«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей



бет118/151
Дата25.04.2022
өлшемі0,87 Mb.
#32259
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   151
Көлік экспедициясы шарты. Көлік экспедициясы шарты өз алдына жеке және тек қана көліктік көмекші шарт болып табылады. Осыдан оның латын сөзінен туындайтын - ехреdіtіо - жөнелту деген атауы шығады. Әрекет етуші Азаматтық кодексте көлік экспедициясы шартының аталған рөлі ескерілген және оны реттеуге жеке 15 тарау арналған (708-714-баптар).

Көлік экспедициясы шарты бойынша бір тарап (экспедитор) сыйақы үшін басқа тараптың (клиенттің жүк жөнелтушінің немесе алушының) есебінен жүкті тасымалдауға байланысты экспедиция шартында белгіленген қызмет көрсетулерді орындауға немесе орындауды ұйымдастыруға, оның ішінде клиенттің атынан немесе өз атынан жүкті тасымалдау шартын (шарттарын) жасауға міндеттенеді.

Көлік экспедициясы шартының нысаны. Бұл шарт жазбаша нысанда бекітілуге тиіс. Заңнамада көлік экспедициясы шартында құжаттағыдай болуға тиіс, міндетті реквизиттерге талаптар қою көзделмеген. Талап етілетін жазбаша нысанды сақтамау салдары да арнайы көрсетілмеген.

Көлік экспедициясы шарты - консенсуалды, екі жакты және ақылы шарт. Көлік экспедициясы шартының субъектілері (қатысушылары) болып бір жағынан - экспедитор және екінші жағынан - клиент табылады. Орын алып отырған шарттық қатынастар еркіндігі заңды және жеке тұлғаларға шарттың екі тарабынан да көрінуге мүмкіндік береді. Бірақ клиенттер үшін көлік экспедициясы қатынастарына іс жүзінде қатысу мүмкіндігі оларда қайсыбір тасымалдау шартын бекітуге құзыреттіліктің болуына тәуелді болады. Ол кейбір жағдайларда болмауы мүмкін.

Көлік экспедициясы шартының пәні болып тасымалдауларды ұйымдастыруға (қамтамасыз етуге) қатысты қызметтер табылады. Бұл қызметтер бір уақытта, іс жүзіндегі және заңдық сипатқа ие болады.

Тараптардың құқықтары мен міндеттері. Кез келген өзге шарттық міндеттемеге сәйкес сияқты борышқор, осы тұстағы экспедитор. экспедициялык қызмет көрсетулер бойынша өзіне жүктелген міндетемелерді тиісті түрде орындауға міндетті. Экспедитор тасымалдау шартын клиенттік нұсқауларына сәйкес бекітуге тиіс. Жүк жөнелтушінің келісімімен экспедитор жөнелтуші-нің мүддесін, тарифтер деңгейін және жеткізу мерзімдерін ескере отырып, жөнелтушінің жүгін көліктің қай түрімен тасымалдауды өзі белгілей алады.

Экспедитор тасымалдау шартын тиісті түрде бекіте алу үшін жүк жөнелтуші (алушы) экспедиторға жүктің қасиеттері, оны тасымалдау жағдайлары туралы құжаттар мен өзге де аппаратты, сондай-ақ экспедитордың өз міндеттерін орындауына қажет өзге де ақпаратты беруге міндетті.

Экспедитор жүк жөнелтушіге (алушыға) ақпараттың анықталған кемшіліктері туралы хабарлауға, ал ақпарат толық болмаған жағдайда, жүк жөнелтушіден (алушыдан) қажетті қосымша деректерді сұрауға тиіс. Егер жүк жөнелтуші (алушы) қажетті ақпаратты бермесе экспедитор осындай ақпарат берілгенге дейін өзінің тиісті міндеттерін атқаруға кіріспеуге құқылы. Егер экспедиция шартынан экспедитордың өз міндеттерін жеке өзінің атқару міндеті туындамаса, экспедитор өз міндеттерін орындауға басқа тұлғаларды тартуға құқылы. Міндеттеменің орындалуын үшінші тұлғаға жүктеу экспедиторды шарттың орындалуы үшін клиенттің алдындағы жауаптылықтан босатпайды.

Көлік экспедициясы шартының әрбір тарабы бұл туралы басқа тарапқа қисынды мерзімде ескерте отырып, шарттан бас тартуға құқылы. Экспедитор кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылғандықтан тиісінше ол клиент алдында бой алдырмайтын күш немесе форс-мажорлық жағдайлар салдарынан өз міндеттемелерін орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады. Экспедицияның тасымалдау қатынастарымен аталған өзара бійланыстылығын жауапкершілікке қатысты ескерудің көрінісі, кейбір жағдайларды экспедиция міндеттемелерін бұзу экспедитор емес, тасымалдаушы әрекеттерінің салдарынан болу мүмкін екендігі де есепке алынатынымен сипатталады.

Экспедитордың клиент алдындағы жауапкершілігінің мөлшері ондай жағдайларда клиентке келтірілген шынайы залал мөлшерінен, яғни тасымалдаушы жауапкершілігінің мөлшерінен (АК 713-бап 2-т) аспауға тиіс, бірақ клиент алдында тікелей жауапты болып бәрібір экспедитор қалады. Тасымалдаушының кінәлі әрекеттерінің салдарынан жауапқа тартылған экспедитор оған кері талап қою құқығын иеленетін болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет