«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей


Келісімшарт жасасу шарты (Контрактация)



бет13/151
Дата25.04.2022
өлшемі0,87 Mb.
#32259
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   151
Келісімшарт жасасу шарты (Контрактация)

Келісімшарт жасасу шарты бойынша ауыл шаруашылык өні-мін өндіруші өзі өсірген (өндірген) ауыл шаруашылык өнімін-ұқсату немесе сату үшін осындай өнімді сатып алуды жүзеге асыратын дайындаушы-тұлғаға беруге міндеттенеді, ал дайындаушы оны қабылдауға және ол үшін төлеуге міндеттенеді. Келісім-шарт жасасу шарттың заңнамалық түсінігі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 478-бабында берілген.

Келісімшарт жасасу шарты, тауар жеткізілім шартындай сипатталады, яғни ауыл шаруашылық өнімін дайындаушыға кәсіпкерлік қызметінің жүзеге асырылуы негізінде беріледі, сондықтан келісімшарт жасасу шарты өзінің сипаттамаларымсн тауар жеткізілім шартына жақын. Қазіргі жағдайларда ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірушілері оны бөлшектеп сату жүйесі арқылы сирек өткізеді және өнімді өз бетімен қайта өңдеумен көбінесе шұғылданбайды. Оған себеп, көп нарық субъектілерінің мамандандыруының деңгейі жоғарыланып кетті. Ауыл шаруашылық өнімінің өндірушісі ауа райының жағдайларына, ауыл шаруашылық техникасының жағдайына, пестициттарының, тыңайтқыштардың бар болуына тығыз байланысты. Осыған байланысты келісім шарт жасасу шарты икемді құқықтық институт сияқты қолдануы мүмкін. Ауыл шаруашылық өндірісіне мемлекеттен ақша берілмеген жағдайларда фермерге күнін көру үшін осы келісім шарт жасалады. Мысалы, келісімшарт жасасу шарты контракттың алдын-ала тауардың бөлігіне төлеу міндетін қарастыруы мүмкін. Өз кезегінде бұл фермерге немесе өзге ауылшаруашылық өндірушіге өзінің өзекті мәселелерін шешуге мүмкіншілік береді-Негізінен келісімшарт жасасу шарты сатушының (ауыл шаруашылык өнімін өндірушінің) құқықтық корғауының күшейтуіне мақсатталған. Құқықтық даму кезінде ақыры осы саладағы шарттық тәжірибенің біркелкі өлшемдері (көрсеткіштері) анықталуы қажет. Келісімшарт жасасу шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 478-481-бабының тікелей нормалармен реттеледі. Бірақ оларда ауыл шаруашылық өнімі жеткізілімінін қатынастары толық, түбір-түбіріне дейін реттелмеген. Келісім-шарт жасасу сатып алу-сату шартының түрі болғандықтан сатып алу-сатуға және тауар жеткізіліміне арналған барлық нормаларымен реттеледі. Оған кейбір арнайы нормалар қолданылмайды, мысалы, бөлшектеп сатып алу-сату қатынастарын реттеуге арналғандар. Келісімшарт жасасу және тауар жеткізілім шарттары өзара біріншісі мәнсіз екіншісі өте маңызды нәрселер сияқты қатыспайды. Олар азаматтық құқықтық ортада тең негізде тұрмыс етеді. Заң шығарушы құқыктық реттеудің нәтижелілігін (тиымдылығын) арттыру қажеттіліктер басшылыққа алып сілтемелі норманы енгізді. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 478-б, 2-тармақ). Егер келісімшарт жа-сасу шартының қатынастары жоғары белгіленген баптар нормаларымен реттелмесе, оларға тауар жеткізілім шартының тәртіптері колданылады. Егер ауыл шаруашылық өнім мемлекеттік қажеттілікке сатып алынса, жоғарыда айтылып кеткен нормалардан басқа арнайы мемлекеттік сатып алуға арналған заңнама қолданылады.

Сатып алу-сату шарты сияқты, келісім-шарт жасасу шарты ақылы (өтемді) консенсуалды, өзара (екі тарапты құқыктармен міндеттер бар) шарт болып келеді. Ол сатып алу-сату шартының өзге түрлерінен субъектілік қатарымен, айтылғандай затымен, мазмұнының кейбір бөлігінен (құқықтар мен міндеттермен) ерекшеленеді.

Келісім-шарт жасасу шартының тараптары ретінде, сатушы (өнім ендіруші) және өнім дайындаушы (контракт) болып, көбінесе кәсіпкерлер әрекет етеді. Кейбір жағдайларда, келісімшарт жасасу қатынастарында өкілетті органдар арқылы мемлекет те қатыса адады.

Келісімшарт жасасу шартының пәні (нысанасы) болып ауыл шаруашылық өндірісінің әртүрлі өнімі табылады. Оның ішіне өсімдіктерді баптаудың, мал шаруашылығының, аң өсірудің, саңырауқұлақ өсірудің, балық шаруашылығының өсірілген, өндірілген ауылшаруашылықтың өнімдері кіреді. Біздің ойымызша олар тек шартпен қарастырылған алғашқы өндеуден (дайындықтан) өтуі керек. Яғни, олардың құрамына сапасын және тағайындауын өзгертетін неше түрлі қоспалар кіргізілмеуі керек. Егер әңгіме ауыл шаруашылық өнімінің маңызды қайта өңдеуі туралы болса, онда шарттың пәні (нысанасы) өзгереді, өзіндік айналым қабілеттілігін алатын оңашаланған мүліктік игілік ретінде оны есепке алуды талап ететін жаңа құн пайда болады.

Келісімшарт жасасу көп жағдайда болашақтағы енді өндірілетін ауыл шаруашылық өнімдері жөнінде жасалады. Осымен қатар, келісімшарт жасасу шартының нысанына өсірілген өнім жөнінде жасалатын мәмілелер де бөлінеді. Егер тараптар оған өнім тапсыру туралы ереженің колданылуын қарастырса, онда бағасы келісімшарт жасасу шартының елеулі жағдайларының қатарына жатады. Басқа жағдайда баға келісімшарт жасасу шартының болсын, тауар жеткізілімі шартының да болсын елеулі жағдайларына жатпайды.

Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші шартпен келісілген өнімді беруіне міндетті. Оның сапасы тікелей шартпен анықталады. Егер шартта оның сапасы жөнінде жағдай карастырылмаса, ол мемлекеттік стандарттарға сай болуы керек, яғни өндірілген өнімдер соңында тұтынушыға жетеді және де осыған байланысты оның өмірі мен денсаулығына қауіпсіз болуы керек. Өнім шарттар көзделген түр-түрімен беріледі. Сапасы, түр-түрімен бірге елеулі жағдай болып, өнімнің көлеміне байланысты жағдайда есептеледі. Контрактант өнімге ақы төлеуге міндетті, оның осы міндетінің орындалу тәртібі тауар жеткізілім шартының ұқсас міндетінің орындалу тәртібінен айырмашылығы жоқ. Содан баска оған алынатын өнімді ұқыпты тексеру міндеті жүктеледі, ол стандарттарға сай өнімнің сапасын тура анықтауды қамтамасыз етуге міндетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет