Мұғалім сабақтың теориялық бөлігін түсіндіреді және құрал ретінде дизайн ойлауымен танысады.
Бұл тоқсанның мақсаттары:
дизайн-ойлау құралымен танысу;
дизайн-ойлаумен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру;
дизайн-ойлау шеңберінде меншікті топтық жобаны әзірлеу.
Тоқсан теориялық бөлікпен танысқан соң көбінесе топтық форматта тәжірибелік жұмыс жүргізілетіндей құрастырылады. Осы тоқсандағы әрбір тақырып дизайнойлаудың белгілі кезеңіне сәйкес келеді және дизайнойлаудың әрбір кезеңінің өзінің аяқтау нысаны болады. Барлық кезеңдер қатаң түрде белгілі бір тәртіппен жүреді және оларды ауыстыруға болмайды. Сондықтан оқушылар үшін барлық сабаққа қатысу маңызды, әйтпесе олар жұмысты жалғастыра алмайды.
«Дизайн», «ойлау» сөздерінің тіркесі «жаңадан бір нәрсе ойлап табу, ойластыру» дегенді білдіреді.
Дизайн –ойлау — өнімді (қызметті) пайдаланған кездегі тұтынушының ойы («бұл қандай болуы тиіс?») мен шынайы болмыстың («шынтуайтында қандай?») арасын салмақтау арқылы сыртқы әлемді зерттеуге бағытталған ойлаудың ерекше түрі.
1 -тапсырма Адам мүддесі, оған ыңғайлы болу жағы көзделмесе, пернетақтадан бөлек, компьютерге ақпарат енгізетін қондырғы қандай болуы мүмкін еді? Дизайн-ойлауға тәсілдеме гипотезаларды қою және оларды тексеруде құрастырылған. Аталған бөлімде дизайн-ойлаудың туындау тарихы туралы көбірек айтамыз және де кейір тарихи кейстерді оқушылармен өңделуі үшін тәжірибелік тапсырмаларға айналдырамыз.
Стэнфорд университеті дизайн-ойлауға негіз болған 7 ұстанымды белгіледі:
Өнім немесе қызметті пайдаланушы адамдардың мүддесі көзделуі тиіс. Оның орнына өзіңізді қойып көріп, қаншалықты ыңғайлы екенін сезіне біліңіз. Сол арқылы өнімнің (қызметтің) қаншалықты дұрыс екенін түсінуге болады.