Жарамдылық мерзімі – осы мерзімінің ішінде тұтынылатын өнімді қолдануға мүмкіндік беріледі. Жарамдылық мерзімін өнімді дайындаушы тұлға стандарттау және сертификаттау нәтижесінде белгіленеді. Жармдалық мерзімі сатушымен белгіленбейді.
Талап қою мерзімі –тұлғаның бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге мүмкіндік берілетін мерзім.
Жалға алушы – жалға алу шарты бойынша жалға берушіден иеленуге, пайдалануға мүлікті уақытша алып, ол үшін ақы төлеуге міндеттенетін тұлға.
Жалға беруші- жалға алу шарты бойынша жалға алушыға пайдалануға, иеленуге өз меншігіндегі мүлікті беруге және ол үшін ақы төлеуді талап етуге құқылы тұлға.
Рента шарты – бір тараптың екінші тарапқа меншігіне мүлікті беруге міндеттенеді, ал екінші тұлға бірінші тұлғаға ақы төлеуге немесе оны ұстау үшін өзге де нысанда қаражат беру түрінде мезгіл-мезгіл ақы төлеп тұруға міндеттенеу туралы келісім
Рента алушы –рента шарты бойынша рента төлеушінің меншігіне өз мүлкін беруге міндеттенеді және одан рента төлеуді талап ететін тұлға.