Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің



бет361/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   357   358   359   360   361   362   363   364   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

2-кезең. Теория- практикалық

Сабақтың ортасы 25 минут

Мұғалім оқушыларға 2 тапсырманы береді. 2-тапсырма — өзін-өзі диагностикалау мысалдарының бірі. Бес баллдық шкаланы пайдалана отырып, оқушылар өздерінде төменде көрсетілген қабілеттердің әрқайсысының қай шама- да бар екенін бағалайды. Баға қоймай тұрып, осы қасиеттері айқындалған нақты жағдайларды еске түсіру қажет. Нәтижесі алынып, мағынасы талқыланған соң, қай қасиетті пысықтау қажеттігін түсіну маңызды және «НЕ?" деген сұрақты «ҚАЛАЙ?" деген сұраққа айналдыру да аса маңызды мәселе. Ол үшін оқушы мына сұраққа жауап беруі қажет: ол өз нәтижелерін жақсарту үшін не істейді? Келесі 3-тапсырма «сананы» дамытуға арналған. Бұл оқушының өзін тек менталдық деңгейде ғана емес, сонымен қатар денелік деңгейде сезіну процесіне бағытталған медитативті жаттығулардың бірі. Бұл жаттығу өз жағдайын теңдестіру, міндеттерге назар аудару, сананы басқару, оның ішінде эмоциялық қабілетін дамытуға бағытталған.
Оқытушыға балаларды сабырлы дауыспен команда беру арқылы тыныштандырып, біршама уақытқа жолсерік болу ұсынылады:
«Құлақтарыңды қолдарыңмен жабыңдар, қоршаған жағдайға көңіл қойыңдар, барлық детальдарды көруге тырысыңдар.
Айналаның көрінісі «жарқын» болған кезде, сіз бұрын назар аудармаған заттарыңызды байқайсыз. Содан кейін көздеріңізді жұмып, дыбыстарға көңіл бөліңіз. Әдеттегі жағдайда біз өз айналамызда 1,5 метрден аспайтын аймақты санамызбен шоламыз. Біз «тыңдау» қасиетімізді күшейте отырып, табиғи және механикалық нюанстарды байқай бастаймыз.
Көздеріңді жұмыңдар, құлақтарыңды да жабыңдар. Өз денеңіздің қоршаған ортамен қалай әрекет ететінін сезініңіз — мысалы, аяқ киіміңізді шешсеңіз, жел соққанын немесе шөптің жанасқанын сезесіз». Әңгімелесушілердің дауыстық интонациясын тану үшін, мимика нюанстары айтарлықтай жоғары болуы үшін бұл жаттығуды аптасына бір рет орындау

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына
жауап береді

Әдістемелік құрал: Кәсіпкерлік және бизнес негіздері.
11-сыныпқа арналған /Е. С.
Дүйсенхано в, Н.Е.
Жұлдызбаев
, С. А.
Щеглов — Алматы:
КөкжиекГоризонт,
2020. —297 бет.
Оқулық А4 форматты парақтар,
маркерлер
Оқулық, толтыру үшін
кестелер







жеткілікті. Бұл әңгімелесушілердің анық және жасырын түрткілерін дәл анықтауға, ең бастысы, белгілі бір процестерге өз реакциясын, сондай-ақ сіздің денеңіздің ақпаратқа қалай жауап беретінін, эмоцияны қалай бастан кешіретінін түсінуге мүмкіндік береді. 4-тапсырма «бейімделуді» дамыту үшін пайдалы, «эмоциялар карточкасы» деген қарапайым жаттығуды жасауға болады.
«Ашу-ыза», «қуаныш», «қайғы», «қызығушылық»,
«абыржу», «ойланғыштық», «батылдық», «сенімсіздік», «есінен тану» деген жазулары бар карточкаларды мұғалім алдын ала дайындайды (қызықтыру үшін басқа эмоцияларды қалауыңыз бойынша қосуға болады). Содан кейін екі адам шығып әрқайсысы кезекпен карточка таңдап алады да, кезекпен көңіл күйді анықтайды. Бұл өзінің эмоциялық күйін
«пысықтаудың» қарапайым тәсілі. Бұл ретте келіссөзші ретінде сіздің тиімділігіңіз бірнеше есе артады. Нәтижесінде біз өз денемізді, мимикамызды басқару дағдыларын тағы да пысықтап, өз санамызды босатамыз.
Осындай жаттығуларды орындай отырып сіз соңғы бірнеше жылмен салыстырғанда өзіңіздің шынайы мақсаттарыңызға жақындай түсесіз, себебі сіз табысты бизнесменнің немесе басшының ең басты ісімен — «жасампаздық стратегиясымен» айналысасыз.
Бұл тапсырмалар аздаған түсініктемесі бар қарапайым ұсыныстар формасында, сол сияқты нақты жаттығулар түрінде берілуі мүмкін — мұнда оқытушы топтық динамикаға және уақыт ресурстарына бейімделеді.









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   357   358   359   360   361   362   363   364   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет