Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің



бет57/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

6-тапсырма
Неге product placement компаниялар үшін қызықты болып табылады? Компаниялар өнімі жай ғана кадрда пайда болғаны үшін неліктен ақша төлеуге дайын?
Жауап:
Айтқанымыздай, Yuframe аккаунтында Instagram-дағы 2,6 млн жазылушылар бар, олар әрбір жаңа вайнның пайда болуын тағатсыздана күтуде (өкінішке орай, олар Yuframe жобасын жабуда, ең соңғы видео 2020 жылдың 9 наурызында болған).
Олар үшін Арман, Адина, Карина және Расул - сүйікті кейіпкерлер мен еліктеуге лайықты жандар. Егер олар белгілі бір иіссуды пайдаланса, белгілі бір мейрамханаларға барып, белгілі бір фирманың киімін кисе, бұл заттардың барлығы бірден қалаулы болады және Yuframe-ге ұқсау үшін көрермендер сондай өнімдерді сатып ала бастайды.
Yuframe негізгі аккаунтынан басқа команданың әр мүшесінде өз аккаунты бар. Әрине, шынайы фанаттар оларға да жазылған. Олардың жеке аккаунттарындағы жарнама құны ол да шамамен 200 мың теңгені құрайды.
7-тапсырма
Неліктен жарнама берушілер Yuframe жастарының жеке аккаунттарындағы жарнамаға қызығады?
Жауап:
Егер тіпті жасырын түрдегі жарнама: «Бүгін Х мейрамханасына бардық, уақытты керемет өткіздік. Сервис пен тағам – жоғары деңгейде», жастардың аккаунттарында пайда болса, product placement-тегі схема жүзеге аса бастайды. Олардың әрқайсысында
Yuframe негізгі аккаунтындағыдай жазылушы көп болмаса да










(Арманда – 518000, Адинада – 576500, Каринада - 962 400), олар айтарлықтай аудиторияны қамтиды.
8-тапсырма
Бір бренд төңірегіндегі вайнның сюжеті бар және компанияның аккаунты мен геолокациясы көрсетілген жарнама неліктен жарнама беруші үшін қызықты болуы мүмкін?
Жауап:
Product placement секілді мұндай жарнаманың өз ерекшеліктері бар. Ол жасырын емес, анық. Мұнда көрермендердің жарнама өнімін байқамау мүмкіндігі жоқ. Сонымен қатар, ол тікелей компанияның аккаунтына жібереді. Өнімге қызығушылық танытқан пайдаланушы бірден компания сайтына кіріп, ассортиментпен толығырақ таныса алады. Әйтпесе, өніммен танысуды кейінге қалдырып, содан кейін оны ұмыту қаупі бар. Геолокация бірден пайдаланушыға қажет болған жағдайда сонда кіріп, өнімді тікелей көруі үшін, осы компанияның дүкенін табуға көмектеседі.
Жастар айына барлығы 4-5 жарнамалық вайн түсіреді. Неге көп емес? Көп жарнама көп ақша әкеледі емес пе? «Yuframe алғашында коммерциялық емес жоба ретінде пайда боды. Сондықтан біз жарнама берушілерге үнемі ақша табу үшін түсірмейтінімізді, керісінше, түсіру үшін ақша табатынымызды айтамыз», – деп түсіндіреді жастар. Вайндар түсірілімі – бұл шығармашылық процесс, олар қызықты және көңілді болып шығады, өйткені жобаға қатысушылардың барлығы оған бар күш-жігерін жұмсайды. Егер тек жарнамалық вайндардың деңгейіне түсетін болсаңыз, біртіндеп құлшынысыңыз жоғалады, жастардың өздерін қызықтырмайтын болады және аудитория өз ойындағы «жалғандықты» сезеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет