Сабақтың ортасы 25 минут
|
Мұғалім «Венн диаграммасы» әдісін түсіндіреді. Бұл әдіс сипаттамалары бойынша өте жақын немесе басқа белгілері бойынша ұқсас өнімдерді (қызметтерді) салыстыру үшін жақсы қолданылады.
1-тапсырма
Топтық жұмыстардың шеңберінде өзіңіз салыстыратын біртекті элементтер топтарын таңдап алыңыз. Мұнда берілген мысал жалғыз емес. Өнімдер, қызметтер, технологиялар түрлері, орналасуы, брендтер, ұйымдар және т.б. бойынша салыстыру жасауға болады. Егер бұрынғы «топтау» әрекетін орындаған болсаңыз, онда сіздің біртекті элементтер жайында түсінігіңіз бар, тіпті өзара байланыстарын да білесіз.
Венн диаграммасының үш шеңберін пайдаланыңыз және оны толтырыңыз.
Топпен қазіргі жағдайдың не көрсететінін талқылаңыз. Нюанстарға аса көңіл бөліңіз. Ұқсастықтар мен айырмашылықтарды іздеңіз. Қиылыстарда сіз басқалардың артықшылықтарына бір нәрсені қарсы қоюыңыз керек немесе ортақ нәрсе табуыңыз керек.
Қорытындыларыңызды, түсініктеріңізді жүйелеп, түйгеніңізді жазып алыңыз.
Мұғалім «Ондық күші» әдісін түсіндіреді және оқушыларға 2тапсырманы береді.
Содан кейін оқушылармен бірге «Қажеттілік баспалдақтары» әдісін қарастырып, оқулықтан 3-тапсырманы орындайды.
|
Әдістемелік құрал: Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 10сыныпқа арналған / С. А. Щеглов, Е. С.
Дүйсенханов,
А.М.Фазылжанова, А.
А. Сейтенова —
Алматы: Көкжиек-
Горизонт, 2019. —112 бет.
Сабақ презентациясы.
Оқулық, интерактивті тақта
|