«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей



бет10/151
Дата25.04.2022
өлшемі0,87 Mb.
#32259
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   151
Байланысты:
« аза стан Республикасыны Азаматты ы ы» (Ерекше б лім) О у-

Тауар жеткізілімі шарты

Тауар жеткізілімі шартының ұғымы және элементтері Тауар жеткізілімі шарты бойынша кәсіпкер болып табылатын сатушы (тауар беруші) сатып алушыға өзі өндіретін немесе сатып алатын тауарларды кәсіпкерлік қызметке немесе жеке өзіне, отбасына, үй ішіне және сол сияқты өзге де пайдалануға байланысты емес өзге мақсаттарға пайдалану үшін келісілген мерзімде немесе мерзімдерде беруге міндеттенеді.

Тауар жеткізілімі шартының бөлшектеп сатып алу-сату шарттарынан және қарапайым тұрмыстық сатып алу-сату шарттарынан түбегейлі айырмашылығы бар. Тауар жеткі-зілімі шарты тауарлы-материалдық құндылықтарды экономиканың кез келгсн салаларында үлестіруге (қайта үлестіруге) мүмкіншілік береді. Бұрын бұл шартқа жасанды түрде әкімшілік-жоспарлау мінез берілетін. Жеке заңнамалық шешімдер оны сатып алу-сату шартының бөлек түрі ретінде қарастыруға әкелді.

Алайда, оның функциялары сол күйінде қалады. Өндірістің жекелеген салаларын орталықтандырудың күшеюіне байланысты оның басқа сатып алу-сату шарттарынан айырмашылығы өсе түседі. Тауар жеткізілімі шарты нарық субъектілеріне өндірілген, импортталған, экспортталған өнімдерді кез-келген бағытта тарату мүмкіндігіне ие болады. Оның көмегі арқылы өндіріс құралдары, өндіріске, қажет басқа тауар алынады, тауарлардың жекелеген топтары өндірушіден бөлшектеп сатушыларға дейін жүйеленген нарық инфраструктурасына ауысады.

Тауар жеткізілімі шартының елеулі айырмашылыктарының бірі одан туындайтын құқықтық қатынастар ұзаққа созылатын болып келеді. Осыған байланысты ұзақ мерзімдер бойы шарт тараптары өнімді тиеп жіберіп, алып тұрады, тауар жеткізілімін жүзеге асыру үшін қажетті көптеген ұйымдық құқықтық шараларды қолданады.

Тауар жеткізілімі шартының жасау тәртібі оның өзгешелігі болып табылады. Шарттың жобасын алған тарап 20 күннің ішінде оны қарап, шарттың бір данасын екінші тарапқа береді. Тараптар арасында шарттың жекелеген жағдайлары бойынша келіспеушіліктер пайда болған жағдайда шарт жасауды ұсынған және басқа тараптан осы жағдайлар бойынша келісу туралы ұсыныс (келіспеушіліктер хаттамасын) алған тарап осы ұсынысты алған күннен бастап отыз күн ішінде, егер өзге мерзім тараптармен келісілмеген болса, шарттың тиісті талаптарын келісу жөнінде шаралар қолдануға не басқа тарапты оны жасаудан бас тарту туралы жазбаша түрде хабарландыруға тиіс.



Сонымен, акцентантпен қойылған ұсыныстарға жауап беру мерзімі көбею жағынан қарастырылады. Өнім тапсыру туралы ереже бойынша ол 10 күнді құрайды. Алғашқы оферентті шарт жасауға еріксіз көндіруге жол берілмейді өнім тапсыру туралы ереже бойынша сатушының (өндірушінің) шарт жасаудан басын тартқан немесе келіспеген жағдайларға байланысты сұрақтарды және келіспеушіліктерді шешу үшін сот тәртібі қарастырылған еді. Заңнамадағы осы шешім де азаматтық құқықтағы шарттың еркідігі кағидасының күшеюіне мүмкіншілік береді деп айтуға болады.

Тауар жеткізілімі шартының нысаны-жазбаша. Шартты жасау, өзгерту, бұзу немесе оның мерзімін ұзарту тараптары қол қойған келісім немесе хаттар, факстар, телеграммалар, телетайпрограммалар, радиограммалар арқылы жасалады.

Тауар жеткізілімі шартында шарттың заты мен берілетін тауарлардың санын анықтайтын жағдайларынан басқа, жеткізілетін тауарлардың номенклатурасын (түр-түрін) бағасын анықтайтын, жеткізілетін өнімнің сапасының жағдайлары да бекітілуі керек. Егер шартта осындай жағдайлар көзделмесе, екі тараптың біреуінің талабы бойынша шарт жасалмаған деп есептелінуі мүмкін. Осыған байланысты осы айтылған барлық жағдайлар тауар жеткізілімі шартының міндетті жағдайларына жатқызылған.

Шарттың қосымша жағдайлары болып өнімнің жеткізу тәртібі мен мерзімдері, есеп айырысу тәртібі, шарттың қолданылу мерзімі, жыл сайынғы спецификациялар туралы келісу тәртібі (ұзақ мерзімді шарттар жасалған кезде).

Тауар жеткізілімі шарты әрбір мерзімге жасалады: ай, тоқсан және басқа да ұзақ мерзімге. Егер шартта оның қолданылу мерзімі белгіленбесе және ол міндеттеменің мәнінен туындамаса, шарт бір жылға жасалған деп танылады. Бір жылдан астам мерзімге жасалған шарт ұзақ мерзімді деп аталады. Ұзақ мерзімді және бірқатар қысқа мерзімді шарттар бір субъектілер арасында жасалса, олар маңызы жоғары нәтижелерге әкеп соғады. Үзіліссіз екі жыл көлемінде және одан да көп жылдарда күші бар шаруашылық байланыстар ұзақ мерзімді деп аталады және оны тауар беруші (өндіруші) бір жақты тәртіппен бұзуға құқығы жоқ. Осы тәртіп Қазақстан Республикасында орналасқан өндірушілермен (тауар берушілермен) тура және ұзақ түрде орнатылған шаруашылық байланыстарға қолданылады.



Шарттың жағдайларының бәрін оның жүргізу кезеңдерінде келісіп алуға болады. Кейбір жағдайларда, ұзақ мерзімді шарттарда олар күнтізбелік жылға немесе одан да ұзақ, бірақ шарттар жасалған жалпы мерзімнен аз мерзімге келісіледі. Егер ұзақ мерзімді шартта берілуге тиіс тауардың саны немесе өзге де шарт талаптары бір жылға нсмесе барынша ұзак мерзімге белгіленсе, шарттың қолданылу мерзімі біткенге дейін кейінгі кезеңдерге жағдайлар бойынша тараптардың келісу тәртібі белгіленуге тиіс. Шартта келісу тәртібі болмаған жағдайда шарт тиісшше бір жылға немесе шарт талаптары келісілген ұзақ мерзімге жасалған болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет