Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің



бет111/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

2-кезең. Теория-практикалық:

Сабақтың ортасы 25 минут

Мұғалім бәсеке туралы дискуссияны кіріспе
сұрақтармен бастайды: «Сізге сыныпта өзара қаншалықты жиі бәсекелесуге тура келеді?», «Сіз конкурстарға, жарыстарға қатысуды ұнатасыз ба?», «Егер ұнатпасаңыз, неліктен?», «Егер ұнатсаңыз, онда конкурстардың және жалпы бәсекелестіктің пайдасы неде?»
Бұдан әрі мұғалім компаниялар, өндірушілер және сатушылар арасында бәсеке түсінігін түсіндіреді. Сынып ашық дискуссияда оқулықтан алынған пиццерияның қазіргі және әлеуетті бәскелестері туралы мысалды талқылайды.
Сонаң соң мұғалім жетілдірілген бәсеке түсінігін енгізеді және оқушыларды жетілдірілген бәсеке не болып табылатынын болжауды өтінеді. Сонаң соң оқушылар жетілдірілген бәсекенің мысалы ретінде көкөністер сатылымы туралы кейспен танысады. Мұғалім жетілдірілген бәсенің оң және теріс аспектілері жайлы айтады, оқушыларды әлемде жетілдірілген бәсеке мүлде болмайды деген ойға жетелейді.
Бұдан әрі мұғалім «монополия» экономикалық терминінің дефинициясын береді. Оқушылар ашық дискуссияда шынайы өмірде монополияның салдары қандай болатынын, оның өндірушілерге ғана емес, бірақ тұтынушылар үшін де қауіптілігі неде екенін талқылайды. Монополия салдарынан аулақ болу үшін не істеу керектігін айтады.
Мұғалім мемлекеттің монополияға қарсы саясаты туралы, ҚР монополияға қарсы заңы туралы айтады. Бұдан әрі мұғалім мемлекет бәсекені бақылайтын салалардың мысалдарын келтіреді: Қазақстанда бұл электроэнергетика, газбен жадықтау, теміржол тасымалдары және әуе қатынасы.
Бұдан кейін мұғалім бәсекенің негізгі екі
бағытына анықтама береді: баға және бағадан
тыс. Оқушылар мұғалімнің тапсырмасы бойынша тауардың түрлі санаттары арасында баға бәсекесінің мысалдарын келтіреді (мысалы, автомобильдер, кеңсе тауарлары, сүт өнімдері арасында). Оқушылардан

Әдістемелік құрал:
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 10-сыныпқа арналған / С. А. Щеглов, Е. С. Дүйсенханов, А.М.Фазылжанова, А. А. Сейтенова — Алматы: Көкжиек-Горизонт, 2019. —112 бет.
Сабақ презентациясы.
Оқулық, интерактивті
тақта




сұраңыз, неліктен бағадан тыс бәсеке заманауи әлемде көкейтесті болып табылады. Мұғалім дәріс түрінде бағадан тыс бәсекенің түрлері туралы материалды баяндайды.
1-тапсырманы орындау үшін мұғалім тақтаға қалауы бойынша бес адамды шақырады. Әрбір оқушыға бір тауар мен қызметтер өндірушісі беріледі: сервис такси, балалар ойыншықтары дүкені, шаштараз, самса сатуға арналған дүңгіршек, сүт зауыты. Әрбір оқушы оның бизнесі үшін кім тікелей, ал кімнің жанама бәсекелес болатынын жайлы болжам айтады, оқушылар орындарында отырып толықтырады.

  1. тапсырма оқушылардың сабақтың теориялық материалын қаншалықты жақсы меңгергенін көрсете алады. Егер қандай да бір оқушының мысалдарды келтіру кезінде қиындықтары туындаса, сіз өткен материалдыжақсы меңгерген басқа оқушыларды өздерінің сыныптасына осы түсінікті түсіндіруді өтіне аласыз.

  2. тапсырманы орындау кезінде мұғалім сыныпты әрқайсысы белгілі бір уақыт ішінде олардың бизнесі бәсекелестер арасында ерекшеленуі үшін неғұрлым көп нұсқаларды ойлап таба алатын бес топқа бөле алады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет