Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің



бет277/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

Сабақтың
кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының
әрекеті

Ресурстар

1-кезең. Ұйымдастырушылық-мотивациялық:

Сабақтың басы 10
минут

Мұғалім оқушылармен амандасып, олардың нарық сегменттерін білетіндігін хабарлайды. Енді олар әрбір сегментке қандай өнім және қандай баға ұсынатынын анықтаулары керек Мұғалім келесі мысалды келтіре алады: "Сізде сиыр фермасы бар делік. Сіздің сатып алушыларға ұсынатын негізгі өніміңіз — бұл сүт. Бірақ сіз сиыр терісін, мысалы, былғары өндіретін зауыттарға сата аласыз. Бұл басқа өнім, басқа тұтынушы және баға белгілеудің басқа тәсілі болады. Мүмкін сіз фотостудияларға фермада фотосессиялар өткізуді ұсынатын шығарсыз. Бұл үшінші өнім, пайдаланушының үшінші түрі және жаңа баға әдісі болады.
Яғни, сіз өзіңізден сұрауыңыз керек:

  1. Клиент не үшін төлеуге дайын? Сүт, тері немесе фото аймақ үшін бе?

  2. Ол не үшін төлейді?

Сіз сүтті контейнерге құйып, оны дүкендерге жеткізесіз делік. Егер сіз сүтті жергілікті дүкендер желісіне немесе жергілікті тұтынушыларға литрмен сатсаңыз, оны орамасын өзіңіз жасасаңыз ше? Немесе компанияларға сүт сату керек пе, содан кейін олар одан ірімшік, сүзбе және т. б. жасайды?

  1. Ол қалай төлейді?

Қазір сатып алушы бір пакет сүтке ақша төлейді делік. Егер ол оны орамасыз литрмен сатып алса, онда сізде ораманың шығындары болмайды және оның құны арзан болады. Егер сізден күніне 10 литрге дейін сүт сатып алса, оны бір бағамен сата аласыз және егер сізден 100 литр сатып алса көтерме бағасын төмендетесіз және т. б.

  1. Ол қалай төлегісі келеді?

Мүмкін көрші дүкендерге күн сайын сүт беру шартымен ай сайынғы төлемді төлеу ыңғайлы болар? Сонда клиент өз сүтін сатып алуға кепілдік алатынына сенімді болады және сіз

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді: 1.Клиент не үшін төлеуге әзір?
2.Ол осыған дейін не үшін төледі?
3.Ол қалай төлейді?
4.Оның қалай төлегісі келеді?
5.Табыс арнасының жалпы табысқа қатынасы қандай? Қай арна көбірек табыс әкелетінін оқушылар қарау керек.

Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 11-сыныпқа арналған оқулық.
1- бөлім/ Е. С.
Дүйсенханов, С. А. Щеглов, Д. Ханин, Н. Е. Жұлдызбаев. — Алматы:
Көкжиек-
Горизонт, 2020.,
76-81 бет







жеткізілім кестесін алдын-ала жоспарлай аласыз. Ал ірімшік пен сүзбе өндіретін зауыт, мүмкін одан ірімшік пен сүзбе жасау үшін бірден 100 литр сүт сатып алу ыңғайлы шығар, ал тауардың алғашқы партиясын сатқан кезде ғана қайта тапсырыс беруі мүмкін.
5. Әрбір пайда арнасының жалпы пайдаға қатынасы қандай? Қай арна сізге көп пайда әкеледі? Пакетпен сүт сату, "жазылым бойынша" сүт, көтерме тапсырыстар, терілерді сату, немесе фермадағы фотосессиялар, олар сізге көп табыс әкеледі ме?









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет