Сабақтың басы
10 мин.
|
Мұғалім оқушыларды оқу іс-әрекетіне және жаңа білім алуға бейімдейді, сонымен қатар оқу процесіне ынталандыру үшін жағдай жасайды.
Мұғалім психологиялық көңіл-күйді көтеру үшін «Жетістіктер ағашы» ойынын өткізеді.
Саламатсыздар ма, оқушылар! Сіздердің жақсы көңіл күймен келгендеріңізге қуаныштымын! Балалар, мына жалғыз тұрған ағашқа көңіл аударсаңыздар (тақтада жапырақтарсыз ағаш бейнеленген). Әрқайсыңызда әр түрлі түстегі жапырақтар бар (парталардың үстінде). Сіздер осы жапырақтардың бірін алып, біздің жалғыз тұрған ағашты түрлі-түсті жапырақтармен толтырсаңыздар (әр оқушы өзіне ұнаған түстегі жапырақты таңдап, ағашқа бекітеді).
Оқушылар жапырақтарды бекіткеннен кейін:
Жасыл түсті жапырақтарды таңдағандарыңызға, бүгінгі сабақ табысты болады деп күтеміз.
Кызыл түсті жапырақ таңдағандар – қарымқатынас орнатқысы келеді.
Сары түсті жапырақ таңдағандар –
белсенділік танытады деп күтеміз.
Көк түсті жапырақ таңдағандар –
табандылық танытады деп күтеміз
Біздің ағаш жапырақтармен жамылды, сіздердің арқаларыңызда ол әр түрлі түске боялды.
Ағаштың әдемі безендірілуі сіздердің күтулеріңіз және ұмтылыстарыңызға байланысты болды.
Осылайша, сабақтың жақсы өтуі және тапсырмалардың жақсы орындалуы да сіздерге байланысты болады ма?
Бүгінгі сабақ барысында сіздер табандылық, белсенділік танытып, бір – біріңізбен жақсы қарымқатынаста болсаңыздар, сабақ табысты деңгейде өтеді
|
Флипчарт немесе ватман (Жапырақтарысыз ағаш суретін салыңыз). Әр түрлі түстегі жапырақтар.
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 10-сыныпқа арналған оқулық. 1- бөлім/ Е. С. Дүйсенханов, С. А. Щеглов, Д. Ханин, А.М. Фазылжанова, А. А. Сейтенова. — Алматы:
«Көкжиек-Горизонт»,
2019., 144 бет
|