Сабақтың
кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының
әрекеті
|
Ресурстар
|
1-кезең. Ұйымдастырушылық-мотивациялық:
|
|
|
Сабақтың басы 10 минут
|
Мұғалім оқушылармен амандасып, «Бизнестегі маңызды қызмет» атты жаңа тақырыпты оқуға кірісетіндерін хабарлайды. Оқушыларға, осыған дейін айтып өткендей, бизнесте маңызды серіктестер болатынын, маңызды ресурстар болатынын, бірақ маңызды қызметтерсіз мұның барлығы жұмыс істемейтінін мұғалім айтады. Оқушылардан маңызды қызмет дегеніміз не деп мұғалім сұрайды. Содан кейін оқулықтағы материалмен танысуды ұсынуға болады. Содан кейін балалардың қайсысы істер тізімін құрағанын, олар мұны не үшін жасағанын немесе бұл тізім оларға қалай көмектесетінін мұғалім сұрайды. Балалар өздерінің тәжірибелерімен бөліссін.
|
Оқушылар келесі сұрақтарға жауап береді: Сіздің ойыңызша, негізгі қызмет деген не? Оқу, спорт, жеке
қарым-қатынас, хобби, саяхат және т.б. мақсаттарыңызды
қалай анықтайсыз, мақсат қойылғаннан кейін не істейсіз?
|
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 11сыныпқа арналған оқулық. 1- бөлім/ Е. С. Дүйсенханов, С.
А. Щеглов, Д. Ханин, Н. Е. Жұлдызбаев. — Алматы: КөкжиекГоризонт, 2020., 120-
125 бет
|
2-кезең. Теория-практикалық:
|
|
|
Сабақтың ортасы 25 минут
|
Талқылаудан кейін бизнесте де барлығы дәл солай екенін айтады, яғни нақты, айқын мақсатсыз және мақсатқа жету үшін жасалатын істердің нақты тізімінсіз тиянақты нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.
Балалар мақсатты анықтауға және алға қоюға мүмкіндік беретін оқулық материалындағы тармақтарды пайдалана алады, сондай- ақ оқулықта мақсаттарды жазатын үлгі берілген. Стартап әртүрлі қызмет түрлерін және бағыттарды біріктіретінін түсіндіріңіз, сондықтан мақсаттарды бағыттар бойынша бөлу және әрбір мақсат үшін бөлек тізім жазу, содан кейін мақсаттарды жауапты адамдар арасында бөлу өте маңызды. Мысалда көрсетілгендей, стартаптың істер тізімі 100 тармақтан тұрады. Бұл аз емес. Мұның бәрін есте сақтау өте қиын. Істер тізімімен танысқаннан кейін оқушыларға командаларға бірігуді, өз мақсаттарын анықтауды және үлгілік тізімге сүйене отырып, әрбір мақсат үшін істер тізімін жазып шығуды ұсынуға болады. Балаларға екінші тоқсанда алған барлық алдыңғы білімін еске түсіріп, оларды мақсат қою және әрбір мақсат бойынша істер тізімін жасау үшін қолданулары қажет екенін мұғалім айтады. Балаларға тізім құру немесе мақсат қою қиын болса, оқушылар мұғалімге
сұрақ қоя алады. Мақсат дәл, нақты, түсінікті, шынайы, абстрактілі емес, қарапайым сөздерден құрылған болуы қажеттігін, сонда істер тізімін де құру жеңіл
болатынын түсіну маңызды екеніне балалардың назарын аудартуға болады.
|
Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына
жауап береді
Істер тізімімен танысқаннан кейін оқушылар командаларға
бірігеді, өз
мақсаттарын анықтайды және үлгі тізімге сүйене отырып, әр мақсат үшін істер тізімін жаза бастайды.
Мақсат дәл, нақты, түсінікті, шынайы, абстрактілі емес, қарапайым
сөздерден
құрылған болуы қажеттігін, сонда істер тізімін де құру жеңіл
болатынын
түсіну маңызды
|
Әдістемелік құрал: Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 11сыныпқа арналған /Е. С. Дүйсенханов, Н.Е. Жұлдызбаев, С. А.
Щеглов — Алматы: Көкжиек-Горизонт, 2020. —297 бет.
Оқулық,
А4 форматтағы қағаз
парағы, маркерлер
Оқулық, істер
тізімінің үлгісі
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |