Мұғалім оқушылармен амандасады және бүгінгі сабақта эмоционалды интеллект тақырыбын талқылайтынын хабарлайды.
Эмоционалды интеллект (Emotional Quotient немесе EQ) – бұл адамның эмоцияларын білдіру және басқару, сонымен қатар басқа адамдардың эмоцияларын, сезімдерін, ниеттері мен тілектерін түсіну дағдылары мен қабілеттерінің жиынтығы.
1990 жылы америкалық психологтар Джон Майер мен Питер Саловей «Эмоционалды интеллект» атты мақала жариялады және алғаш рет эмоционалды интеллект (EI,emotional intelligence) ұғымын енгізді. Олардың
Оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап береді: «Эмоционалд ы интеллект туралы білім кәсіпкерлерге қалай пайдалы болатынын ойланыңыз».
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері.
11-сыныпқа арналған оқулық. 2- бөлім/ Е. С. Дүйсенхано в, С. А.
Щеглов, Д.
Ханин, Н. Е.
Жұлдызбаев
идеяларына сәйкес, эмоционалды интеллект әлеуметтік интеллекттің бір бөлігі ретінде қарастырылады, ол өз эмоцияларын және басқа адамдардың эмоцияларын байқауға, оларды ажырата білуге және осы ақпаратты ойлау мен әрекетті басқару үшін пайдалануға мүмкіндік береді.
1995 жылы эмоционалды интеллект ұғымы америкалық жазушы, журналист Дэниэл Гоулманның «Emotional Intelligence» кітабының арқасында кең таралды, ол әлемдегі ең танымал бестселлер болды. Гоулманның көзқарасы бойынша эмоционалды интеллект - адамды жақсы немесе бақытты ететін нәрсе емес, бұл эмоцияларды тану (мен өзімді қалай сезінемін, басқа адамдардар қалай сезінеді), эмоцияның себептерін түсіну, түрлі эмоцияларды сезіну, эмпатия тудыру жөніндегі ұғым.