылып отырған сот сараптама жүйесінде ең алдымен салыстырмалы түрдегі сот сараптамасының екі құрылымы біртұтас білім ретінде берілген: ғылыми және праксеологиялық (жалпы нормалардың негізінде қалыптасатын, тәжірбиенің жалпылануы мен жинақталуына бағытталған).
Сот сараптамасы жалпы теориясы жүйесінің ұсынылған нұсқасынының ерекшелігі сот сараптамасының құрылымы ғылыми ережелеге негізделе отырып, ары қарай сараптама қызметінің ғылыми талдау, сонымен қатар оны жүзеге асырудың құқықтық қағидаларының ұйымдастырушылық-әдістемелік негіздерінің тұрғысында дамуында жатыр.
Мысалы, егер бірінші бөлімі – сот сараптамасының теориясы мен әдіснамасына кіріспеден басталып – ғылыми мазмұнға ие, ғылыми білім ретінде жалпы теорияның мәселелерін анықтап беретін қағидалармен ұсынылса, керісінше жалпы теорияның басқа бөлімдерінде сараптамалық қызметтің ғылыми негіздерін тікелей сипаттайтын теориялық жағдайлары ашып көрсетіледі.
Қарастырылып отырған теорияның жүйелік құрамдас бөлігі ретінде сараптамалық қызметтің құқықтық бастамасына назар аударылуын, криминалистиканың, процессуалдық, қоғамдық, табиғи және техникалық ғылымдардың ғылыми жағдайларының құрылымдық компоненттері ретіндегі өзінің мазмұны бойынша сот сараптамасының жалпы теориясы ең алдымен заң ғылымының дамып жатқан саласы болып табылатынымен түсіндіреді. Бұл жерде Р.С.Белкин өз кезінде криминалистикалық ғылымды сыни жағынан сипаттап өткен оның заң тұрғысындағы мәнінің негіздемесіайтарлықтай құптарлық. Бұл негіздемелер құқықтық ғылымның саласы ретіндегі сот сараптамасының жалпы теориясына қатысты келесі белгілерге ие:

  • оның пәні мен таным объетілері құқықтық құбылыстар саласында жатыр;

  • оның қызметтік функциялары, ол шешетін мақсаттар мемлекеттік органдардың құқықтық салаларына, құқықтық процестерге (тергеу, сот талқылауы) жатады;

  • сот сараптамасының жалпы теориясымен тәжірбиеге әзірленген барлық ұсыныстары қатаң түрде құқықтық сипатқа ие, заңға негізделген, қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша ғылыми білімдерді процеске тарту негізінде объективті ақиқатты орнату қажеттілігімен өмірге келген;

  • аталған теорияның құқықтық мәні құқық танудың саласы ретінде оған тән нормативті-заңды функцияларда байқалады, оның ықпалымен сот сараптамасын реттеу саласындағы көптеген ғылыми ұсыныстар заңды деңгейде енгізіледі;

  • сот сараптамасының жалпы теориясы көптеген ғылымдармен өзара байланысты, бірақ олардың байланысы құқыққа, процессуалды ғылымдарға және сараптау, тергеу мен сот практикасына негізделген оның бастапқы негізіне қатысы бойынша көмекші сипатта болады;

  • сот сараптамасының жалпы тарихи теориясы да осы құқықтық ғылымдар – криминалистика мен қылмыстық процестің шеңберінде пайда болды.

Сот сараптамасы заң пәндерінің саласына жатқызылып және сараптамалық қызметтің қажеттіліктеріне сүйене отырып, бұл теория өзінің құрылымында сот сараптамасын құқықтық реттеудің қағидаларын көрсетеді, бұл сонымен қатар ол құқықтық ғылыми теорияның барлық белгілеріне ие деген тұжырымға келуге мүмкіндік береді.
Сот сараптамасының ғылыми әдіснамалық мәнін түсіну үшін келесі жағдайларды атап өткен жөн:
Кез-келген білім саласының әдісі мен әдіснамасы оқытылып отырған теорияның объектісіне бағытталуы қажет, бірақ пәннің теориясы да, таным қызметінің теориясы да әдіснама болып табылмайды.
Әдіснанма болу үшін, теория белгілі бір өзгерістерге ұшырауы қажет және оның мәні сол саладағы ғылыми зерттеу үшін нұсқама болуы керек.
Өз кезегінде әдіс – ойлай алатын субъектіге қатысты тәсілдері, әдістері және процедуралар, зерттеу нормалары, нұсқамалары мен талаптары туралы білімдердің ерекше түрі. Аталған әдіс-тәсілдерді басшылыққа ала отырып, олар белгілі бір әрекеттерді жүзеге асырады, осылайша пайдаланылған ережелердің, олардың негізінде жатқан сәйкесінше білімдердің де ақиқаттылығын тексереді.
Әдістен айырмашылығы әдіснаманың мақсатына алынған нәтиженің теориялық негізділігі енеді, сонымен қатар ол зерттеудің талдау және техникалық жағына қарай, сондай-ақ зерттеушінің әрекетін реттемелеуге шоғырланады.
Басқа жағынан, әдістемені әдіснамадан айыра білу қажет, өйткені олар ерекшеліетеріне қатысты танымның жеке нысандары болып табылады. Осы жағдайда әдістеме – зерттеудің жеке ғылыми тәсілдердің жиынтығы бола тұра, көмектесуші әдістерге негізделеді және өзінің құрамына фактілі материалдарды өңдеу техникасын, дағдысын енгізеді. Сондықтан, әдістеме белгілі бір құбылыстардың, заттардың құрамын олардың белгілерін талдап-зерттеуге бағытталған.
ҚР «Сот-сараптамалық қызметі туралы» Заңында сот сараптамалық зерттеудің әдістемесі – деп белгілі бір сараптаманың түріне, тегіне қатысты мән-жайларды анықтау үшін қолданылатын әдістердің жүйесін айтады.
Әдіснама мен әдістеме бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ әдістеме бағынушылық маңызға ие.
Осыған байланысты, теория таным процесінде танылатын заңдылықтарды түсіндіруге, сипаттауға және анықтауға бағытталған, ал әдіснама, олардың қатынастарын, тараптары мен құрамдарын танымдық деңгейде ашады және ғылыми әдіс, тәсіл ретіндегі сәйкес құралдарды зерттеу қызметінде әзірлеп, қолданады. Сол себептен, таным қызметінің тек теориялық және тәжірбиелік деңгейін ажыратпай, сол сияқты оларды жүзеге асыратын әдістеріне де көңіл бөлу керек.
Заңды анықтамасына сәйкес – сот-сараптамалық зерттеу әдісі – сот сараптама объектілерін зерттеген кезде қолданылатын және сот сарптамасының пәніне қатысты логикалық және (немесе) көмектесуші әдіс-тәсілдердің жүйесі.
Сот сараптамасының әдістері – сот сараптама теориясы мен тәжірбиесінде кездесетін міндеттерді дұрыс шешу, олар жалпығылыми және арнайы болып жіктеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет