«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей



бет14/151
Дата25.04.2022
өлшемі0,87 Mb.
#32259
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   151
Энергиямен жабдықтау шарты

Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергиямен жаб-дықтаушы ұйым абонентке (тұтынушыға) жалғанған желі арқылы энергия беруге міндеттенеді, ал абонент алынған энергия үшін ақы төлеуге, сондай-ақ оны тұтынудың шартта көзделген режимін сақтауға, өзінің карауындағы энергетика желілерін пайдалану қауіпсіздігін және энергияны тұтынуға байланысты пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтардың ақаусыздығын қамтамасыз етуте міндеттенеді (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 482-бабы).

Энергия айналымы ерекшелігінің түбінде екі себеп жатыр. Біріншіден, энергия тек шектеулі уақытқа сақталынады. Осыған байланысты энергияны өндіру, бөлу және тарату бір-бірімен өзара тығыз байланысты, бұл шарт бойынша екі тараптың міндеттері мен құқықтарын бөлуге өз әсерін тигізеді. Екіншіден, энергияны тарату қазіргі жағдайда күрделі болып табылатын жабдықтар көмегімен қалыптасады. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдарда инженерлік коммуникацияның, бақылау өлшеу аспаптарының, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құралдардың болуы міндетті. Электрмен жабдықтау шарты консенсуалды, екі жақты, өтемді (ақылы) болып табылады. Энергиямен жабдықтайтын ұйымның құқықтарын заттық құқықтар механизмі де қамтамасыз ете алады. Желілердің иесі белгіленген мер-зім бойы энергиямен жабдықтайтын ұйым үшін қажетті мөлшердегі энергияны өткізу қабілеттілікті сақтап (камтамасыз етіп) тұруға міндетті. Бұл желілер иесі өзіне энергияны өткізу шарты негізінде жүктеген ауыртпалық болып бағалануы мүмкін.

Қазақстан Республикасында Біртұтас энергетикалық жүйе қалыптасқан. Тауар ретіндегі электр энергиясын пайдалану ерекшелігі шарт міндеттерін орындау жүрісін бақылайтын құрылымды құруды, оның айналымының айрықша ережесін қалыптастыруды талап етеді.



Энергиямен жабдықтау шартының нысаны. Тұтынушыларды энергиямен жабдықтау энергиямен жабдықтау шарты негізінде гана қалыптасады. Бұл шарттың нысаны мәміле нысанына қатысты жалпы ережелерге бағынады. Кәсіпкерлік қызмет субъектілері арасындағы энергиямен жабдықтау шарты жай жазбаша нысанда бекітілуі мүмкін. Тұрмыстық тұтыну шарты ауызша нысанда бекітілуі мүмкін, тұтынушы электр энергиясын пайдалану, және электр құралдары мен электр желілерінің пайдалану техникалық жағдайын сақтау ережелерімен танысуы қажет. Келісімшартты бекіту айғағы ретінде аталған шарттың жағдайы келтірілген есеп кітапшасын алу қажет. Шарт тарптар арасында кез келген мерзімге (жыл, ай, тәуліктер, сағат ж.т.б.) екі жақты мерзімді шарттар жасалуы мүмкін.

Тәжірибеде энергиямен жабдықтау шарты бір жылға жаса-лады. Мерзім аяқталғаннан кейін энергиямен жабдықтау шартын тоқтату немесе өзгерту туралы тараптардьщ біреуінің өтініші болмаған жағдайда ол шартта көзделген дәл сондай мерзімге және нақ сондай талаптар бойынша ұзартылған болып есептеледі.



Энергиямен жабдықтау шартының элементтері. Энергиямен жабдықтау шартының тараптары жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкін. Аталған саладағы құқықтық реттеу ерекшелігі оның субъективтік қатарына, әсіресе электр энергиясын сатушы тарапынан елеулі әсер етеді. Жылу энергиясын жабдықтау ерекшелігі электр энергиясын пайдалану ережелерімен бірге бекітілген жылу энергиясын пайдалану ережелерімен анықталады. Сатып алушы (абонент) —бұл электрмен жабдықтау шартына отырған, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар желісіне электр қондырғыларын қосқан тұлға. Энергиямен жабдықтау шарты сатып алушыларға осындай ерекше талаптары арқылы сатып алу-сатудың басқа шарттарынан ажыратылады. Абонент (сатып алушы) болып жеке, сонымен катар заңды тұлғалар табылады.

Энергиямен жабдықтау-шартының нысанасы. Сатып алу-сату шартының нысанасы болып, электр немесе жылу қуаты табылады. Жалғанған желі арқылы тұтынушыларға берілетін кез келген заттар энергиямен жабдықтау шартының нысанасы болуы мүмкін деп есептейтін кейбір авторлар мен келісуге болмайды. Жекелеп алсақ, мұнай, мұнай өнімдері, су және басқа өнімдері болады.

Баға. Қазақстан Республикасында баға белгілеу бостандығы электр және жылу энергиясы нарығына да таралады. Мемлекеттік реттеуге монополиялық қызмет субъектілеріне баға белгілеу жатады. Бірқатар жағдайларда электр энергиясын жабдықтаушылар (таратушылар) және өндірушілерге Қазақстан Республикасының Табиғи монополия туралы Заңы қолданылуы мүмкін. Атап өткендей, электр энергиясынан алынатын (тұтынылатын) қуатқа байланысты бағалар екі ставкалық немесе бір ставкалық тариф бойынша анықталады. Екі ставкалық тариф энергиямен жабдықтаушы ұйым желісінің ең жоғары жүктемесіне қатысатын шарттық ең жоғары (максималды) қуаттың 1кВт үшін төлемінен - негізгі ставкадан, тұтынушыға босатылған белсенді электр энсргиясын 1кВТ сағаты үшін төлем, яғни қосымша ставкадан тұрады. Шартта электр энергиясына жеңілдіктер (үстеме) белгіленуі мүмкін. Көтерме тұтынушылар-қайта сатушылар энергиямен жабдықтаушы ұйымдар және энергия көздерімен олардан сатып алынған барлық электр энергиясы үшін шартқа сәйкес қайта сатушылар үшін белгіленген ортақ бір ставкалык тариф бойынша есептеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет