Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің



бет417/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   413   414   415   416   417   418   419   420   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

«Айдаһардың құйрығы» жаттығуы


Бұл көңілді қозғалмалы жаттығуды түскі астан кейін немесе теориялық блоктан кейін, сынып бір жерде ұзақ отырудан шаршаған кезде жасауға болады.
Барлық қатысушылар бір-бірінің артынан тұрып, қолдарын алдында тұрған адамның иығына қояды. Мұғалім қазір бүкіл топ үлкен аш айдаһарға айналады деп елестетуді сұрайды, сондықтан ол өз құйрығын аулайды. Ең басында тұрған қатысушы-айдаһардың басы; тізбекті жабатын соңғы қатысушы — айдаһардың құйрығы.
Мұғалімнің командасы бойынша айдаһардың «басы» қуып жүріп өз «құйрығын» ұстап алуы тиіс, ал тізбектің соңындағы «құйрығының» міндеті — ұстатпай қашу. Ойыншылар қозғалу кезінде айдаһар шашырап кетпеуі үшін бір-бірін иығынан мықтап ұстауы керек. Егер «бас» құйрықты ұстап алса, онда ұсталған қатысушы «бас» болады, ал оның алдында тұрған адам айдаһардың жаңа «құйрығы» болады. Тағы бір нұсқа ұсынуға болады: қатысушы-құйрық, оны «бас» ұстап алған кезде ойыннан шығады. Бұл жағдайда айдаһар ойын барысында кішірейіп, сәйкесінше құйрық рөлін атқаратын қатысушыларға айдаһардың «басынан» қашу қиынға соғады.

«Біз ұқсаспыз!» жаттығуы


Қатысушылар жұптарға бөлініп, 5 ортақ сипаттамаларының тізімін жасайды (мінезқұлық белгілері, өмірдегі фактілер, жұмыс тәжірибесі). Осыдан кейін әркім өзіне жаңа жұп іздейді. 5 қатысушымен ортақ белгілерді тез тапқан адам сыйлық алады.

«Қағаз доптар» жаттығуы


Аудиторияны екіге бөліңіз (еденді бормен сызыңыз немесе сызғышты қойыңыз). Қатысушылар кездейсоқ тәртіпте екі тең командаға бөлінеді. Әр команда пайдаланылған A4 қағазын немесе газеттерді алады.
Командалар кемінде 4 метр қашықтықта екі параллель сызыққа сапқа тұрады. Мұғалімнің бұйрығымен командалар өз доптарын қарсыластың жағына лақтыра бастайды және олардың аймағына ұшып келген қағаз шарларды кері лақтыра бастайды. Дәл екі минуттан кейін ойын тоқтайды. Ең аз қағаз шарлар болған команда жеңіске жетеді.
Бұл сергіту жаттығуы қатысушыларды белсенді ету және олардың көңіл-күйін тез көтеру үшін керемет әдіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   413   414   415   416   417   418   419   420   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет