Қолданатын құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар, дидактикалық материалдар, электрондық оқулықтар, компьютер (слайдтар), кестелер мен үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: тарих, дінтану, құқық негіздері, өнер, экономика, экология, сызу, биология.
Оқытудың іс-әрекет түрлері:
Бағдарлама география, тарих, экономика, саясаттану мамандығы туралы түсінік қалыптастырады.
Материалды проблемалық оқыту тәсілі арқылы географиялық-танымдық білімді дамыту, яғни:
елдің географиялық жағдайына баға беру;
талдау-салыстыру;
сипаттау;
пікір-талас;
картамен жұмыс
толықтыру әдістерін меңгереді.
Ақпарат көздерінен негізгі ұғымдарды, мәліметтерді қысқарта жазып, қорытып, талдау арқылы нақты тұжырым жасайды, тезистер құрастырады.
Даталар, цифрлар, фактілер, статистикалық мәліметтерді енгізе отырып, қысқаша жазады (конспектілеу), кесте, диаграммалар құрайды.
Қосымша әдебиеттер мен мерзімді баспасөздегі және де әр түрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтер мен хабарларды салыстырып, өз пікірін білдіреді, дәлелдейді.
Сабақты түрліше деңгейде ұйымдастыра отырып, оқушылардың алған білімдеріне тексеру жүргізіледі.
Оқушылардың білімі мен іскерліктеріне қойылатын талаптар: Оқушылар міндетті түрде білуі қажет:
бейіндік курс бойынша , базалық курста берілмеген білім көздерімен жұмыс істей білу;
елдердің мемлекеттік құрылысы мен басқару формаларын;
табиғаты мен геосаяси жағдайын;
жеке елдер мен аймақтар халқының құрамы, мәдениеті мен тұрмыс-салтын;