Сізге белгілі бизнестің заманауи трендтерінің бірнеше мысалдарын атаңыз.
Тренд туралы өткен материалдар негізінде оқушылар нақты мысалдарға өз түсінігін бекіткені қажет. Сөйтіп олар бизнесте бір заманауи трендтердің қандай да бір көрінісін айтуы тиіс.
Мысалы, интернет-браузерлерде сізге көрсетілетін қызықты жарнама кездейсоқ таңдау емес, үлкен деректерді және машиналық оқытуды пайдалану нәтижесі болып табылады. Яғни, компьютер сізге соңғы кезде не қызықтыратынын, сіздің жас мөлшеріңіз бен жынысыңызды, соңғы сатып алуларыңызды және көптеген басқа нәрселерді есептеді, және сөйтіп, сізге аталған
|
|
|
мәнмәтінде ең қолайлы нәрсені ұсынады. Мысалы, егер сіз 35 жастағы ер адамсыз, және саяхаттар тақырыбымен қызығасыз, онда біраз уақыттан соң интернет-жарнама сізге демалыс турларын немесе палаткалар мен сноубордтарды ұсына бастайды.
4-тапсырма
Кез келген өнім немесе қызмет үшін бизнестің заманауи трендтерін пайдаланудың үш өзіндік мысалыңызды ойлап табыңыз.
Оқушылардың бизнестің мүлдем әдеттегі түрлерінде тренд инновацияларын түсіндіруіне қол жеткізу қажет. Егер оқушыларға мысалдарды ойлап табуға қиындық туса, оларға талқылау үшін тауарлар немесе қызметтер атауларының тізбесін, ұсыныңыз (үй-жайды тазалау, шаштараз қызметтері, кондитерлік бұйымдарды сату және тағы басқа).
5-тапсырма
Аймағыңызда бизнестің қандай түрі танымал болуы мүмкін? Өз ойыңызды тұжырымдаңыз.
Жаңа білімдер призмасы арқылы оқушылардың назарын олардың тұрғылықты жеріне, олар тұратын шынайылыққа аударту қажет.
Олардың ішігде стартап үшін мұмкіндіктерді үнемі өңдеу тетігі іске қосылғандай етіп.
|
|
3-кезең. Рефлексивті-қорытындылаушы:
|
Сабақтың соңы
10 минут
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |