Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің және оқушының әрекеті
|
Ресурстар
|
1-кезең. Ұйымдастырушылық-мотивациялық:
|
Сабақтың басы
10 мин.
|
Мұғалім оқушыларды оқу іс-әрекетіне және жаңа білім алуға бейімдейді, сонымен қатар оқу процесіне ынталандыру үшін жағдай жасайды.
Мұғалім психологиялық көңіл-күйді көтеру үшін «Құйрықтағы көз» жаттығуын өткізеді
Мақсаты: біріктіру, сергіту, басқа адамдарды басқаруға және басқаратын адамның нұсқауларын орындауға үйрету.
Жаттығудың сипаттамасы: қатысушылар
|
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 10-сыныпқа арналған оқулық. 2- бөлім/ Е. С. Дүйсенханов, С. А. Щеглов, Д. Ханин, А.М. Фазылжанова, А. А. Сейтенова. — Алматы:
«Көкжиек-Горизонт»,
2019., 188 бет
|
|
бағанға тұрады, әрқайсысы қолдарын алдыңғы оқушының иығына қояды. Мұғалім қатысушыларды көздері басында емес, құйрығында орналасқан жұмбақ қырықаяқ екенін түсіндіреді. Соңғысынан басқасы, бәрі көздерін жұмады, ал құйрығында тұрған адам бүкіл «қырықаяқтың» қимылдарын басқарады, дауысымен алдыңғы және қажет болған жағдайда басқа қатысушыларға бұйрық береді.
Міндет - белгілі бір траектория бойымен қозғалу (бөлменің периметрі бойынша серуендеу, бірнеше орындықтар арасында «жылан» секілді өту және т.б.). Егер мұғалім соңғысынан басқа біреудің көзін ашатынын байқаса, «қырықаяқ» қайтадан басынан бастап қозғалысты бастайды. Ойын 3-5 минутқа созылады, әр минут сайын қатысушылардың бағанға орналасу тәртібі өзгереді. Талқылау:
«Қырықаяқтың» қозғалысын басқару тапсырмасының күрделілігі неде? Оны қандай қасиеттер сәтті шешуге мүмкіндік береді?
Қатысушылар саптағы бағанның әртүрлі жерлерінде болған кезде (мысалы, басында болған, содан кейін құйрыққа жақын орналасқан) ойынның әсері қалай өзгерді?
Сабақтың мақсаты мен тақырыбын анықтау
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |