11-тапсырма Yuframe командасы өзінің жаңа бизнес-желісін бургерлік деп атауды неге шешкенін ойлаңыз.
Жауап:
Уақыт өте келе "Yuframe" сөзі жобаның атауы ғана емес, дербес брендке айналды. Бұл бренд қазірдің өзінде танымал, әрі табынушылары болғандықтан, бургерлер желісі деп аталған Yuframe командасы өз ғимараттарын жарнамалаудың қосымша шығындарынан құтылды – олардың атауы өз-өзін жарналамайды. 12-тапсырма Неліктен мейрамхана ашуға шешім қабылдау
арқылы Yuframe бургер пішімін таңдады? Бұл таңдауды жобаның мақсатты аудиториясымен қалай байланыстыруға болады?
Жауап:
Жоғарыда айтқанымыздай, жобаның
мақсатты аудиториясы – жастар мен студенттер. Әдеттегідей, оларда көп қаржы болмайды, өйткені оқуда болғандықтан, олар толыққанды жұмыс істемейді. Сондықтан қымбат мейрамханаларға немесе дәмханаларға бара алмайды. Бургерхана – жастар арасында танымал мейрамхана форматы, сабақ арасында сол жерден арзан бағаға тамақтануға болады.
3-кезең. Рефлексивті-қорытындылаушы:
Сабақтың соңы
10 минут
«Вайнерлерді болашақта не күтеді?» деген сұраққа оқушылар жауап беруі тиіс «Вайндар дәуірі жақын арада аяқталады»,– деп болжайды жастар. Сондықтан олар өз жобасын Youtube-қа аудару туралы шешім қабылдады. Осындай шешімді Қазақстандағы танымал басқа вайнерлер, мысалы, танымал вайнер Нагимуша да қабылдады, оның Instagram профилінде 600 000 және Youtube-та 60 000 аса жазылушысы бар.
Youtube-те айына 1 миллиардтан астам қолданушы бар! Бұл жер шарының әрбір алтыншы тұрғыны! Youtube ұзағырақ ролик жүктеуге мүмкіндік береді, сізге жазылмаған адамдарға бейнероликтерді табуға көмектесетін ыңғайлы іздеу механизмі де бар. Мұның бәрі, әрине, жобаның әлеуетті аудиториясын кеңейтеді.
Одан бөлек, Youtube жаңа жарнамаға қарау санына негізделген мүмкіндіктер ашады. Yuframe сондай-ақ жарнаманың бұл түрін қолданады, оның құны клиентпен жеке келісіледі, құны 700 000 теңгеге дейін болады.
Бүгінгі таңда қазақстандықтар Youtube-та белсенді емес. Қазіргі уақытта Yuframe арнасында 600 000 жазылушы бар. Бірақ Instagram- да команданың танымалдылығын біле отырып, Youtube-та да аудитория көбеюі мүмкін деп есептей аламыз. Мүмкін, сұраныс ұсынысты емес, ұсыныс (YouTubeтағы Yuframe каналы) сұранысты (қазақстандықтар Youtube-ті белсенді пайдаланатын болады) қалыптастыратын жағдайға жетерміз.
Егер уақыт қалса, мұғалім пікірталас өткізеді, кері байланыс береді