Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің


«Компанияның ұйымдық құрылымын модельдеу» ойыны



бет419/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   415   416   417   418   419   420   421   422   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

«Компанияның ұйымдық құрылымын модельдеу» ойыны
Мақсаты: ағымдағы ұйымдық құрылым мен бөлімшелер арасындағы өзара іс-әрекет процестерін бірлесіп ұғыну. Ұйымның қалай жұмыс істейтінін жалпы түсіну және жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу.
Ойын ережесі: қатысушылардың әр тобының міндеті – кез келген қолда бар заттарды:
телефондар, кілттер, визиткалар – ой-қиялыңыз жеткеннің барлығын пайдалана отырып, олардың бөлімшелерінің ұйымдастыру құрылымын және өзара іс-қимыл сызбасын құру болып табылады. Ұзақтығы: 10-15 мин. Әр команданың 5-10 минут аралығында жасаған шығармашылық нәтижелерін ұсынуын сұраңыз.
Барлық презентациялар аяқталғаннан кейін қатысушыларға келесі сұрақтарды талқылауды ұсыныңыз: барлық қатысушыларда ұйым туралы ортақ түсінігі бар ма? Келіспеушіліктер қайда жатыр? Қандай проблемалы аймақтар бар? Жұмыс тиімділігін жетілдірудің қандай нұсқаларын қарастыруға болады?
Дерек көз: https://hrhelpline.ru/poleznye-materialy-na-temu-kadrovogo-upravleniya-iliderstva/page/14/
«Жеке коммуникацияның тиімділігі» ойыны
Мақсаты: басқаларды тыңдау және өз көзқарасының әділдігіне сендіру, тиімді қарым-қатынастың жеке тәсілдерін қалыптастыру.
Қатысушылар саны: 5 адамнан құралған топтар.
Ойын ережесі: сынып 5 адамнан құралған топтарға бөлінеді.
Әр топта ешқандай жазбалар мен белгілер жасамай, бір-біріне есіне қалғаны бойынша берілетін мәтін оқылатыны хабарланады. Осыдан кейін шеңберде бес адамның біреуі қалады, ал төртеуі есік сыртына шығады. Оған келесі мәтін оқылады:
«Бір күні Жиренше ханның үйінде отырғанда бір адам ханға сыйға бір піскен қаздың етін алып келген екен. Сонда хан Жиреншеге:
— Сен сөзге де шеберсің және әр нәрсенің бәріне де шебер шығарсың, мына қаздың етін мен, ханым, екі ханзада, екі қаныкей, өзіңмен жеті адамға бірдей қылып бөлші, - депті.
Сонда Жиренше ойланбай, пышағын қынынан суырып алып, әуелі қаздың басын кесіп алып:
— Міне, сіз әрі хансыз, әрі халықтың басысыз, бұл басты сіз тұрғанда кім жейді? — деп, басты ханға беріпті. Екі аяғын кесіп алып, екі ханзадаға: «Сіздер атаңыздың ізін басып, хан боларсыздар»,- деп, екі ханзадаға береді. Екі қанатын кесіп алып: «Сіздер жатжұртқа барсаңыздар, осы екі қанатпен ұшып барарсыздар», - деп, екі қанатын екі қаныкейге береді. Қаздың құйрық жағын кесіп, бәйбішеге: «Сіз әрі ханымсыз, әрі бәйбішесіз, бұл – қаздың жаясы. Бұл жаяны сіз тұрғанда, кім жейді?» - деп, ханымға береді.
Мен бас жейтін хан емеспін, жая жейтін ханым емеспін, аяқ жейтін ханзада емеспін, қанат алатын қаныкей емеспін, маған қаздың ортасы да жарайды, - деп, қаздың бар етін алып, үйіне жүріп кетіпті».
Содан кейін екінші қатысушы шақырылады, біріншісі оған есте қалғандардың барлығын хабарлайды. Үшінші қатысушы шақырылады және т.с.с. Ойын шарты бойынша мәтін барлық бес қатысушы қайталанғанша жалғасады.
Содан кейін әр түрлі топтардан басқаларды тыңдап болған соңғы қатысушыларға, өз мәтінін басқалармен бөлісуді сұраңыз және топтың барлық қатысушыларына мәтіннің түпнұсқасын ұсыныңыз немесе оқыңыз, оқушылар соңғы мәтінді түпнұсқамен салыстырсын. Қатысушыларға өз әсерлерімен, ойынның қай тұсы пайдалы екендігі туралы қорытындыларымен, ақпаратты беру және табысты коммуникация туралы қандай тұжырымдар жасауға болатындығы туралы пікірлерімен бөлісуді ұсыныңыз. Топтарда қатысушылар осындай жағдайлардағы табысты қарым-қатынас ережелерін құрастырсын және топтар арасында өз ойларымен бөліссін. Бұл дағдының қай жерде қолданылуы пайдалы болатынын сұраңыз және жұмыста тапсырманың мәнін түсініп, өз ойын тұжырымдап жеткізу маңызды екеніне мән беріңіз.
Ақпаратты қабылдауда қателер пайда болады, себебі қатысушыларға ұсақ-түйектерге тым көп көңіл бөлуіне, ақпаратты жүйелеуге қабілеттілігіне, берілген ақпаратқа өз түсіндірмелерін енгізуі кедергі келтіреді. Нәтижесінде, біз ойлаған нәрсе, біз айтып отырған нәрселерге сәйкес келмейді. Ал тыңдап отырған әңгімелесуші еститін нәрсе оның түсінетінімен және біз ойлаған және айтқанымен сәйкес келмейді. Оқушылар жетіспейтін ақпаратты өздері толықтырады, түсінбеген жерлерін алып тастайды.
Дерек көз:https://moluch.ru/archive/102/22416/ https://bilim-all.kz/article/3979


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   415   416   417   418   419   420   421   422   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет