Мұғалім сабақты қорытындылайды:
Ойыннан кейін сіз оқушыларға шығын немесе өзіндік құн бағасын белгілеу кезінде - бұл ең маңызды фактор емес екеніне ой тастауыңыз қажет. Нарықтық экономикада тауардың қандай нақты проблеманы шешетінін нмесе тауардың қандай қажеттіліктерді қанағаттандыратыны анағұрлым маңыздырақ. Оқушылар ойын барысында баға белгіленімі процесінде түрлі нысаналы аудиториялардың қажеттіліктері есепке алынатынын, әр нысаналы топ үшін тауардың өзіндік оңтайлы құны шығатынын түсіне алды.
Ойын барысында ең арзан нұсқа әрдайым таңдалмайды, жиі тауар сипаттамаларының дұрыс презентациясына сүйенеді және тиісті дағдылар тікелей сатылымдарда үлкен рөл атқарады.
Бағаны белгілеу нарықтық бәсекеге (басқа топтың әрекетіне), сұраныс заңдарына (сізде және мектеп оқушысында бұл қаламдарға сұранысы қаншалықты жоғары) және ұсынысқа және бәсекенің бағадан тыс факторларын (жарнама, тікелей сатылымдар) байланысты. Оқушыларға келесі сұрақтар қойыңыз: —Нарықтық бағаны кім анықтайды: сатушы немесе сатып алушы?
—Ойын барысында модельденген жағдай шынайы жағдайдан немен ерекшеленеді?
—Үш раундтың қайсысы баға белгіленімі позициясынан ең күрделі болды? Неліктен?
—Бірінші раундтан кейін баға белгіленімі стратегиясы қалай өзгерді?
—Сабақтың қорытындысын шығарыңыз: сіз тапсырмадан қандай тұжырымдар шығардыңыз? —Сіз алған тұжырымдарды одан әрі пайдалана аласыз ба? Қалай?
Ұнатқанын таңдап, сөйлемді жалғастырып,
сұрақтарға жауап жаз. Бүгінгі күніміз (сабақ, оқиға, ойын) аяқталды, Менің айтқым келгені…
Маған бәрінен де … жасау қолдан келді және әсіресе …сәтті болды. Осы күннен (сабақтан, ойыннан) не алдым? Өзіңді не үшін мақтай аласың? Өзіңнің сыныптастарыңның қай әрекетін мақтай аласың? Мұғалімнің қай әрекетін мақтай аласың?