Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің



бет275/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

Сабақтың
кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының
әрекеті

Ресурстар

1-кезең. Ұйымдастырушылық-мотивациялық:

Сабақтың басы 10 минут

Мұғалім оқушылармен амандасып, енді олармен бірге клиентті қалай ұстап тұруға болатынын, сондай-ақ оны көбірек төлеуге қалай мәжбүрлеуге болатынын үйренетіндерін хабарлайды.
Клиенттерді қалай ұстап қалуға болады? Клиентті тағы бір рет келуге, өзіңіз туралы басқаларға айтып беруіне қалай итермелеуге болады, одан қандай қосымша табыс алуға болады? деп оқушыларға сұрақтар қояды.

Оқушылар мұғалімнің
сұрақтарына
жауап береді

Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 11-сыныпқа арналған оқулық.
1- бөлім/ Е. С.
Дүйсенханов, С. А. Щеглов, Д. Ханин, Н. Е. Жұлдызбаев. — Алматы:
Көкжиек-Горизонт,
2020., 72-75 бет

2-кезең. Теория-практикалық:

Сабақтң ортасы 25 минут

Талқылаудан кейін мұғалім «Клиентті қалай ұстап қалуға болады?» блогын түсіндіреді. Бұл блокта оқушылар тұтыну және сатып алу бейілділігі арасындағы айырмашылық неде екенін түсінуі керек. Оқулықтың статистикалық материалынан басқа, мұғалім келесі зерттеу нәтижелерін ұсына алады:
Алғашқы әсер күші
Компанияның оң әсер қалдыруы үшін біршама мүмкіндіктер бар, бірақ ең маңызды сәт-бірінші сатып алу/алғашқы өзара іс-қимыл тәжірибесі. Сауалнама нәтижесі клиенттердің оң көзқарасын туғызу үшін қандай уақыт қолайлы екенін көрсетеді:

  1. Бірінші сатып алу кезінде немесе компанияға бірінші рет хабарласқан кезде (алғашқы әсер) — 48 %.

  2. Клиенттің қиындықтарын шешкен

кезде қызметкерлер клиенттің күткенінен асып түскен жағдайда — 40 %.

  1. Компанияға хабарласқанға дейін

(имидждің әсері,
«сарафандық радио» әсері) — 11 %. 4. Клиент бәсекелестерге хабарласқысы келгенде — 1%.
Сатып алушының бейілділігі қалай көрінеді? Қанағаттандырылған сатып алушылар әдетте өздеріне ұнаған компания туралы басқа адамдарға кеңес беруге асығады.
Оқушылар «Клиенттен қалай көбірек табыс табуға болады?» блогымен танысады. Оқушылар Қазақстандық Pillowz.kz стартапының кеңейтілген сату сүзгісі мен үлгісін толық талдайды.
Сосын командалық жұмысқа кіріседі.

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына
жауап береді
Оқушылар командасымен 1 тапсырманы орындайды

өз

Әдістемелік құрал: Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 11-сыныпқа арналған /Е. С.
Дүйсенханов, Н.Е.
Жұлдызбаев, С. А.
Щеглов — Алматы: Көкжиек-
Горизонт, 2020. — 297 бет. Оқулық, тақта
Оқулық, сүзгі шаблоны




Блокты зерттеу қорытындысы бойынша оқушылар өз командаларымен 1-тапсырма бойынша жұмыс жасайды. Оларға кли- ентті ұстап қалу және оған қосымша қызмет көрсету тәсілдерін талқылау үшін жеткілікті уақыт беру қажет. Тапсырма қиынырақ соққан оқушыларға мысал келтіріп немесе стартаптары бойынша нақты кеңес беріп көмектесу қажет. Командалардың қиялын шектемеу қажет. Кез келген идеялар құнды. Әрбір топ үшін дайындамаларды клиенттерді ұстап қалу үшін сүзгі үлгілерін алдын ала жасап әкелуге болады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет