«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей



бет4/151
Дата25.04.2022
өлшемі0,87 Mb.
#32259
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   151
Рента төлеуші – рента шарты бойынша рента алушының мүлкін өз меншігіне алуға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын мезгі-мезгіл төлеп тұруға міндеттенетін тұлға.

Аренда шарты – бір тараптың екінші тараптың иелігіне және пайдалануына өз меншігін беруге және ол үшін ақы төленуін талап етуге, ал екінші тұлға бірінші тараптың меншігіндегі мүлікті уақытша иеленуге және пайдалануға алуға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын төлеп тұоһруға міндеттенетін тараптардың арасындағы келісім.

Франчайзинг шарты – бір тарап екінші тарапқа сыйақыға айрықша құқықтар кешенін, сонфың ішінде өзінің фирмалық атауын және қорғалатын коммерциялық ақпаратты пайдалану құқығын, сондай-ақ тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, патент беруге міндеттенетін тараптардың арасындағы келісім.

Факторинг шарты – бұл шарт бойынша бір тарап

(қаржы агенті) ақшаны басқа тараптың (клиенттің)

билігіне береді немесе беруге міндеттенеді, ал

клиент қаржы агентіне клиенттің үшінші тұлғамен

(борышқормен) қатынастарынан туындайтын өзінің

ақшалай талабын қаржы агентіне береді немесе

беруге міндеттенетін келісім.

Зиян – бұл белгілі бір көлемде және заңмен көзделген тәсілдермен оның салдарын жоюды немесе өтеуді талап ету құқығын белгілі бір тұлғаға беретін, материалдық немесе моральдық құқық бұзушылықтың салдары.

Мұра – мұра қаолдырушының мұрагерге берілетін мүлкі.

Мұрагер – мұра қалдырушының талабы бойынша оның меншігіндегі мүліктің толығыменн немесе бір бөлігі ауысатын тұлға.

Прокат шарты – тұрақты кәсіпкерлік қызмет

ретінде жылжитын мүлікті жалға беруді жүзеге асыратын жалға беруші жалға алушыға мүлікті ақы төлетіп пайдалануға және иеленуге беруге міндеттенетін тараптардың арасындағы келісімі.



Лизинг шарты - лизинг беруші лизинг алушы

көрсеткен мүлікті сатушының меншігінен сатып

алуға және лизинг алушыға осы мүлікті ақы төлеп

уақытша иеленуге және кәсіпкерлік мақсатта

пайдалануға міндеттенетін тараптардың арасындағы

келісім.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет