Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің



бет317/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

Сабақтың
кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының
әрекеті

Ресурстар

1-кезең. Ұйымдастырушылық-мотивациялық:







Сабақтың басы 10 минут

Мұғалім оқушылармен амандасады және үшінші тоқсан өзін-өзі жылжытуға арналғанын және бүгінгі сабақта ақша ағындары, активтер мен міндеттемелер, несиелер мен депозиттер, өзін-өзі таныстыру туралы сөйлесетінін хабарлайды.

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді

Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 11-сыныпқа арналған оқулық.
2- бөлім/ Е. С.
Дүйсенханов, С. А. Щеглов, Д. Ханин, Н. Е.
Жұлдызбаев. — Алматы: КөкжиекГоризонт, 2020., 4-
9 бет

Этап 2. Теория-практикалық:







Сабақтың ортасы 25 минут

Мұғалім ақша ағындарына арналған блокпен таныстырады.
Біз бұл жерде ақша ағындары теориясының шебері Роберт Кийосакиді айтпай кете алмаймыз. Оның кітаптарын, әсіресе «Бай әке, кедей әке» кітабын оқып шығуды дүкендерде толып тұрған осы кітаптардың аудио нұсқасын тыңдауды ұсынуға болады.
Содан кейін мұғалім келесі сұрақты қояды:
егер олар бір сәтте байып кетсе, бірінші

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді: егер олар бір сәтте бай болып кетсе, алдымен не сатып алар еді және неге?

Әдістемелік құрал: Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 11-сыныпқа арналған /Е. С.
Дүйсенханов, Н.Е.
Жұлдызбаев, С. А.
Щеглов — Алматы: КөкжиекГоризонт, 2020. —







кезекте нені және неге оны сатып алар еді. Жауаптарын тыңдап болған соң және егер сатып алған заттардың ішінде инвестициялау (бизнес сатып алу, бизнесті дамыту, бағалы қағаздарға салым жасау және т.б.) жоқ болса, онда олар таяу арада қайтадан кедей болатынын мұғалім ескертеді.
Біздің сатып алатын барлық заттарымызды 2 түрге бөлуге болатынын көрсету өте маңызды: ол активтер және пассивтер. Активтер дегеніміз — ақшаның түсімін қамтамасыз ететіндер, ал пассивтер — ақшаны жұмсайтын заттар. Мысалы, мынадай заттарды тізбектеп шығуға болады: қымбат машина — салық, айыппұл төлеуді, жөндеуді, сақтауды, қызмет көрсетуді, дөңгелектерін ауыстыруды және т.б. талап етеді, үлкен үй — жылуға, суға, салықтарға төлем жасауды және т.б. талап етеді, бірақ, егер машинаны тасымалдауға немесе жалға беруге пайдаланса, үйді — жалдауға немесе үйдің бір бөлігін жалдауға берсе немесе тұтас үйді офиске жалға берсе осы заттардың бәрінен актив жасауға болады. Бізге мұның бәрінен бас тартуға тиіспіз дегенді білдірмейді, бірақ сіз пассив сатып алсаңыз, өзіңізді артық шығындардан да қорғауыңызға болады деген сөз. Оқушылар активтер мен пассивтер туралы блокты оқып шықсын. Олардың қазірде қандай активтері мен пассивтері бар екенін мұғалім сұрайды.
Егер олар жауап беруге қиналса, мұғалім мысал келтіреді немесе олардың отбасының активтері мен пассивтерінен мысал келтірулерін сұрайды. Немесе өз нұсқасын ойлап тапсын. Ал активтерді қалай арттыруға және олардың пассивтерін қалай қысқартуға болады? Талқылаудан кейін өмірбаянды оқуды ұсыныңыз және балалардың қандай тұжырым жасағанын талқылаңыздар. Роберттың мінез-құлқында қандай жаңалық болды? Балалар қалай ойлайды, Роберт табысқа қалай қол жеткізді?
Оқушылардың жауаптарын тақтаға жазып алу керек. Балалар Роберттің өмір-тарихын оқып шығып, бай әке мен кедей әкенің арасындағы айырмашылық физикалық тұрғыдан емес, бар болғаны олардың өмірге деген көзқарасына байланысты деген тұжырым жасаулары тиіс. Бірінші әкеге жеткілікті болған нәрсе, екіншісі үшін мотивация болды. Бай болып тумаса да, баю жолын табуға болады. Балалар біздің бәріміздің де қателіктер жіберетініміз


297 бет.
Оқулық, интерактивті тақта немесе әр командаға есептеулерді жазу үшін ватман
(флипчарт)







туралы және көп адамдар тағы да жаңа қателіктер жібермеу үшін бір нәрсе істеуден қорқатыны туралы да тұжырым жасаулары тиіс. Бірақ әрбір қатеден қорытынды жасау, сабақ алу маңызды.
Содан кейін 2-тапсырманы орындауға болады. Ол бюджеттеу проблемасының мөлшерін түсінуге бағытталған: балалар өздерінің соңғы айдағы барлық
шығындарын (кем дегенде 10) жазады және оларды активтерге не пассивтерге жатқызады. Балалардың кейбіреулерін өмірінде тек пассивтер бар екені таң қалдыруы мүмкін. Біз айтып отырған мәселе де осы деп баса көрсету қажет. Өздерінің өмір сүру стильдерін, нені тиімді пайдалануға болатынын қайта қарауға мүмкіндік беруге болады. Сыныпта талқылап болған соң, мұғалім балалардың жауаптарын тыңдайды.
Бұл жерде оқушы активтер мен пассивтерді ажыратуды үйренуі, кем дегенде ақша ағындарын есептеуі маңызды. Ең тамаша сәт пассивтердің активтерге айналуын ұғынулары болмақ. Шын мәнінде біз үйреншікті заттарды монетизациялау туралы айтамыз. Оларға қиялдауға мүмкіндік беру керек — ол жаңа идеялардың көрінісі болуы мүмкін. Үйдегі пассивтерден актив жасаудың бірінші тәсілі — сіздің гардеробыңыз. Сіздің көңіліңізде көптеген сұрақтар немесе сенімсіздік туындауы мүмкін, бірақ мұның қалай жұмыс істейтініне қараңыз. Сіз бірнеше киімнен пассивті табысты қалай жасауға болады деп сұрарсыз. Егер сізде қандай да бір себептермен өзіңіз кимей жүрген, шаң басып жатқан көйлек бар болса, оны жалға беруге болады. Қашанда бізге интернеттегі Google көмекке келеді. Енді есептеп көріңіздер, жақсы көйлекті сатқаныңыз үшін бірнеше мың теңге табуға болады, ал бұл түк жоқтан қарағанда әлдеқайда жақсы нәтиже. Ал егер ондай көйлектер бірнешеу болса, онда тіпті жақсы. Мұнда, ең бастысы — мәні. Ол көйлек шкафта әлі де бірнеше жыл шаң басып жатар еді, қазір табыс әкеле бастады. Әрине, миллиондап емес, онымен пәтерге ақша жинай алмайсыз, бірақ осылайша бірінші пассивті табысты жасауға болады және бұл алдағы үлкен істің алды.
Әр үйде болатын және қазір пассив болып тұрған, бірақ оп-оңай актив бола алатын екінші зат — велосипед. Иә, дәл сол — велосипед! Ол гаражда шаң басып жатқан шығар, желі де шығып кеткен болуы













мүмкін, бірақ бұл әлеуетті актив. Жазда көбісі велосипед айдағысы келеді және қазір велопрокат өте сәнді болды. Cізге ОLХ-тан велосипед тепкісі келетін адам- дарды іздеп, өзіңіз оны жалға берудің қажеті жоқ. Сіз велосипедті велопрокатпен айналысатын жетекші компаниялардың біріне ұсына аласыз. Мұнда сізге келіссөздер жүргізу шеберлігіңіз көмектеседі. Қалай келіссеңіз, солай болады.
Күніне бірнеше жүз теңге табу сіздің қарттығыңызды қамтамасыз етпейді, әрине, бірақ бұл — басы және осының өзі нәпақа. Инвестиция — құнды қағаздардан, бизнес құрудан немесе жылжымайтын мүлік сатып алудан басталады деп ойламаңыз. Өмір бойы қолайлы сәтті күтіп отырғанша, қолыңызда бар нәрсемен істі қазір бастау керек. Ал бизнес пен пәтерлерге сіз одан кейін жетесіз.
Мұқият болыңыздар! Активтерді құру принциптері бірдей, тек құралдар мен көлемдер ғана өзгереді, бірақ шағын нәрседен бастап үйренсеңіз, үлкен істі де игеріп кету оңай болады. Біз ақша табуға болатын екі қарапайым нәрсеге мысал келтірдік, бірақ мен олардың әлдеқайда көп екеніне сенімдімін, тек іздеу керек.









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет