Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің



бет120/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

2-кезең. Теория-практикалық:

Сабақтың ортасы 25 минут

Оқулықтағы материалға сүйене отырып, мұғалім үш теорияға сәйкес келетін баға белгіленімінің үш типін көрсетеді : еңбек құны, шекті пайдалылық, өндіріс шығындары.
Мұғалім баға өзгерісіне әсер ететін негізгі факторлар туралы айтады. Оның ішінде yield management түсінігі ашылады —оның көмегімен ұйым жылдам бұзылатын ресурстардың қалдықтарын барынша азайту
есебінен бизнес рентабелділігін арттырудың ең үздік тәсілін анықтау үшін клиенттің жүрістұрысын талдап, болжайды. Термин American Airlines бас атқарушы төрағасы Роберт Крэндаллмен ұсынылды
(http://whitebiz.info/management/chto-takoe-yieldmanagementқараңыз).
Содан кейін мұғалім әр өнімнің бағасына оны құруға және сату процесіне қатысатын басқа өнімдер мен қызметтердің құны кіретінін түсіндіреді. Бұл теория оқулықта алма бағасының қалыптасуының мысалымен келтірілген.
Содан кейін мұғалім фирмалардың баға саясатына әсер ететін тұрақты және жылжымалы бағалар (немесе бағаның өзгеруі), бәсекелестік (сатылымды бастау және біраз уақыттан кейін бәсекелестік қандай болды), компанияның мақсаттары, маркетинг стратегиясы, өнімнің мақсатты аудиториясы сияқты сәттерді анықтайды. Талқылау барысында баға саясатының компоненттерін тақтаға тізіп жазыңыз.
Әрі қарай мұғалім сыныпты «баға стратегиясы» ұғымымен таныстырады. Мұғалім оқушыларға әр стратегияның мәні неде екенін, атауына сүйене отырып болжауды ұсынады. Стратегияның әр түрі үшін оқушылар өз мысалдарын келтіреді. Сабақтың бұл бөлігі мұғалімдер мен оқушылардың ашық пікірталастарында өтеді.
Оқулық бойынша жаттығулармен жұмыс істеу.
1-тапсырма.
Ал енді тауардың бағасын төрт теорияның әрқайсысын: еңбек құнын, шекті пайдалылықты, өндіріс шығындарын, сұраныс пен ұсынысты басшылыққа ала отырып, өзіңіз тағайындап көріңіз.
Айталық, сіз қолмен ерлер көйлегін тігесіз. Бір көйлекке сізге үш метр мата қажет деп ойлаңыз. Матаның бір метрінің құны - 1000 теңге. Бір көйлек үшін тігінші жалақысы - 3000 теңге. Tsuname Shop онлайн-дүкенінде ерлердің қолмен тігілген көйлегі 10 000 теңге тұрады.
Тапсырма оқушыларға сабақта алынған баға белгіленімі теориясы туралы білімдерді тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді. Оқушылардың жауаптарын бағалау нақты бағадан тыс, нәтижені негізделуіне сүйене отырып, жүргізіледі.

Әдістемелік негіздері.
Е. С.
А.М.Фазылжанова,
Сейтенова Көкжиек—112 бет.
Сабақ презентациясы.
Оқулық,
тақта

құрал:
Кәсіпкерлік және бизнес
10-сыныпқа
арналған / С. А. Щеглов, Дүйсенханов, А. А. — Алматы:
Горизонт, 2019.
интерактивті







2-тапсырма.
Кез келген өнімді таңдап және оның құны туралы шешім қабылдаңыз. Шешіміңізді негіздеңіз. Содан кейін сіз таңдаған бағаны сіздің қалаңыздағы (ауылдағы және т.б.) ұқсас өнімнің нақты бағасымен салыстырыңыз. Тапсырманы жұппен орындау ұсынылады (мұғалімнің қалауы бойынша), мұнда бір оқушы өнімді атайды, ал екінші оқушы оның бағалары құнын атайды, сонаң соң оқушылар салынған мәндерді нарықта бар мәндермен салыстырады. Мұғалім қандай оқушыларда бағалары нарықтық бағалармен сәйкес келді дер сұрақ қояды олардың баға белгіленіміне тәсілдемесін түсіндіруді сұрайды. Мұғалім тапсырманы 4-5 оқушыдан сұрайды 3-тапсырма.
Сіз өзіңізді кәсіпкер ретінде елестетіңіз. Сіз өз фирмаңыздың баға стратегиясын таңдап, оны келесі өнімдер мен қызмет түрлері үшін негіздеуіңіз керек: а. әйелдер киімі;
б. театр қойылымы;
в. сұлулық салоны;
г. ерлер галстуктары;
д. журналға жазылу.
Оқушыларды топтарға бөлу үшін, сыныпта оқушылардың саны бойынша карточкаларды дайындаңыз. Карточкаларда өнімдер мен қызметтердің атаулары болады: «әйелдер киімі», «театр қойылымы», «сұлулық салоны», «ерлер галстуктары», «журналға жазылу». Бірдей мазмұнды карточкаларды суырып алған оқушылар, бір топты қалыптастырады. 10-15 минут талқылаған соң әрбір топ өзінің баға
стратегиясын және оның негіздемесін ұсынады

Оқушылардың саны бойынша карточкалар. Карточкаларда өнімдер мен қызметтердің атаулары болады:
«әйелдер киімі», «театр қойылымы», «сұлулық салоны», «ерлер галстуктары», «журналға жазылу».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет