«Креативті ойлауды қалыптастыру» ойыны Мақсаты: өткен тәжірибелерден бас тартуға мүмкіндік беретін рефрейминг әдістемесін тәжірибеде игеру және зерттеу пәнін жаңаша, әр түрлі белгілер бойынша көруге, ойыншыларға ішкі кедергілерді, басқа адамдардың алдында қорқыныш пен сенімсіздікті жеңуге көмектесу, ойын барысында әр түрлі адамдардың бір мәселеге қатысты өздеріне тән тәсілдерінің айырмашылықтарын көрсету, проблеманы шешудің қазіргі әдістері мен тәсілдерін қарастыру.
Ойыншылардың саны: сынып екіге бөлінеді.
Ресурстар: ватман парақтары, бояулар, қарындаштар, фломастерлер, түрлі-түсті мата кесінділері, париктер және басқа да қарапайым театр атрибуттары.
Ойын ережесі: оқушыларға «рефрейминг» деген не екенін түсіндіріңіз. «Рефрейминг» - бұл басқа мән беру үшін жағдайға көзқарасты өзгерту. Рефреймингтің мәні - түрлі перспективалардан немесе түрлі контекстерден заттарды көру. Рефрейминг - шығармашылық ойлаудың ажырамас бөлігі. Басқа адамдардың шынайылығын түсіну үшін әлемге олардың көзімен қарауға үйрену керек — онсыз тиімді қарым-қатынас жасау мүмкін емес. Белгілі бір сенсорлық сезімталдықпен үйлескен сұхбаттасушыға ашық көзқарас оның мінез-құлқының негізінде жатқан біздің дұрыс, немесе дұрыс емес деген пікірлерімізбен сәйкес келе бермейтін түсініктерді анықтауға мүмкіндік береді. Кез келген мінез-құлық, жағдай немесе оқиға рефреймингке ұшырауы мүмкін. Оқиғаның мәнмәтінін өзгерту арқылы оған жаңа мағына беруге болады.
Топтарды жұптарға немесе 3 адамнан бөліңіз. Әрбір шағын топта серіктестер 10 минут ішінде бір-бірімен өзі туралы ақпаратпен алмасып сөйлескен кезде адамның өзіне жағымсыз, кедергі келтіретін әдет не мінез-құлқын айтуы тиіс. Содан кейін 10 минут ішінде жұптың әрбір қатысушысы сол қасиеттерді жақсы жағынан көрсететін өз көзқарасын дайындау қажет болады. Мысалы:
баяу қимылдау терең ойлану және материалды асықпай жан-жақты зерделеуге негізделген; батылдықтың жетіспеуі - өзін-өзі қорғаудың белгісі, авантюризмнің болмауы;
жан-жақтылық ол өмірге деген қызығушылықтың көрінісі, білім мен біліктіліктің әмбебаптығына ұмтылу;
идеал, туындыны ойлап табу немесе нәрселерді жасап шығарушы болуды білдіреді.
Топтар тағы 15 адамнан бірігуі керек және жиналған қасиеттер мен олардың жағымды жақтарын талқылауы керек. Содан кейін олар қайта ойластырылып өзгерген қасиеттерді екінші топқа ән, театр қойылымы, монолог, сурет, комикс және т.б. түрінде максималды жақындатып көрсетуі тиіс. Рефреймингтік төңкеріс күшті болған сайын және серіктеске қатысты тапсырма эмпатиялық болған сайын, ойынның нәтижесі де соғұрлым табысты болады.
Оқушылармен мәселенің қаншалықты жаңа қырынан көрінгенін талқылаңыз. Олар бұрын-соңды осындай өзін-өзі бағалау мүмкіндіктері бары туралы ойланды ма? Олар көрген нәрселеріне қалай қарайды? Тапсырма оларға несімен ұнады? Оның қиын тұсы қай жерде болды? Олар серіктеспен жұмыс істеу барысында және жолдасынан алынған материалдан өзіне не алды?
Дерек көз: http://storage.elib.mgup.ru/8/Zeldovich_11.pdf.207-209 б