«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей



бет75/151
Дата25.04.2022
өлшемі0,87 Mb.
#32259
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   151
ЖАЛҒА АЛУ

Есептер

1. Құс фабрикасы фермер Есеновқа екі ғимарат орнын жалға береді, алайда ғимарат орындары фермерге іс жүзінде өткізілгеннен соң тек 6 айдан кейін ғана шартқа қол койылады. Құс фабрикасы мен фермер арасындағы шарттық қарым-қатынастар тек шартқа қол қойылған күннен бастап пайда болғанына сүйене отырып, фермер жалға алған орынның ақысын тек шартқа қол қойылған күннен бастап қана төлейді, ал алдыңғы алты айға ақы төлеуден бас тартады. Дауды сотта қарастыру кезінде фермер шартқа уақытында қол қйылмау себебі құс фабрикасы жалға беретін орынды шарт мақсаттарына бейімсіз күйде өткізгенін және фермердің өзі оны қайта жабдықтағанын айтады. Онымен қоса фермер жалға берілген күннен бастап орынның бір бөлігін тракторлар бөлшектерінің қорын сақтау үшін пайдаланғанын растайды. Сот қандай шешім шығаруы тиіс?

2. Азамат Саматов шарт бойынша азамат Қаржауовтың «Жигули» автокөлігін ақы төлеп уақытша пайдалануға алады. Біраз уақыт өткен соң Қаржауов өз таныстарынан Саматовтың жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, Қаржауовтың автомобилін жолаушыларды ақы алып тасымалдау үшін пайдаланып жүргенін біледі. Автомобильшінің осылай жиі қолдануымен келісе алмаған Қаржауов автомобильді пайдаланғаны үшін Саматовтан жолаушылар тасымалдаудан түскен табыстың 20%-і мөлшерінде төлем орнатуды немесе шартты бұзуды талап етеді. Саматов Қаржауовтың талабы негізсіз деп санайды, өйткені олар Саматов тапқан табысының проценттік үлесіне үміттенуге болатындай бірлескен іс-әрекет шартын емес, жалға алу шартын жасасты. Сонымен қатар жалға алу шартында автомобильдің қандай мақсаттар үшін пайдалануы керек екені жайлы бірде-бір сөз жоқ. Келісімге келе алмаған тараптар заң кеңесшісіне барады, ол жердегі қорғаушы Саматовты жақтап, автомобильді пайдалану кезінде мақсаттық тағайындалуы сақталады деп мәлімдейді. Қорғаушының шешімі дұрыс па?

3. «Қаршыға колхозы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі— «колхоз») Ақбидай ауылының селолық тұтыну қоғамына (бұдан әрі— «қоғам») көкөніс сақтау орнын жалға береді. Бұл көкөніс сақтау орны колхоздың тұрақты (мерзімсіз) пайдалануына алынған жер учаскесінде орналасқан. Шарттың күші бар кезде қоғам колхоз келісімін алып, көкөніс сақтау орнын магазин етіп қайта жабдықтайды, ал кейін колхоз келісімін алмай-ақ, жалгер үйді бұзып, құрылыс материалы ретінде тура сол жерге үй салу үшін пайдаланған болатын. Колхоздың қоғамға көкөніс сақтау орнын қайтару туралы талап арызын сот жалға алушының мүлікті қайтаруға және мүліктің нашарлауы мен құнсыздануы себебінен туған жалға берушінің шығындарын өтеуге міндетті екенін негізге ала отырып, қанағаттандырады. Сот шешіміне шағым беріп, жауапкер мүліктің қазіргі кезде жоқтығын, ал сотта іс қаралып жатқан уақытқа қарай қоныстандырылған тұрғын үйдің құрылысы қымбат болып шыққандығынан колхоздың талап арызын қабылдамау керек деп көрсетті.

Жоғарғы сот қандай тарапты қолдау тиіс? Егер тұрғын үйге меншіктілік құқығы бәрібір де қоғамның пайдасына берілсе, жер учаскесін иемдену құқығы кімде болмақ?

4. Қалалық мүлікті басқару комитеті (ары қарай — «ҚМБК») «Арай» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің (ары қарай —«Серіктестік») өндірістік мұқтаждығына екіқабатты үйді 25 жылдық мерзімге жалға береді. Жалға алу шарты конкурстық негізде жасалды. Оған қатысқан серіктестік 200 000 000 теңге төлеп барып осы үйді жалға алу шартын жасасу құқығына ие болады. Шартқа тұрғаннан 5 жыл өткен соң серіктестік шетел инвесторымен біріге отырып жаңа заңды тұлға құрады да, жарғылық қорға үлесі ретінде жалға алынған үйдің жартысын 10 жыл пайдалану құқығын береді. ҚМБК қызметкері жалдау ақысының серіктестіктен емес, оның ұйымдастырған біріккен кәсіпорыннан келіп түсетінін байқайды. Осыған байланысты серіктестікке жалға алу шартын бұзу жайлы талап арызы жолданады, өйткені ҚМБК-ның ойынша шарттағы үйді қосалқы түрде жалға өткізуге салынған тыйымды серіктестік бұзады. Ал серіктестік болса жалға алу шартында жалға алынған мүлікті пайдалану құқығын жаңа құрылған заңды тұлғалардың жарғылық қорына өткізуге тыйым салынбағандықтан, жалға алу шарты бұзылмады деп санады. Ал біріккен кәсіпорынның жалгерлік ақыны аударуына келетін болсақ, ол оны серіктестіктің тапсырмасы бойынша және оның алдындағы қарызы есебінде жасағанын айтады.

ҚМБК-ның дәлелдемесі дұрыс па? Талап арызына жауап дайындаңыз.
5. 10 мамырда Қалалық мүлікті басқару комитеті (ары қарай-«ҚМБК») жалға алу шартының мерзімі өткеніне байланысты «Арман» акционерлік қоғамын оған берілген үйден шығару туралы талап арызымен сотқа береді. Шартта оны бұзудың басқа жолы қарастырылғанына: егер шарт мерзімінің аяғына 2 ай қалғанда тараптардың ешқайсысы оның қысқартылуы жайлы сөз қозғамаса, онда ол тура сондай мерзімге, яғни 5 жылға ұзартылатынына сілтеу жасай отырып, қоғам талап арызға қарсылық білдіреді. ҚМБК болса, шартты бұзу жайлы талабын 1сәуірде, яғни шартты бұзу жайлы сөз қозғауға болатын мерзімнің аяқталуынан соң 5 ай өткенде береді. Бұл дауда кім әділ?
6. «Құрылыс» акционерлік қоғамы «Алматы Трест» акционерлік қоғамына тас ұсақтайтын жабдықты 5 жылдық мерзімге жалға өткізеді. Жалға берушінің рұқсатымен жалға алушы тас ұсақтайтын жабдықты «Мерей» жауапкершілігі шектеулі серіктестікке 3 жылдық мерзімге қосалқы жалға береді. 6 айдан соң «Құрылыс» пен «Алматы Трест» өзара келісімі бойынша шартты бұзуды ұйғарады. Сол себепті мүлік иесі «Мерей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен тас ұсақтайтын жабдықты қайтаруды талап етеді. Ал ол болса, мерзімі әлі өтпеген қосалқы жалға алу шартын негіз етіп, жабдықты қайтарудан бас тартады. Істі шешіңдер. Егер:

  1. жалға алу шарты жалгердің жалға алу ақысын төлемеуіне байланысты бұзылған болса;

  2. тас ұсақтайтын жабдық жалға берушінің келісімінсіз қосалқы жалға берілсе шешім өзгеріске ұшырай ма?

7. «Ұлар» акционерлік қоғамы «Абылай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне ақысын өтеп сатып алу құқығын бере отырып 3 жылдық мерзімге «Vо1vо-850» автомобилін жалға береді, яғни әрбір кезекті жалға алу төлемі сатып алу төлемі болып табылады. Шарт мерзімі өткен соң кезектегі жалға алу төлеміне тең болатындай сатып алудың қосымша ақысын төлесе, сол сәттен бастап жалға алушының автомобильді өз меншігіне айналдыруға мүмкіндігі туады. Екі жылдан соң «Абылай» банкротқа ұшырайды және оның амалсыз таратылуы барысында автомобильді сатып алу төлемдерін қайтару жайлы мәселе қозғалады. «Ұлар» бұған қарсылық білдіреді, өйткені оның ойынша, тек шарт мерзімі аяқталған соң ғана жалға алушы сатып алу құқығына ие болады, демек жалға алу төлемдерін қайтарудың қажеті жоқ деп санады. Сонымен қатар шартта мынадай да қағида бар: егер жалға алушының жасаған қателіктері кесірінен жалға берушінің ықыласы бойынша шарт мерзімінен бұрын бұзылса, сатып алу құқығы өзінен өзі жойылады. Дауды шешіңдер. Осы шарт лизинг қатарындағы шарттарға жата ма?
8. Лизингтік компания болып табылатын «Вест» АҚ Трансформер ЖШС-мен лизинг шартына отырады. Аталған
шарт бойынша «Вест» «Трансформерге» электр зауытынан күшейткіш қондырғы алып беруге міндетті болады. Сатушыны лизинг алушының өзі таңдайды. Бұл шартта лизинг беруші, сату -
сатып алу шарты бойынша сатушы өз міндеттерін орындамаған
жағдайда — лизинг беруші жауап бермейтіндігі көзделеді.

«Вест» сату-сатып алу шартын жасасады. Алайда лизинг шарты бойынша мүліктің нақты бір жалға алушыға берілетіні жөнінде сатушыға ескертпейді.

Күшейткіш қондырғы белгіленген мерзім аралығында «Трансформерге» беріледі. Бірақ аталған қондырғының кепіл мерзімі өтпей жатып, істен шығып қалады. Лизинг алушы сатушыдан күшейткіш қондырғыны ауыстырып, жарамдысын беруді талап етеді. Сатушы мүліктің лизинг шарты бойынша берілгеннен хабардар емес екендігін айтып, талапты орындаудан бас тартады. Осыдан кейін жалға алушы лизинг берушіден шартты бұзуды, сонымен бірге келтірілген шығынды өтеуді талап етеді.

Істі шешіңдер. Егер сатушыны лизинг беруші өзі тандаған болса, бұл жағдайда шешім өзгере ме?

9. Кеңсе тазалау қызметімен шұғылданып жүрген жеке кәсіпкер Шұбаров прокат бюросынан бір ай мерзімге шаңсорғыш алмақ болады. Себебі, өз шаңсорғышы кәсіпкерлік қызмет барысында істен шығып, тұрмыс-техникаларын жөндейтін шеберханаға тапсырылған болатын.

Прокат бюросы шаңсорғыштың тұрмыстық мақсатта ғана пайдалануға арналғандығын және кәсіпкерлік мақсатта қолдану кезінде анық тез тозатындығын желеу етіп, шаңсорғышты беруден бас тартады. Сонымен бірге, прокат бюросының қызметкері мүлікті пайдалануға байланысты белгіленген бағада (тарифте), жоғарыда аталған жайлардың ескерілмегендігін айтады.

Прокат бюросының бас тартуы негізсіз, деп белгіленген Шұбаров сотқа берген талап-арызында, прокат бюросын шарт жасауға мәжбүрлеуді және кәсіпкерлік нәтижесінде алуға тиіс, күндік орташа табыстың тұрып қалған күндерге көбейтілген көлемінде шығынарды өтеуді талап етеді.

Істі шешіңіздер. Егер шарт объектісі токарлық станок болса, сіздердің шешімдеріңіз өзгере ме?
10. Азамат Исаев азамат Түркебаевқа пайдалануға № 1 өзінің роялін 10 жыл мерзімге жалға беру жөнінде келісіп төмендегідей шарт жасасады:

Рояль бұрынғысынша Исаевтің үйінде қала береді. Ал Пернебаев, аптасына 1 рет сағат 16. 00-де Исаевтің үйіне келіп 2 сағат бойы төлемақы ретінде Пернебаев әр кез тағам алып келуге тиісті болады.

Келісім жазбаша түрде рәсімделеді. Арада 2 жыл өткеннен кейін Исаев пен Пернебаев араздасып қалады, осы себептен жалға беруші рояльді пайдалануға келген жалға алушыны үйге кіргізуден бас тартады. Бұдан кейін Пернебаев талап арыз беріп Исаевтан рояльді алып пайдалануға қайта мүмкіндік алуға шешім қабылдайды.

Сот қандай шешім шығаруға тиіс. Егер Пернебаевты рояльді пайдалануға Исаевтің үйін өзге де мүмкіндіктерімен қоса рояльді сатып алган жаңа меншік иесі жібермесе сот шешімі өзгере ме?

11. Азамат Несіпбек ашық акционерлік қоғамның өзіне тиесілі 10 акциясын Лекерова деген азаматшаға жалға береді. Лекерова акционерлік қоғамның жылдық кезекті жалпы жиналысына келіп оған қатысуға мүмкіндік алады, күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша дауыс беріп девидент алады да оны сол күні өз дивидент мұқтаждығына жұмсап жібереді.

Алынған девиденттерді қайтаруды талап еткен Несіпбекке, Лекерова өз наразылығын білдіріп, жалға алынған мүлікті пайдалану кезінде өндірілген табыс шартта көрсетілмесе де жалға алушының меншігіне өтетіндігін айтады. Несіпбек сотқа жүгінеді.

Сот қандай шешім шығаруы тиіс? Сондай-ақ акция орнына вексель жалға берілген болса шешім өзгере ме?

12.Травкин Муслимовқа бір топ түбітті ешкілерін 3 жылға түбіт жинау мақсатында жалға береді, бұл арада пайдаланғаны үшін төлем ретінде әр жылғы өсімнен (төлден) кемінде бір лақ беріп тұруы жайлы өзара келісімге келеді. Жалға алынған алғашқы жылда-ақ ешкілердің ешқайсысы төлдемейді. Мұны біліп Травкин жалға алған мүлікті пайдаланғаны үшін төлем төлеуді талап етіп, ол орындалмаған жағдайда шартты бұзып шығынды өтеуді талап етуге құқылы екендігін көрсетеді. Муслимов өз тарапынан мүлікті пайдалану жағдайын нашарлатқандығы үшін төлем төлеуден босатуды талап етеді. Травкиннің көршісі Күзенбаев осы дауға қатысты «ешкілерден төл алынбаған болса, онда Муслимов дәл сондай ешкі лағын сатып алып», оны төлем ретінде қайтаруы тиіс деген пікір айтады. Осы дауда қай тарапты қолдайтын едіңіздер?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет