Жалпығылыми дегеніміз – кез-келеген ғылым мен тәжірбиелік қызметте қолданылатын әдістер. Соңғылардың ішінде сезім-рационалдық, логикалық, математикалық, кибернетикалық әдістер кеңінен қолданылуда.
Сезім-рационалдық әдістер:
бақылау – белгілі-бір объектіні, құбылысты, процессті зерттеу мақсатында қабылдау;
сипаттау – объектілердің белгілерін графикалық және вербалды түрде бекіту;
салыстыру – олардың байланыстары мен қатынастарын анықтау мақсатында қасиеттері мен белгілерін салыстыру;
эксперимент – оның басқа оқиғалармен байланысын зерттеу үшін құбылыстарды, оқиғаларды қайта жаңғырту;
моделдеу – белгілі-бір объектіні оның ұқсас затына ауыстыру арқылы зерттеу және оның белгілерін жаңғырту.
Логикалық әдістер:
талдау – ойша қойылған бүтінді бөлшектерге бөлу;
синтездеу – объектіні оның бүтінімені бірлігінде және оның бөлшектерінің өзара байланысында зерттеу;
гипотеза – құбылыстар, фактілер, оқиғалар туралы болжау;
аналогия – материалдық өмірдің объектілерін және олардың бейнелерін салыстыру.
Арнайы әдістер дегеніміз – екі немесе бірнеше ғылымның саласында қолданатын әдістерді шектеулі қолдану, мысалы физика, химия, антропология, социология, психология, биология т.с.с.
Арнайы әдістер сараптамалық тәжірбиеде екі үлкен топқа бөлінеді: көрінбейтін және зерттелетін объектіні алғашқы күйге келтіретін әдістер, олардың өздері суреттік, математикалық, химиялық, физикалық, биологиялық, кибернетикалық т.с.с. бөлінеді.
Сот сараптамасында әдістерге және ғылыми-техникалық құралдарға жол берушілік талаптары заңдылық, ғылыми дәлелділігі, сенімділік, қауіпсіздік, тиімділік, үнемділік, этикалық, нормалардың сәйкес болуын білдіреді.
Осылайша, жоғарыда көрсетілген жағдайлардың түйіні, сот сараптамасы теориясының таным қызметінің әдіснамасы ретінде жүзеге асуына мүмкіндік береді.
Қарастырылып отырған мәселелердің шеңберінде, сот сараптамасы жалпы теориясының маңызды функциясы ретінде гносеологиялық қызметті атап өткен жөн. Өйткені, тек аталған теория объективті шындықтың ақиқатты көрінісі болып табылады.
Бұл теорияға және де басқа күрделі қызметтер тән түсіндірушілік және болжамдық.