4-тапсырма үйге беріледі.
Балалардың меңгеруге тиіс ең басты мәселесі — олар өз кірістері мен шығындарын қаншалықты ерте талдай бастаса, соғұрлым өмірде олардың қаржылық стратегиясы тиімді болады, олар өз мақсаттарына тезірек қол жеткізе алады. Егер уақыт қалса, мұғалім пікірталас өткізеді, кері байланыс береді
Оқулық
Atameken
Akademy білім беру онлайн-
платформасының материалдары, бейнесабақтар (atameken.co).
Бағалау
Сабақ барысында өзін-өзі бағалауды және өзара бағалауды ұйымдастыру. Оқушылар үшін onlinemektep.org. платформасында тапсырмаларды орындай отырып, қалыптастырушы бағалау жүргізуге болады
Мұғалім де бағалайды және кері байланыс жасайды.
Дескрипторлар:
Жеке бюджетін басқару негіздерін түсіне алады.
Жеке бюджетін басқару құралдарын қолдана алады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Қалтаңыз көтеретін пәтер мен машинаның құнын қалай бағалауға болады?
Көп ақша жинақтау үшін шығындарымызды қалай бақыласақ болады?
Нені үнемдеуге болатынын қалай түсінеміз?
Ақшаны қалай тез жинақтауға болады?
Кедейшілік, жайлылық және байлық арасындағы айырмашылық неде?