Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің



бет216/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

2-кезең. Теория-практикалық:

Сабақтың ортасы 25 минут

Мұғалім сабақтың теориялық бөлігін түсіндіреді.
«Жүйелік диаграммасы» әдісі үдерістердің қайталануын немесе қайшы келуін анықтауға мүмкіндік береді. Әдісте 4 ұғым пайдаланылады:

  • Компоненттер — физикалық элементтер (орын, адам, объект) ретінде және абстрактылы (тапсырмалар, мақс атт ар, мәселелер, принцинптер) ретінде көрініс таба алатын және «Кім?» немесе «Не?» сұрағына жауап беретін зат есім болатын жүйе бөлігі.

  • Қарым-қатынас — етістік. Ол — компоненттердің бірбірімен өзара әрекеттесуін көрсететін әрекеттер.

  • Сипаттамалары –компоненттердің немесе қарымқатынастардың ерекшеліктерін немесе түстерін сипаттайтын сын есімдер. Олар сапалы және сандық деректер түрінде көрінуі мүмкін.

  • Байланыстар — уақыт пен кеңістіктегі компоненттер арасындағы қарым-қатынасты сипаттайтын көмекші сөздер.

1-тапсырма
Топтық жобаңыздың үдеріс схемасын құрыңыз, түйткілді тұстарын табуға тырысыңыз. Оларды қалай жоюға болатынын ойлап көріңіз. Ұсыныстарды жазуыңыз керек. Жадыға үміт артпаңыз — келесі үдерістерде ақпараттың көптігі сонша, физикалық түрде мүмкін болмайды. Әлі әр болжамды сынақтан өткізу қажет!
Мұғалім «Тұтынушы маршруты» әдісін түсіндіреді және 2-тапсырманы береді.
Енді, «Мәселе қойылымының формуласы» әдісін қалыптастыру уақыты келіп жетті. Формулада 3 құраушы элемент бар:

  1. тұтынушы;

  2. қажеттілік; 3. инсайт.

3-тапсырма
Екі формуланы салыстырып, дұрыс формуланың айырмашылығы қандай екенін айтыңыз.

Әдістемелік құрал:
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 10-сыныпқа арналған / С. А. Щеглов, Е. С. Дүйсенханов, А.М.Фазылжанова, А. А. Сейтенова — Алматы: Көкжиек-Горизонт, 2019.
—112 бет.
Сабақ презентациясы.
Оқулық, интерактивті
тақта
Флипчарт, маркерлер, фломастерлер, скоч, стикерлер







  1. Клиент банк қызметтерін таңдауда қиыншылыққа тап болады, оған қалай көмек тесуге болады?

  2. Банк клиенті өзінің қаржылық қажеттіліктеріне сәйкес келетін банк қызметкерінен ұсыныс алғысы келеді, өйткені оның көптеген ұсыныстардың ішінен өз таңдауын жасауы қиын және оларды қаржылық әрекеттермен байланыстырады: оған сандарды түсіндіру қиын, ал банк қызметкері тұтынушының қаржы тарихын білместен сөйлем құрауға қиналады.

4-тапсырма
Оқулықта келтірілген формула бойынша ұқсас сипаттаманы жасаңыз.
Екінші құжат дизайн-қағидаттар. Бұл тұтынушылардың қажеттіліктері мен түсініктері туралы жиналған ақпараттар негізінде болашақ өнімге (қызметке) қойылатын шектеулер мен талаптарды көрсететін 3-5 қосымша. Бұл талаптар идеяларды шығаратын шекаралар болады.
5-тапсырма
Топтық жобалар негізінде:

  1. Қайталауға немесе ұқсастықтарға қатысты барлық түсініктерді тексеріңіз. Оларды біріктіріңіз және артықтарын алып тастаңыз.

  2. Сіздің болашақ шешіміңізді қабылдау шеңберін де шектеу принциптерін қалыптастырыңыз. Мұны істеу үшін етістіктерді пайдалану керек. Мысалы, егер «Адамдар нанды өздері бағаласа, сапасын жақсы қабылдайды» деген түсінік болса, дизайн принципі «шешім клиенттің кинестетикалық рецепторларынан туындауы керек» сияқты болуы тиіс. Егер сізде тым көп принциптер пайда болса, ең маңыздыларын ғана қалдырып, оларды азайту керек.

  3. Сіздің принциптеріңіз түсінікке негізделгенін тексеріңіз, ал түсінік нақты бір клиенттің қажеттілігіне негізделуі керек.

6-тапсырма
«Бизнестегі ойлау-дизайны: жаңа өнімдерді әзірлеуден бастап бизнес-модельдерді жобалауға дейін» атты кітапты оқыңыз. Авторы: Тим Браун






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет