МҮЛІКТІ СЕНІМГЕРЛІКПЕН БАСҚАРУ
1. Шетелге тұрақты түрде қоныс аударуға бел шешкен Ержанов қозғалмайтын мүліктерді сенімгерлікпен басқарумен айналысатын агенттікке өтініш жасап жеке меншігіндегі тігін ательсін өзінің пайдасы үшін ұтымды басқарып беруді сұрайды.
Агенттіктің қызметкерлері бұл тектес қызмет үшін Ержанов өз қалауы бойынша тапсырма немесе мүлікті сенімгерлікпен басқару және ательені заңды тұлға ретінде басқару шартының бірін жасауы қажет деп түсіндіреді.
Ержанов аталған шарттардың бір-бірінен қандай айырмашылығы барын түсіндіруді сұрайды.
Агенттіктің қызметкерлері қандай жауап берулері тиіс?
2. Қаланың коммуналдық меншігіндегі «Мейман» қонақ үйі ұтымсыз басқарудың нәтижесінде ешбір табыс етілмейді. Сол себептен қала әкімшілігі қонақ үйді «Рахат» акционерлік қоғамына сенімгерлікпен басқаруға береді. Олар қонак үйді қайта жабдықтап жөндеуден өткізеді. Алайда, осыдан кейін де қонақ үйді пайдаланудан түскен табыс оның өз шығындарынан артылмайды. Сондай-ақ «Рахат» акционерлік қоғамы шарт бойынша қонақ үйді қайта жабдықтап жөндеуден өткізген мердігерлермен әлі күнге дейін есеп айырыспаған, себебі аталған шартқа акционерлік қоғам тек сенімгерлікпен басқарушы тарап ретінде ғана қатысты болғанын желеу етеді. Мердігерлер сотқа талап арыз беріп, қала әкімшілігінен шарт бойынша міндеттемелерін орындауды талап етеді.
Сот мердігерлердің талабын қанағаттандыру мақсатында шешім кабылдап «Мейман» қонақ үйін жария саудаға салып сатады. Осыдан кейін жергілікті әкімшілік сотқа арызданып «Рахат» жабық акционерлік қоғамынан сенімгерлікпен басқаруға берілген мүліктен айыру нәтижесінде келтірілген шығынды өтеп беруді талап етеді. Ал «Рахат» акционерлік қоғамы өзіне қойылған бұл талапты орындаудан бас тартып өз тарапынан әкімшіліктен өзінің қонақ үйді басқаруға жұмсаған шығындарын етеуді және сыйақы беруді талап етеді.
Сот жергілікті әкімшілікпен «Рахат» акционерлік қоғамының өзара бір-біріне қойған талаптарын қанағаттандырмай тастайды. Соттың шығарған шешіміне баға беріңіздер.
3. Азамат Шалқаров «Жігер» акционерлік коғамының акцияларын «Алтай» фирмасына сенімгерлікпен басқаруға береді. Үш ай өткеннен кейін Шалқаров фирманың акцияларды номиналдық құнынан бірнеше есе қымбат бағаға сатып жібер-генін біледі. Ол фирмадан сатылған акциядан түскен ақшаны беруді талап етеді. Фирманың жетекшісі Шалқаровтың бұл талаптарын орындаудан бас тартып екі тараптың жасаған сенімгерлікпен басқару шартының бір жыл мерзімге жасалғанын ес-кертеді. Фирма акциялардан түскен ақшаларға құнды қағаз-дардың басқа түрлерін сатып алып оларды құнды қағаздар рыногында ұтымды пайдаланып, олардан мол табыс табуға ниеті бар екенін айтады. Фирманың пайымдауынша Шалқаров құнды қағаздармен жасалған операциядан түскен табысты тек сенім-герлікпен басқару шартының мерзімі аяқталғаннан кейін ғана алуға кұқылы.
Шалқаров сотқа талап арыз беріп фирмадан акцияларды сату нәтижесінде түскен ақшаларды қайтарып беруді талап етеді.
Сот қандай шешім қабылдауы тиіс?
4. Делавер штатының заңы бойынша АҚШ-тың заңды тұлғасы болып табылатын «Пица-Пица» корпорациясы жеке кәсіпкер Ануфриевпен коммерциялық концессия шартын жасады. Осы шарт бойынша кәсіпкерінен өндірушінің өнімдерін сату кезінде корпорацияның фирмалық атауын, іскерлік беделін және тауарлық белгісін пайдалану құқығына ие болды. Шарт бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының заңдары бойынша белгіленеді.
Ануфриев тұрғылықты мекен-жайы бойынша аудандық әкімшілікке Қазақстанның патент пен тауарлық белгілері жөніндегі ведомствоға коммерциялық концессия шартын тіркеуге алуды өтініп, арыз береді.
Әкімшілік төмендегі негіздер бойынша шартты тіркеуден бас тартады. Біріншіден, коммерциялық концессия шарты лицен-зияттың түрған жерінде емес лицензиялардың тұрған жерінде тіркелуі тиіс. Екіншіден, шартта пайдаланушыға тиісті құжаттар мен ақпараттарды беру және сонымен бірге пайдаланушы мен оның қызметкерлеріне коммерциялық концессия шарты бойынша берілген құқықтарды игеруге байланысты кеңес беру жағдайлары көзделмеген. Сондай-ақ «Пица-Пица» тауарлық белгісіне лицензия беру де көзделмеген.
Осылайша тараптар коммерциялық концессия шартының елеулі жағдайлары жайлы келісімге жетпеген. Сол себептен шарт жасалды деп танылмайды.
Ал Қазақстан Республикасының патент және тауар белгісі жөніндегі ведомствосы тауар белгісін пайдалануға беру туралы шартты тіркеуге ала алмайтындығы туралы хабарлайды, себебі «Пица-Пица» тауар белгісі ведомствода тіркелінбеген.
«Пица-пица» корпорациясына қызмет көрсетуші заң фир-масы кәсіпкер Ануфриевтің сұрауына қайтарған жауабында Де-лавер штатының заңында тауарлық белгілер арнайы тіркеуге алынбай-ақ қорғалатыны туралы хабарлайды. Делавер штатының заңында коммерциялық концессия ІІІартын арнайы тіркеуге алу мүлдем көзделмеген.
Тараптар өз қатынастарын заңға сәйкес дұрыс рәсімдеуі үшін қандай шаралар жасауы қажет? Әкімшілік пен Қазақстанның патент және тауар белгісі жөніндегі ведомоствасының пайымдауларына сараптама жасаңыздар.
Коммерциялық концессия шартының елеулі жағдайларына нелер жатады? Егер коммерциялық концессия шарты бойынша пайымдаушыларға берілген кейін құқық иеленуші өндіріс меншік объектісіне айрықша құқықтарынан айрылса қандай құқықтық салдар туындайды?
5. «Атыраумұнай» акционерлік қоғамы сотқа берген талап арызында «Тұлпар» акционерлік қоғамымен жасалған коммерциялық концессия шартын бұзып өзіне келтірілген зиянның орнын толтыруды талап етеді. Істі сот қарауына дайындау барысында мына жайлар белгілі болады.
«Атыраумұнай» акционерлік қоғамы (құқық иеленуші) «Тұлпар» акционерлік қоғамымен (пайдаланушы) коммерциялық концессия шартын жасасқан. Соған сәйкес «Тұлпар» акционерлік қоғамы «Атыраумұнай» акционерлік қоғамының фирмалык атауын, фирмалық тәсілі мен тауарлық белгісін мұнай өнімдеріп сату кезінде «Тұлпар» акционерлік қоғамына қарасты жанармай құю бекеттерінде сондай-ақ техникалық қызмет көрсету орындары мен дәмханаларда пайдалану құқығына ие болады.
Шартты жүзеге асыру барысында «Тұлпар» акционерлік қоғамының жанармай құю бекеттеріндегі мұнай өнімдерінің сапасы «Атыраумұнай» акционерлік қоғамына қарасты жанармай құю бекеттеріндегі мұнай өнімдерімен салыстырғанда сапасы едәуір төмен екендігі анықталды. Шарт бойынша жанармай құю бекеттері тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеуі тиіс болатын. Алайда, жанармай құю бекеттері түнде жабылып қалған. Жанармай құю бекеттері мен дәмханалардағы қызмет көрсету деңгейінің төмендігі тұтынушылар тарапынан әрдайым наразылық тудырып отырған. Аталған кемшіліктер «Атыраумұнай» акционерлік қоғамының пайымдауынша коммерциялық концессия шартының ережесін елеулі бұзу болып табылады. Сотқа жүгінуге тікелей себеп болған жай ол осы жанармай құю бекеті жайлы жергілікті теледидардан көрсетілген сын репортажы болды.
Істі сотта қарау барысында «Тұлпар» акционерлік қоғамының өкілі аталған кемшілікті мойындайды, бірақ шартты бұзып шығынды өтеу туралы талапты орындаудан бас тартады. Себебі, коммерциялық концессия шарты «Атыраумұнай» акционерлік қоғамын тіркеуге алған органда тіркеуден өтпеген. Сол себептен шарттан ешбір құқықтық салдар туындамайды.
Өзінің талап арызын қолдай отырып «Атыраумұнай» акционерлік қоғамы коммерциялық концессия шартының Қазақстан Республикасының патент және тауарлық белгілер жөніндегі ведомствода тіркеуге алынғандығын нұсқайды.
Сот қандай шешім шығаруы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |