Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің


-кезең. Рефлексивті-қорытындылаушы



бет114/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

3-кезең. Рефлексивті-қорытындылаушы:

Сабақтың соңы
10 минут

Мұғалім сабақтың қорытындыларын шығарады. Ойын оқушыларға бәсекелік қарым-қатынастарды орнатуды, командада көшбасшының рөлі қандай екенін және өз командасын табысқа әкелу үшін ол қандай қасиеттерге ие болу керектігін білу маңыздылығын көрсетуі тиіс. Олар сондай-ақ проблемаларды шешу процесінің қандай оңай емес екеніне және онда командалық жұмыстың және бәсекелестердің әрекеттер логикасын түсінудің қандай маңызды рөлді атқаратынына көз жеткізе алады. Бұдан басқа, келіссөздерді жүргізу дағдыларының, командадағы басқа ойыншыларға, бәсекелестерге және серіктестерге қатысты коммуникациялар мен эмпатиялардың маңыздылығы маңызды тұжырым бола алады.
Оқушыларға оқулықтан сұрақтар қойыңыз.

  1. Сіз пазлдарды алған соң сіздің бірінші жоспарыңыз қандай болды?

  2. Сіз командадағы рөлдерді қалай бөлдіңіз? Пазлды жинау бойынша жауаптылар және бәсекелестерден жетіспейтін бөліктерді іздеу бойынша жеке ойыншылар болды ма?

  3. Сіздің бәсекелік стратегияңыз келесі раундтарда қалай өзгерді? Бәсекелестер туралы білімдер сіздің жаңа стратегияларыңызға қалай ықпал етті?

  4. Сіз ойын барысында қандай проблемаларға тап болдыңыз және оларды қалай шештіңіз?

  5. Ойын барысында бір команда ретінде жұмыс істеу маңызды болды ма?

  6. Сіздің командаңызда көшбасшы пайда болды ма?

  7. Сіз команда ішінде тілдесуді реттей алдыңыз ба?

Сіздің командаңыздың барлық мүшесі процеске қатысты ма?

  1. Қандай команданы табысты деп атауға болады? 9. Өзіңіздің командалық жұмысыңызды қалай сипаттай аласыз? Сізде не нәрсе жақсы ал не нәрсе жаман болып шықты?

10. Ойыннан қандай тұжырымды жасай аласыз? Сіз алған тәжірибе одан әрі қалай пайдалана аласыз?
Тақырыптың соңында әр оқушы мақсатына ішінара немесе толық қол жеткізгенін өз жапырағына жазады

Оқулық, ватман немесе флипчарт (ватман парағында ағаш бейнеленген).
Жапырақтары жасыл жапсырма қағаздар. Atameken Akademy білім
беру онлайн-
платформасының материалдары, бейнесабақтар (atameken.co).











Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет