Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің



бет418/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   414   415   416   417   418   419   420   421   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

Бизнес-ойындар
«Команда қалыптастыру» ойыны
Мақсаты: команданы қалыптастыруды және команда мүшелерінің күшті және әлсіз жақтарын анықтауды үйрену.
Қатысушылар саны: 7-9 адамнан құралған командалар.
Ресурстар:ойыншылар санына қарай толтыруға арналған кестелер үлгісі Ойын ережесі: сынып 7-9 адамнан тұратын топтарға бөлінеді.
Бос орынға үміткерлердің барлығы шеңбер жасап отырады. Командаларда жұмыс берушіні (жобаның негізін қалаушыны) таңдайды, оған карточкада оның атқаратын міндеті сипатталады: әрбір үміткерден өзін таныстыруды, өзі туралы әңгімелеуді және бос жұмыс орны несімен ұнайтынын (кез келген жұмыс орнын жүргізушінің өзі таңдайды), осы лауазымда және осы компанияда неге жұмыс істегісі келетінін түсіндіруді сұраңыз.
Уақыты 2-3 - минут. Жүргізуші қатысушыларды таныстырмас бұрын жоба негізін қалаушыдан (жұмыс берушіден) мұқият қадағалап парақтағы әрбір үміткердің тұсына белгі салуды сұрайды, себебі бұл қатысушыларды бөлу кезінде пайдалы болады. Одан әрі компанияның иесі былай дейді: «Енді сіздің әрқайсыңыз бланкідегі кестенің сол бағанында басшы/менеджер/бухгалтер/дизайнер және т.с.с. жұмысына қажетті 5-7 жеке тұлғалық қасиеттерін жазуы тиіс». Барлығы 2-3 минут жазады. «Енді оң жақ бағанада сіздердің барлықтарыңыз ортақ пікірге келіп, барлық топ келісетін жеке тұлғалық қасиеттерді жазуыңыз керек. Дауыс беруге тыйым салынады, яғни барлығыңыз ортақ келісімге келуіңіз керек». Әрі қарай компания иесі «осылай болсын..» деп кім айтатынын, кімді тыңдайтынын (көшбасшылық) қадағалау керек. Талқылау 7-8 минутқа созылады. Содан кейін компанияның негізін қалаушы: «Біреуіңіз шығып, барлығыңыз бірге жасаған қасиеттердің тізімін оқып шығыңыз», - дейді де, кім жауапкершілікті алып ортаға шыққанын бақылайды. «Ал енді әркім сіз бірге жасаған қасиеттердің контекстінде өзіңіз туралы айтып беріңізші, мысалы: «мен жауапты адаммын, өйткені..., бұл мынадан көрінеді..., оған мысал ретінде... келтірсем болады.». Компанияның негізін қалаушы кім сенімді айтып отырғандығын байқауға тиіс. Әдетте, егер қандай да бір қасиет әлсіз ашылған болса, кандидатқа ештеңе айтудың қажеті жоқ, ол мысалдар да келтіре алмайды.
Үміткерлердің сөздерін тыңдап, компанияның негізін қалаушы (егер уақыт мүмкіндік берсе) келесі мәселені шешуді ұсына алады: «1,5 күн ішінде 1,5 тауық 1,5 жұмыртқа туды. 3 күн ішінде 3 тауық қанша жұмыртқа туады» (Жауабы: 6-ға тең). Шешімге 3-4 минут беріледі. Содан кейін әрқайсысы кезек бойынша өз жауабын айту керек. Жауаптар әртүрлі болады: 3, 6, 9, шешім жоқ. «Есеп таза математикалық болғандықтан, оның бір ғана дұрыс шешімі болады. Сіз 5 минут ішінде ортақ пікірге келу керек», - деп айтуыңыз керек. Егер ортақ шешімге келмесе (бәрі өз пікірінде қалса), онда жауабы 6-ға тең деп айтыңыз. «Енді 6 деген жауабы барлар, басқа жауаптары бар адамдарға қалайша 6 шығатынын түсіндіреді». Қатысушылардың түсініктемелері мен реакцияларын қадағалап және үміткерлердің бос жұмыс орнына кім келетіні туралы дәлелді қорытынды жасау керек. Әр адамға бос жұмыс орнына неге бас тартылғанын немесе келісімнің берілгенін түсіндіру керек.
Ойынның қатысушыларынан ойын кезінде өз эмоцияларын айтып, қандай қорытынды жасағандарын сұраңыз. Жұмыс беруші қандай қорытынды жасады? Ол үміткерлерді іріктеу кезінде не нәрсеге назар аударатын болады? Қатысушыларға ойын несімен пайдалы болды? Дерек көз: https://hrhelpline.ru/30-igr-dlya-sozdaniya-komandy-igra-vozmozh/


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   414   415   416   417   418   419   420   421   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет