Сабақтың басы
10 мин.
|
Мұғалім оқушыларды оқу іс-әрекетіне және жаңа білім алуға бейімдейді, сонымен қатар оқу процесіне ынталандыру үшін жағдай жасайды.
Мұғалім психологиялық көңіл-күйді көтеру үшін
«Кемеде ұзақ жүзу» жаттығуын өткізеді
Бұл қарапайым жаттығуды орындай отырып, қатысушылар өз жады мен назарын дамыту, шығармашылық ойлауды жаттықтыра алады. Сондай-ақ, бұл сергіту жаттығуы топтық үйлесімділікті арттырады.
Жүргізуші барлығынан қазір үлкен жүк көтергіштігімен ерекшеленбейтін кемеде ұзақ жүзуге өте тез жиналу керек деп елестетуді сұрайды. Жолға ең қажет нәрсені алу керек, бірақ ерекше жағдайлар да болуы мүмкін. Заттарды ғана емес, ұғымдарды да алуға болады (мысалы, батылдық, сәттілік және т.б.). Мұның бәрі кемеде шатастырылмауы үшін әр қатысушы бір уақытта бір әріптен тұратын үш затты жүктей алады. Жүктелген нәрсені қайталауға болмайды.
Біріншіден, жүргізуші үш сөз айтады, содан кейін ол допты келесі қатысушыға лақтырады және ол өзінің нұсқасын ұсынады. Әр қатысушы сөздерді ойлап табуға әріпті өзі таңдайды. Дегенмен бір әріптен тұратын сөздер жиынтығынан құралған заттар ойлап тауып жаттығуды қиындатуға да болады.
Жауаппен шатасқан немесе қайталаған қатысушы ойыннан шығады. Нәтижесінде ең мұқият және креативті ойыншылар ғана қалады.
Сабақтың мақсаты мен тақырыбын анықтау
|
Кәсіпкерлік және
бизнес негіздері. 10-
сыныпқа арналған оқулық. 2- бөлім/ Е. С. Дүйсенханов, С. А. Щеглов, Д. Ханин, А.М. Фазылжанова, А. А. Сейтенова. —
Алматы: «Көкжиек-
Горизонт», 2019., 188
бет
|