Сабақтың ортасы 25 минут
|
Бұл сабақта мұғалім оқушылармен бренд (визуалды, вербалды және жүріс-тұрысты) элементтерін, брендпирамиданың құрылымы мен қажеттілігін, сондай-ақ брендті нарыққа шығару кезеңдерін талқылайды.
Бұл сабақта оқушылар брендтің құрамдас бөліктерімен жан-жақты танысады және брендинг бірге жұмыс істейтін бірнеше деңгейден: визуалды, вербалды және жүріс-тұрысты тұратынын түсінеді.
Брендтің позициялауын әзірлей отырып, олар брендтің барлық элементтерін және олардың өзара әрекеттесуін ескеруі қажет. Осыдан кейін оқушылар бренд-пирамидаға қарай алады.
Бренд-пирамида бренд элементтерінен басқа бренд өз клиенттеріне ұсынатын рационалды, эмоционалды және құндылықтар артықшылықтарынан тұрады. Сонымен қатар, брендтің өзіндік ерекшелігі мен мәні болады және бренд тұтынушыларға хабарлама жеткізетін барлық ақпараттың қорытындысы болып табылады. Барлық алынған білім негізінде оқушылар брендті нарыққа шығарудың толық бейнесін көре алады және әрбір қадамның маңыздылығын түсінеді.
Оқулық бойынша жаттығулармен жұмыс жасау.
1-тапсырма
Неліктен бренд элементтерінің барлық үш түрі (визуалды, вербалды және жүрістұрысты) оны позицияландыру үшін маңызды екенін ойлап көріңіз. Брендтің үш типінің әрқайсы үшін дәлел келтіріп, жауап беріңіз.
Оқушылар брендтің элементтерін түсінгенін көрсетіп, оның әрқайсы позицияландыруда қалай жұмыс жасайтынын айтып түсіндіруі керек. Визуалды құрамдас бөліктері брендті танымал етеді, брендтің түр-түсі мен бейнесін тұтынушылардың санасында бекітеді. Бұдан басқа, логотип, түс схемасы және қаріптер бренд туралы ақпаратты беріп-ақ тұр және брендті ұнатататын белгілі бір аудиторияға бағытталған. Вербалды құрамдас бөліктері тұтынушыларды брендпен таныстырады және оның қолданылуының практикалық аспектілеріне назар аударады: қажеттілігі, артықшылығы, құндылығы және т.с.с. Жүріс-тұрысты құрамдас бөліктері тұтынушыға брендпен өзара қарымқатынас жасауға, оның «жеке тұлға» екенін сезінуге және оның жүріс-тұрысы негізінде онымен қарым-қатынас қалыптастыруға көмектеседі.
|
Әдістемелік құрал:
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 10-сыныпқа арналған / С. А. Щеглов, Е. С. Дүйсенханов, А.М.Фазылжанова, А. А. Сейтенова — Алматы: Көкжиек-Горизонт, 2019. —112 бет.
Сабақ презентациясы.
Оқулық, интерактивті
тақта
|