Бұдан әрі оқушылар инфляция туралы блоктармен танысады. Түсініксіз болған тұстарын және инфляция кредит мөлшерлемесіне қалай әсер етуі мүмкін және одан қандай қорытынды жасауға болады деген сұрақтарды мұғалім қояды.
1-тапсырма.
500 000 теңге көлеміндегі кредит 20 наурызда осы жылдың 15 тамызында жылдық 30% мөлшерлемемен өтеу мерзімімен алын- ды. Төлемді өтеудің сараланған және аннуитеттік схемасы үшін несиенің пайыз сомасын анықтаңыз.
Аннуитет: Есептеу нәтижелері:
Мәнін барлық оқушылар түсінуі үшін сыныпта талқылауға болады.
2-тапсырма
Банк жылдық 30 %-бен күрделі мөлшерлеме бойынша ұзақ мер- зімді несиелер береді. 2,5 жылдан кейін бір жолғы төлеммен 2 әдіспен өтелген 200 мың теңге мөлшеріндегі кредит үшін алынған пайыздардың сомасын анықтаңыз. Кредиторға қандай схема тиімді?
1 әдіс:
Күрделі пайыз бойынша несие өсімі мынадай формула бойынша есептеледі:
Рn = Рo(1 + i)n ,
мұндағы Pn — кезеңдер саны арқылы ұлғайтылған сома n, Рo — қарыздың бастапқы мөлшері, i — күрделі өсім мөлшерлемесі,
n = a+b — өсіру кезеңдерінің (жыл) саны, a — кезеңнің тұтас бөлігі;
b — кезеңнің бөлшек бөлігі;
(1 + i)n — күрделі пайыздар бойынша көбейткіш. 200
000*(1+0,3)2,5 = 385379,3 теңге
Кредиттен алынған пайыздар сомасы = 385 379,3 — 200
000 =185 379,3 теңге 2-әдіс:
Аралас есептеу әдісі жылдар кезеңінің тұтас саны үшін
күрделі пайыз формуласын, ал жылдың бөлшек бөлігі үшін — қарапайым пайыздар формуласын пайдалануды білдіреді:
Рn = Рo * (1 + i)a * (1 + bi),
мұндағы Pn — кезеңдер саны арқылы ұлғайтылған сома n,
Рo — қарыздың бастапқы мөлшері, i-күрделі өсу мөлшерлемесі, a-жылдардың бүтін саны; b-жылдың бөлшек бөлігі.
Сондай-ақ, сыныптағы шешімді талдау қажет. 200 000 *
(1+0,3)² * (1+0,5*0,3) = 388 700 теңге
Несиеден алынған пайыздар сомасы = 388 700 — 200 000 = 188 700 теңге.
Көріп отырғанымыздай, кредиторға аралас есептеу әдісі анағұрлым тиімді.
3- кезең. Рефлексивті-қорытындылаушы:
Сабақтың соңы 5-минут
3-тапсырманы өз бетінше орындау ұсынылады немесе үйге беріледі.
Егер уақыт қалса, мұғалім пікірталас өткізеді, кері байланыс береді
Рефлексия
« Шабадан, ет тартқыш, себет» Шабадан – болашақта қажет болатын ақпараттар Ет тартқыш - ақпаратты өңдеудемін Себет – барлығын себетке тастаймынСабақта алынған ақпараттарды қалай қолданатыныңды таңда
Оқушылар кері байланыс
береді
Оқулық
Atameken Akademy білім беру онлайнплатформасы ның
материалдары
,
бейнесабақта р
(atameken.co).
Бағалау
Сабақ барысында өзін-өзі бағалауды және өзара бағалауды ұйымдастыру. Оқушылар үшін onlinemektep.org. платформасында тапсырмаларды орындай отырып, қалыптастырушы бағалау жүргізуге болады Мұғалім оқушыларды бағалайды және кері байланыс жасайды.
Дескрипторлар:
•ҚР екідеңгейлі банктер жүйесін ажыратады.
•Депозиттер және несиелеу мәнін түсінеді.
•Инфляцияны неси- елік және депозиттік мөлшерлемеге ықпал етуші фактор ретінде түсінеді.
•Депозиттік және несиелік ставканы есептеу дағдысын қолданады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1.«Пайыздық мөлшерлеме» деген не? Біз оны қай кезде қолданамыз?
2.Қредит сомасынан артық төлемді қалай есептейміз?
3.Кредитті өтеудің сараланған және аннуитеттік схемаларының айырмашылығы неде ?
4.Сараланған төлемді есептеу формуласы қандай?
5.Аннуитеттік төлемді есептеу формуласы қандай?
6.«Инфляция» дегеніміз не?
7.Инфляция несие мөлшерлемесіне қалай әсер етеді?
8.Инфляцияның пайыздық мөлшерлеме шамасына әсерін көрсететін Фишер формуласы қандай?
11.3.2.1. ҚР екі деңгейлі банктік жүйені ажыратады.
11.3.2.2. Депозиттер мен несиенің мәнін түсінеді.
11.3.2.3. Несиелік және депозиттік мөлшерлемеге әсер етуші факторы ретіндегі инфляция түсінігін түсінеді.
11.3.2.4. Депозиттік және несиелік пайызды есептеуде дағдыларды қолданады..
Сабақтың мақсаты
Депозит ұғымын түсінеді.
Депозиттердің қандай түрлері бар екенін біледі.
Пайыздық мөлшерлемені есептей алады.
Инфляцияның депозиттік мөлшерлемеге әсерін түсінеді.
Мұғалім оқушылармен амандасады және
«Жинақтаулар, несие және депозиттер» блогын оқып бітіретінімізді хабарлайды және бүгінгі сабақта депозиттер туралы, олардың артықшылығы неде және күрделі пайыздарды қалай есептеу керектігі туралы айтылады.
Баса көңіл аударатын негізгі ой — белгіленген уақыт аралығындағы әрбір ай үшін емес, пайыздардың белгіленген уақыт аралығында төленуі.
Егер 1 айға 6% салым таңдалса, онда айдың соңында салым сомасының 6% төленеді, ал егер 4 айға 7,8% салым таңдалса, онда әр айға 7,8% емес, төрт ай өткеннен кейін ғана салым сомасының 7,8% төленеді. Біз жоғарыда айтқандай, депозит — байлық жасау мүмкіндігі емес, инфляция әсерінен құнсызданып бара жатқан ақшаны сақтау тәсілі. Осы туралы алтын ереже бар: «Бүгінгі ақша ертеңгі ақшаға тең емес!»
Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері.
11-сыныпқа арналған оқулық. 2- бөлім/ Е. С. Дүйсенхано в, С. А.
Щеглов, Д.
Ханин, Н. Е.
Жұлдызбаев
. — Алматы:
КөкжиекГоризонт, 2020., 32-38 бет