«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей


Негізссіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелер



бет72/151
Дата25.04.2022
өлшемі0,87 Mb.
#32259
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   151
Байланысты:
« аза стан Республикасыны Азаматты ы ы» (Ерекше б лім) О у-

Негізссіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелер. Негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттеме сол бір немесе өзге себептер бойынша тауарлармен ақылы эквиваленті алмасу бұзылатын, соның салдарынан жоспарланған, бірақ жүзеге аспаған қатынастардың қайсыбір қатысушысы қандай да бір материалдық игіліктерді басқа қатысушыларға негізсіз беретін, құқықтық қатынастардың теріс пиғылды қатысушылары басқа тұлғаның қандай да бір мүлкін жасырып қалатын немесе олардың контрагенті ретінде болуға жоспарланған тұлғаның мүлкін пайдаланып қалу орайы келетін және т.б. кез келген жағдайларда пайда болады.

Осы аталғандар негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелердің пайда болуының мүмкін болатын жалғыз негіздері болып табылмайды. Негізсіз баю сондай-ақ субъектілер шартты қатынастармен байланысты болғанда, шартқа қатысушылардың біреуінің немесе екеуінің салақтығы кездейсоқтыққа орай байыған тараптың немесе мүлікке деген құқықтардың заңды иесінен басқа өзге субъектінің пиғылынан болатын жағдайларда орын алуы мүмкін.

Негізсіз баюдан туындайтын міндеттеме негізсіз байыған тұлғаның біржақты іс-әрекеттерінен ғана пайда болуы мүмкін. Мәселен, теріс пиғылды азамат, өзінің танысының атына пошта жөнелтілімі келгенін (жіберілгенін біле тұра ол туралы хабарландыруды жіберілген зат иесіне көрсетпей, қолдан сенімхат жасап, жіберілген затты өзі алады. Бұл жағдайда негізсіз баюдан туындайтын міндеттеме жария деликтілік және жеке деликтілік құқық нормаларымен тығыз байланысады. Негізсіз баюдан туындайтын міндеттеменің алғы шарттары болып мүліктің меншік иесінің (өзге де құқық иесінің иелігінен шығуы адам мүлкін кез келген өзге де тәсілмен азайту табылады. Мысалы, субъект басқа адамның міндеттемесін өз қаражаты есебінен орындағанда. Сонымен бірге басқа тұлғалардың заңсыз баюы орын алады, олар артынан осы міндеттемеде борышқорлар ретінде көрінетін болады. Негізсіз баюдың белгісі болып мүлікті басқа тұлғаның есебінен және оған деген жеткіліксіз негіздерсіз немесе жинақтау болып табылады. Аталған жағдайларда ұқсас жағдайлардан қалыптасатын белгілі бір фактілік құрамға, сондай-ақ олар арасындағы белгілі бір алдын ала құқықтық байланыстарға байланысты және кейде оларға байланыссыз белгілі бір тұлғалар арасында міндеттемелік құқықтық қатынас - негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттеме қалыптасады. Тиісті фактілік негіз болған кезде мұндай міндеттеме бірқатар жағдайларда тікелей заң нұскауына орай туындайды.

Негізсіз баюдан туындайтын міндеттемеге өз пәні немесе бағасы ретінде мүліктік игілікті иеленген кез келген шарттық міндеттеме трансформациялана (жаңалана) алады. Оның себебі болып бастаушы міндеттемені, тараптардың әрқайсысына қайтарылуға жататын мүлікке таралатын құқықтар мен міндеттерді қоспағанда, оның қатысушылары үшін қызығушылықты жоғалтуы танылуы мүмкін. Мұндай жағдайларда негізсіз баюдан туындайтын екі міндеттеме қатар туындауы мүмкін. Субъектілердің әрқайсысы бір міндеттемеде несие беруші бола отырып, екіншісінде борышқор ретінде көрінеді.

Міндеттемелердің осы түрі субъект қай құқық саласы нормаларының күшіне (қателікпен қолданылуына) орай негізсіз байығандығына қарамастан кез келген мүліктік талаптарды қанағаттандыруға қабілетті. Мысалы, негізсіз баюдан туындайтын міндеттеме потенциалды түрде, егер адамнан жаңылысып салықтар өндіріп алынса туындауы мүмкін. Негізсіз байыған субъект болып мұндай жағдайларда мемлекет шығады.

Мұндай міндеттеме материалдық емес мүліктік игіліктерді қорғау үшін қолданылмайды. Негізсіз баюдан туындайтын міндеттемені әмбебап қорғаушы міндеттеме деп атауға болады. Оның әмбебаптығы, жоғарыда айтқанымыздай, негізсіз баюдың кез келген жағдайларында қолданыла алатындығынан көрініс табады. Сонымен қатар, бұл міндеттемелер заттық-құқықтық тәсілдердің көмегімен немесе деликтілік құқық нормалары арқылы жүзеге асырылатын құқықтық қорғаудағы олқылықтардың орнын толтыра алады. Олар сондай-ақ, кейбір жағдайларда құқықтарды қорғаудың аталған тәсілдерімен бірлесіп әрекеттеседі. Олар мүліктік құқықтық қатынастар қатысушыларының құқытық мүдделерінің тепе-теңдігін икемді түрде ескеруге мүмкіндік беретіндігімен ерекшеленеді.

Негізсіз баюдан туындайтын міндеттемеге орай, заңдар немесе мәмілемен белгіленген негіздерсіз мүлікті басқа тұлғаның (жәбірленушінің) есебіне иеленіп алған немесе жинақтаған тұлға (сатып алушы) негізсіз иеленіп алынған немесе жинақталған мүлікті (негізсіз баю) алдыңғысына қайтаруға міндетті.

Негізсіз байлық ретінде: а) егер міндеттемеге өзгеше көзделмесе, міндеттемені орындау үшін оны орындау мерзімі басталғанға дейін берілген мүлік; б) талап ету мерзімі өткеннен кейін міндеттемені орындау үшін берілген мүлік; в) азаматқа оның тарапынан теріс пиғыл болмаған жағдайда күнкөріске арналған қаражат ретінде (жалақы, авторлық сыйақы, өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу, зейнетақы, алименттер т.б.,) берілген және иемденуші пайдаланған ақша сомасы және өзге де мүлік қайтаруға жатпайды. Басқа тұлға мүлікті иемденген кезде міндеттеме мүлікті иемдену мүлікті негізсіз иеленетін тұлғаның үшінші тұлғаның немесе меншік иесінің құқықтардың өзге де иесі өзінің іс-әрекеттерінің салдары болып табылғанына қарамастан туындайды.

Мүлікті негізсіз иемдену иемденушінің өз іс-әрекеттерінің салдарынан орын алған жағдайда, оған жауапкершілік емес, ал негізсіз баюдан туындайтын міндеттеме қолданылады. Бұл иемденушінің мүлікті іс жүзінде иеленетіндігіне байланысты, ал жауапкершілікті қолданған кезде құқық бұзушының есебінен жәбірленушінің мүліктік аясының өсірілу ешқандай маңызға ие болмайды. Деликтілік жауапкершілікті қолданған кезде басым жағдайда кінәлі құқыққа қайшы іс-әрекеттерді жасау талап етіледі және олар объективті түрде жәбірленуші үшін залал келтіреді. Негізсіз баюдан туындайтын міндеттемелер негізінде мүлікті иеленушінің кінәсі ескерілмейді, оның негізсіз болуы ғана маңызды болады. Мүлікті иелену негіздерінің болмауы мүлікті иелену негіздерін болжамды немесе жорамалды түрде белгілейтін заңнама немесе мәміле ережелеріне сүйене отырып бағаланады. Мысалы, адамға ақысыз негізде сыйға мүлік беріледі делік, бірақ сыйлық сый берілетін тұлға орындауға тиіс қандай да бір талаппен шартталады. Оны тиісті түрде орындамаса да сый берілетін тұлға субъективті түрде оның осы мүлікке (затқа) деген құқықтарының пайда болу негіздер орын алды деп есептейді, бірақ іс жүзінде олай болмайды, негізсіз иелену кез келген жағдайда құқыққа қайшы болып табылады. Негізсіз алынған мүлікті қайтару жөніндегі міндет, сондай-ақ мүлік алдымен заңды негіздер бойынша алынған бірақ кейіннен мүлік алынған немесе жинақталған негіз тоқтатылған жағдайларда да туындайды. Мысалы, тегін пайдалануға берілген мүлікті несие алушы мен оның отбасы мүшелері пайдаланса несие алушы қайтыс болғаннан кейін (ҚР АК 615-бап) отбасы мүшелерінің мүлікті иелену мен пайдалану негіздері тоқтатылады.

Аталған құқыққа қайшылық, кейбір жағдайларда оның субъектінің құқық иесінің құқықтық мүдделерін шектеу арқылы көрініс табуы, мүліктің тұлғаның иелігінен оның өз еркі бойынша шығып қалғанына қарамастан, оның негізсіз баюдан туындайтын міндеттемелер арқылы қайтарыла алатындығына алып келеді. Егер заттық-құқықтық виндикациялық талап-арызды қою туралы сөз болып отырса, оған жол берілмейді. Сонымен қатар, алушы тарапынан арам ниеттілік болмаса меншік иесі заңды өтеу туралы талап-арыз қою мүмкіндігіне ие болмайды.

Заңнамада мүлік меншік иесінің (өзге заттық құқық иесінен) өз еркі бойынша оның иелігінен шығып қалғанда, оны қайтару мүмкін болмайтын жалғыз ерекшелік көзделген. Іс жүзінде жоқ міндеттемені орындау үшін берілген ақша сомасымен өзге де мүлік негізсіз баю ретінде қайтарылуға жатпайды. Бірақ, алушы адам мүлікті қайтаруды талап етіп отырған тұлғаның міндеттеменің іс жүзінде жоқтығын білгендігін не мүлікті қайырымдылық мақсаттарында берілгендігін дәлелдеуге тиіс.



Мүлік меншік иесінің (жәбірленушінің) иелігінен үшінші тұлғалардың іс-әрекеттеріне байланысты шығып қлған жағдайда да, егер мүлікті алушы үшінші тұлғалармен сөз байласпаса немесе өзге тәсілмен теріс пиғылды әрекет етпесе, оған деликтілік міндеттемелерден туындайтын талаптар қоюға болмайды. Мысалы екі кәсіпорын бар және олардың атаулары бір-біріне өте ұқсас делік. Екі кәсіпорынға да бір жеткізіп берушілер біртектес тауарлар жеткізіп отырады делік... Темір жол өзінің жаңылысуы немесе салақтығы салдарынан бір кәсіпорынның вагондарын екіншісіне жіберіп қояды. Осыдан келіп аталған кәсіпорындар арасында негізсіз баюдан туындайтын міндеттеме пайда болады. Негізсіз баюдан туын-дайтын міндеттемелер туралы нормалармен бірге деликтілік құқық нормаларымен мүлік алушының, оның өзіне тиесілі болуға тиісті емес екенін білген немесе білуге тиіс болғаннан кейін, теріс пиғылды тәртібімен байланысты қатынастары ғана реттелетін болады.

Әрине, теміржол немесе соған ұқсас басқа бір үшінші тұлға кінәлі болған кезде зиянды өтеу туралы талап-арыз мәлімденуі мүмкін, бірақ әдетте, жәбірленуші оның нақты бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге мүдделі болады және бұл қай жағынан қарасақ та орынды болып табылды.

Қазіргі жағдайларда(әрекет етуші заңнамаға сәйкес) мүлікті басқа тұлғаның негізсіз иелігінен қайтару немесе онымен негізсіз жинақталған (алынған) мүлікті қайтару туралы талаптар басқа жағдайлардан басқа, жарамды мәміле бойынша орындалғанды қайтару кезінде қолданыла алады.

Мәселе мәмілелердің жарамсыздығын тану мен реституция механизмі мүмкін болатын жағдайлардың барлық жолдарын көздемейтіндігінде. Бұрын әдетте, мәмілелердің жарамсыздығын тану кезінде реституциямен еш қиындық туындамайтын. Қазір жағдай өзгеріп, көптеген конфликтілік сәттер пайда болуда. Мысалы, қандай да бір формальды негіз бойынша пәтерді сатып алу-сату мәмілесі жарамсыз деп танылады. Сатып алушы өзін алданып қалушы ретінде сезініп, пәтерді босатудан бас тартады. Меншік иесі негізсіз баюдан туындайтын міндеттемелердің қорғаушы механизмін жүзеге асыруға құқылы. Бірақ ол үшін талап етілетін басты шарт болып оның алдымен өзі алған ақшаны қайтаруы табылады. Дәл осылайша мүлік алушы жәбірленушіге өз талаптарын қоя алады, егер сатып алушы пәтердің ішінде жөндеу жұмыстарын жасап үлгірсе жөндеуден кейінгі жақсартулар сатушының негізсіз алғанын құрайтын болады және ол сатып алушыға өтелуге тиіс.

Негізсіз баюдан туындайтын міндеттеме мүлікті бөтеннің заңсыз иелігінен айырумен тығыз байланысады. Біріншіден, орын алған жағдайға орай заттық (виндикациялық) талаптар өзге мүліктік міндет-темеге ауысуы мүмкін. Онда негізсіз баю туралы ережелер қолданылатын болады. Екіншіден, виндикация туралы заттық-құқықтық талаптар жеке анықталған заттарға қатысты мәлімденеді. Біртектес заттарды иеліктен айыру сондай-ақ мүліктік құқықтарды беруге қатысты талаптар да негізсіз баюдан туындайтын міндеттемелер туралы нормаларға сәйкес қанағаттандырылатын болады.

Иеленушінің өз еркі бойынша мүлікті иеліктен шығаруы виндикацияны болдырмайтындығын жоғарыда айтқан болатынбыз. Осыған байланысты негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелердің әрекеті міндеттемеде осы міндеттемеге орай орындалғанды қайтару туралы бір тараптың екіншісіне қойылатын талаптарына таралады. Бұл жалға беруші жалға алудың мерзімі өткен кезде немесе оны мерзімінен бұрын тоқтатқан кезде затты қайтаруды талап еткенде, жүк алушы тасымалдаушыдан жүкті беруді талап еткенде және басқа да соған ұқсас жағдайларда орын алады.

Негізсіз баюмен жәбірленушіге зиян келтірілген жағдайларда ол, белгілі бір бөлігінде зиян келтіруден туындайтын міндеттемелер туралы нормаларға және тиісті шарттық міндеттемелерге сәйкес өтелуге жатады. Мысалы, негізсіз байыған тұлға жәбірленуші мүлкін сақтаушы рөлінде де көрінуі мүмкін. Ол өз олқылықтары үшін (ал кейбір жағдайларда олқылықтар болмаған кезде де) жауап беруге тиіс және кейіннен негізсіз баюдан туындайтын міндеттеме құрамына заң нұсқауына орай сақтау бойынша міндеттемені орындамаумен немесе тиіс-ті түрде орындамаумен келтірілген зиянды өтеу де енгізіледі (бұл жерде біртұтас бөлінбейтін, күрделі міндеттеме туралы сөз болып отыр).

Мүлік алушының теріс пиғылы кезінде де осындай жағдай орын алады. Бірақ ол кезде оның зиянды өтеу жөніндегі қосымша міндеттері шарттық міндеттемелер туралы нормалармен емес, ал деликтілік міндеттемелер туралы нормалармен анықталатын болады.

Міндеттеме субъектілері міндеттеменің тараптары, мүлік алушы мен жәбірленуші ретінде кез келген жеке тұлғалар (бұл жағдайда субъектілердің кәсіпкерлік мәртебесі мүлдем ескерілмейді, ол негізсіз баюдан туындайтын міндеттемелер режимі үшін толығымен құқықтық маңызын жоғалтады), меншіктің кез-келген нысанына және кез келген ұйымдастырушылық – құқықтық нысандарға негізделген заңды тұлғалар бола алады. Бұл міндеттемелерде, сондай-ақ екі тараптан да мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөлініс көріне алады.



Негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттеменің пәні, бірқатар жағдайларда, зиян келтіруден туындайтын міндеттемелерге қарағанда анықтырақ болады, өйткені ол өзіне жәбірленуші көрген шығындарды жатқыза алмайды. Міндеттеме пәнін мүлікті иеленуші негізсіз алған немесе жинақтаған мүлік құрайды. Мүлікті негізсіз жинақтаған кезде міндеттеме пәнін дәл анықтау да қиын болады. Жалпылама түрде міндеттеме пәнін мүлікті иеленушіге негізсіз өткен заттай мүлік құрайды деуге болады, кейбір жағдайларда міндеттеме пәнін мүлікті заттай қайтару, зиянды өтеу, мүлікті иеленушімен негізсіз алынған табыстарды және т.б. қайтару орнына өтем жасау үшін арналған ақшалар құрайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет