Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің



бет233/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

Сабақтың ортасы 25 минут

Мұғалім прототиптеу құралдарын түсіндіреді және оқушыларға практикалық тапсырмалар береді.
«Кадрға бөлу» құралы — қандай да бір үдерістің нобай, сызба, фотосурет немесе сурет түрінде бірізділікпен көрінуі.
Әр суретті MARVEL стиліне түсіріп, егжей-тегжейлі тәптіштеп түсіндірудің қажеті жоқ. Негізгі міндетіңіз — әр нобайда басты кейіпкерлерді, нысанды оңай, нақты да түсінікті көрсету.

Кадрға бөлу әдісін мұғалім түсіндірген кезде ең «жылдам және түсінікті» кадрға бөлу сайысын жариялай алады. Бұл құралдың басты критерийлеріне – кескіндерде элементтердің «қажеттілігі мен жеткіліктігіне» оқушыларды назарын аудартуға мүмкіндікбереді.
Сонаң соң сіз мұнда оқушылар Марвел түріндегі экшнды сипаттай алатын, 10 минут лимитпен ең «экспрессивті» кадрға бөлуге конкурсты жариялай аласыз.
Әрі қарай мұғалім 1-ші тапсырманы береді:
1-тапсырма

  1. 500 жыл бұрын наубайхана қандай болуы мүмкін еді? Ол туралы өз ойыңыз бар шығар.

Параққа 6 шаршы салыңыз. Кадрға жіктеу әдісін пайдалана отырып, наубайхананың жұмысын көрсететін негізгі 6 сәтті немесе тұтынушының наубайханадағы іс-әрекетін бейнелеңіз.

  1. Параққа 6 шаршы салыңыз. Топтық жоба бойынша сіздің шешіміңізді тұтынушының қаншалықты пайдаланатынын көрсететін 6 негізгі сәтті бейнелеңіз. Мұғалім «Рөлдік ойын» құралын түсіндіреді. Рөлдік ойын білім беру барысында жиі қолданылады, өйткені оның көмегімен болжап, үйретуге болады. Бізге болжау әсері қажет, себебі оқиғаның қалай өрбитінін, күтілетін нәтиженің қаншалық іске асатынын анықтауымыз керек.

Рөлдік ойын не үшін керек?

  • Ең алдымен, іс-әрекет өтетін жағдаят тудыру қажет.

  • Қатысушыларға мақсат-міндетін түсіндірген соң еркіндік беру қажет.

  • Оқиғаның жалпы сценарийін құру керек.

  • Нәтижесі (прототипі) қандай болатынын шамалау қажет.

Мұғалім «Тұтынушымен бірге прототип жасау» құралын түсіндіреді және оқушыларға 2-тапсырманы береді:
Топтық жобалар негізінде

  1. көрініс өтетін жерді ыңғайлаңыз;

  2. әр сөзді, әрбір іс-әрекетті нақтыламай-ақ жалпы сценарий дайындаңыз;

  3. рөлдерді бөліп беріңіз;

  4. прототипті белгілеңіз;

  5. рөлдік ойынға кірісіңіз.

Қатысушыларға білдіртпей бүкіл үдерісті бейнетаспаға

Әдістемелік құрал:
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 10-сыныпқа арналған / С. А. Щеглов, Е. С. Дүйсенханов, А.М.Фазылжанова, А. А. Сейтенова — Алматы: Көкжиек-Горизонт, 2019.
—112 бет.
Сабақ презентациясы.
Оқулық, интерактивті тақта
Флипчарт, маркерлер, фломастерлер, скоч,
стикерлер







не фотоға түсіріп алған дұрыс. Онда қатысушылар ыңғайсызданбайды әрі көріністі бірнеше рет қайта көруге болады. Не сәтті шықты? Қандай қиындықтар болды? Прототипті пайдалана отырып, нені өзгертуге болады? т.с.с. сұрақтарға жауап беріңіз.
Мұғалім «Тұтынушымен бірге прототип жасау» құралын түсіндіргеннен кейін оқушыларға 3-тапсырманы береді:
Нақты тұтынушыны таба алмаған жағдайда топтың бір мүшесіне тұтынушының рөлін ойнатуға болады. Оның іс-әрекетін бақылай отырып, жаңа ой келуі мүмкін. Тұтынушыға не керегін түсіндіңіз бе?
«Тұтынушымен бірге прототип жасау» құралын мүмкіндігінше нағыз пайдаланушымен нақты орындау қажет. Осы уақыт ішінде жастар қолдарында бар нәрседен қандай да бір прототиптерді жасауы тиіс. Жастарға прототиптеу кезінде фото жасауға, прототипті нақты адам пайдаланған кезде және тағы басқа – осының бәрі «Сторителлинг» соңғы кезеңі үшін тамаша қосымша фотоматериал болады.
Мұғалім «Айнымалыны анықтау» құралын түсіндіреді және оқушыларға 4 тапсырманы береді:
Топтық жобалар негізінде

  1. Сыналатын айнымалы мәнді анықтаңыз;

  2. Түрлі айнымалысы бар прототиптер жасаңыз;

  3. Сынап көріңіз;

  4. Қорытыңыз: айнымалы мән прототипке қалай әсер етеді? Тұтынушының іс-әрекетіне ше?

Нәтижесінде қандай қорытындыға келдіңіз?
Мұғалім «Тестілеуге арналған прототип» құралын түсіндіреді және оқушыларға 5 тапсырманы береді:
Прототип үшін қолайлы әрі арзан болатын материалдарды:
қосылатын материал;
құрама материал (прототипке негіз болатын);
бөлетін материал;
жазатын материал;
қосымша материал т.с.с. анықтап, параққа жазып алыңыз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет