ТАСЫМАЛДАУ ШАРТЫ
1. Алматыдағы «Ауыр машина жасау зауыты» көтергіш-көліктік жабдықтар зауытына порталды крандар үшін электрмоторларын жөнелтеді. Жүк мерзімінен 10 күн кешігіп келеді. Моторлардың уақытында жеткізілмеу себебінен зауыт Атырау портына крандар жеткізу міндеттемесін орындай алмай қалады да, соңғысына шартты орындау мерзімін бұзғаны үшін айып төлейді. Осыған байланысты көтергіш-көліктік жабдықтар зауыты Жетісу темір жол Басқармасынан жүкті (электрмоторларды) кешіктіріп жеткізгені үшін айып төлеуді және сатып алушыға крандарды мерзімнен кешіктіріп жеткізгені үшін төлеген және Каспий пароход шаруашылығына жүкті (крандарды) тасымалдауға бермегені үшін төлеген айыппұлдар шығындарының орнын толдыруды талап етеді. Зауыт талаптарын қанағаттандыруға бола ма?
2. Автомобильдік көлікпен жүк тасымалдаудың бір жылдық шартын жасасу барысында автокөліктік кәсіпорын мен жүк жөнелтуші арасында шарт бойынша келіспеушіліктер туады.
Автокөлік кәсіпорны жобаға келесі шарттарды енгізеді:
1. Жүк жөнелтуші жүктің дұрыс жүктелмеуінің барлық салдарына, оның ішінде тасымалдау құралдарының зақымдануына және тасымалдау қауіпсіздігіне жауапты. Бірақ жүк жөнелтуші тарап оған келіспеушілік білдіреді, себебі жүк тасымалдау Ережесі бойынша жүкті тиеу барысында автокөлік жүргізушісі оны қадағалап тұруға міндетті.
2. Егер басқару органдарының шешімі бойынша автокөлік құралдары мемлекеттік тапсырмаларды орындауға тартылатын болса, онда тасымалдау құралдарын бермегені үшін автокөлік кәсіпорны жауапкершіліктен босатылады.Жүк жөнелтуші тарап мұның заңсыздығын айтып өз алдына шартқа келесі шарттарды енгізуді талап етеді:
1. Жүк алушыларға жүктерді мерзімінен кешіктіріп жеткізу салдарынан туатын шығындарының орнын автокөлік кәсіпорны толықтырады.
2. Егер де жүк жөнелтуші автокәсіпорынды тасымалдау құралдары берілмей тұрып 2 сағ. бұрын ескертіп қоятын болса, онда ол тасымалдауға жүк бермегені үшін жауапты болмайды.
Бұл шарттарға автокәсіпорын қарсы болады. Осы дау қалай шешілуі қажет?
3. «Бейне» акционерлік қоғамы темір жол басқармасына контейнерде тасымалданған жүктің ылғал тиіп, сол себептен жүк бағасының түсуінен туған шығындардың орнын толықтыру жөнінде талап арызын ұсынады.
Коммерциялық актіде көрсетілгендей, тобесінде тігістерінің арасы ажырап кеткен техникалық жағынан жөнді емес контейнерге жүкті тиеген жүк жөнелтушінің кінәсіне сілтеп, темір жол арыз берушінің талабынан бас тартады.
«Бейне» жабық акционерлік қоғамы контейнердегі кемшіліктерді жүк жөнелтуші жүкті тиеу кезінде байқауы мүмкін емес, өйткені олардың тек қараңғыда жасанды жарық түсіргенде байқалғанына сілтеп, жүктің бұзылуы үшін темір жол жауап беруі тиіс деп, талап арыздың қанағаттандырылуын қайталап қояды.
«Бейне» ЖАҚ-ның талап арызы қанағаттандырылуға жата ма?
4. 1995 ж. 20 маусымында «Сайман» зауыты Солтүстік темір жол басқармасына 1995 ж. ақпан және наурыз айындағы жүк тасымалдау жоспарын орындамағаны үшін айып төлеуге және жолдың вагондарды қоймау себебінен өнімді жеткізу мерзімінен кеш қалғаны үшін зауыттың өз сатушыларына төлеген айыбы көлемінде шығындарының орнын толтыру жөнінде талап арыз береді.
Жол Басқармасы талап арыз бойынша келесідей қарсылықтарын білдіреді:
1) жүк тасымалдау жоспарын орындамағаны үшін айып төлеуді талап етуте қатысты арыз беруші Қазақстан Республикасы Темір Жолдарының уақытша Жарғысының 152 б. қарастырылған талап қою тәртібін бұзған: айыптың тиісті сомалары бойынша есептесу арыз берушіге — ақпан айындағысы 6 наурызда, ал наурыз айындағысы 12 сәуірде хабарланған болатын. Ал арыз берушінің талабы тек 20 мамырда, яғни белгіленген мерзім өткен соң жасалған болатын, соған байланысты ол арыз берушіге қарастырылмай қайтарылады;
2) қалған сомаларды өндіріп алу ТЖЖ-мен қарастырыл-маған, өйткені олар арыз берушінің өз міндеттемелері бойынша кеткен шығындар болып табылады.
Қазіргі заң бойынша талап қою үшін мерзім белгіленбеген, ал шығындар жолдың жүк тасымалдау жоспарын орындамаға-нының салдарынан шыққанын айта отырып, зауыт өз талап-тарын қанағаттандыруды талап етеді.
Бұл дауда кімдікі дұрыс және істі қалай шешкен жөн?
5. Тасымалдаудың толық айлық жоспарына және жүк жөнелтуші, яғни «Апатит» бірлестігінің — сұранысына сәйкес Жетісу темір жолының Ақтаудағы бөлімі 1996 ж. сәуір айында жүктерді тасымалдау үшін бірлестікке 300 вагон (тең партиялармен онкүндік сайын) жіберуі тиіс еді. Бірлестіктің тасымалдауға қажетті рудаға көп мөлшерде ие болғаны жайында мәлімет алган жол бөлімі, бірінші онкүндікте 100 вагонның орнына қойырту ретінде 120 вагон жібереді. Бірлестік, 100 вагонды тиеп, еш негіздеусіз 20 вагонды тиеуден бас тартады.
Екінші онкүндікте жоспар бойынша 100 вагонның орнына жол 80 вагон, ал үшінші онкүіндікте жүк жөнелтушінің мәлімде-месіне сәйкес 100 вагон береді.
«Апатит» бірлестігі темір жолдың Ақтаудағы бөліміне тасымалдау жоспарын орындамау — екінші онкүндікте 20 вагон кем бергені үшін айып төлеу жөнінде талап арызын ұсынады.
Талап арызға қарсылық білдіре отырып, жол бөлімі жүк жөнелтушінің талабын негізсіз деп көрсетеді, өйткені екінші онкүндікте бірінші онкүндікте жіберілген, бірақ тиелмеген, 20 вагонды есепке ала отырып, 80 вагон жіберілген болатын.
Сонымен, жалпы бір айда 300 вагон жіберілді, яғни тасымалдау жоспары орындалды. Тасымалдау жоспарын орындамау үшін айып төлеу ай нәтижелері бойынша жасалуы керек.
Жол бөлімі өз алдына «Апатит» бірлестігінен бірінші онкүн-дікте тиелмеген 20 вагон үшін айып төлеуді және сол ссбептен тұрып қалған вагондардың келтірген шығындарын өтеуді талап етеді. Сонымен қатар, талап арыз бөлімге емес, жүк тасымалдау бойынша құқықтық қарым-қатынастардың субъектісі болып табылатын темір жол басқармасына қойылуы тиіс деп санады бөлім.
Тараптардың дәлелдерін талдап, дауды мәні бойынша ше-шіңдер.
6. Супермаркет дүкені тасымалдаушыға - Алматы темір жол басқармасына және өнім берушіге ет комбинатынажауапкер ретінде жетіспеген еттің орнын толықтыру туралыталап арызын береді. Жүк бүтін вагонда, бірақ пломбасы жоқкүйде келеді. Оны ашқанда вагонның толығымен жүктелгеніжәне жетіспеген жүк мөлшері оған сыймайтыны анықталады.Еттің кесілгені және басқа зақымдары байқалған жоқ. Бұл жайттар ет комбинатының экспедиторымен расталып, коммерциялық актіде көрсетілген.
Жүктің жетіспеушілігіне кім жауап тартуы тиіс? Егер жүк жіберуші жөнелткен вагон белгіленген бекетке дұрыс күйде және пломбаларын сақтап келген болса, шешім өзгере ме?
7. Шымкенттен Алматыға № 5 автокәсіпорынның көлігімен жартылай жүн матасын тасымалдау барысында жол бойында көлікте өрт пайда болып, нәтижесінде жүктің бір бөлігі опат болады да қалған мата зақымданады. Өзіне қойылған талаптан, ал кейіннен опат болған және зақымданған матаның құнының орнын 5 млн. теңге сомасында толықтыру жөніндегі сотқа берген талап арыздан автокәсіпорын бас тартады. Жауапкер автокөліктің көрсетілген жүк түрін тасымалдауға жарамсыз болғанын және оған жүк жіберуші кінәлі деп санайды. Көлік арызданушыға жабдықтарды тасымалдау үшін берілген болатын. Мата секілді жүк тек арнайы көлікпен тасымалдануы тиіс, әрі бұл маталар қайтар жолда тиелген.
Істі қарастыру кезінде, өрттің себебі көліктің техникалық жағынан оңды болмағанында жатқаны анықталады — 60—65 км/сағ. жылдамдықпен келе жатқанда, кардандық вал бөлекте-ніп, бензобакқа соғылады да оны теседі, содан барып от шы-ғады. Сот қандай шешім шығаруы тиіс?
8. Темір жолдың тасымалдау құжаты бойынша Ереваннан жүк жөнелтуші плтуші и жодв тасымалдау барысывгерлік шарттың айырмашылығы неде? Омбалаған контейнерде теміржол-су қатынасымен Маңғыстау облыстық Агроөнеркәсіп басқармасына жүк — электр техника заттарын жібереді. Жүкті Кавказ темір жолынан Каспий кеме шаруашылығының кемесіне тиелгенде Ақтау портында контейнердің бұзылғаны байқалады, соған байланысты порт контейнерді ашып, оның ішіндегісін тексеруді талап етеді. Ақтау портында жүк алушыға жүк Ақтау портындағы Бархатная бекеті жасаған коммерциялық актідегі көрсетілгендей жетіспеу-шілікпен беріледі. Жүк алушы Каспий кеме шаруашылығының Басқармасынан жетіспеген жүк сомасының орнын толықтыруды талап етеді. Кеме шаруашылығының басқармасы жүк жетіспеу-шілігінде өз кінәсін жоқ деп біліп, Кавказ темір жолының Басқармасына талаптық материал жібереді, ол талапты қанағаттан-дырудан бас тартады.
Жүк алушы Каспий кеме шаруашылығына талап арыз береді. Жүк жетіспеушілігінің пайда болуына Каспий кеме шаруашы-лығының кінәсі жоқ деп санап, сот талап арызды жүк жіберу-шіге және Кавказ темір жолының басқармасына беруді ұсынып, талаптық материалды арыз берушіге қайтарып береді.
Жүк жіберуші соттың бұл шешіміне шағым береді.Осы дау қалай шешілуі қажет?
9. Сапарғалиев Ақтау қаласында жиһаз гарнитурын сатып алып, оны фабрикалық буып-түйілген күйі қолына жүк квитанциясын алып, теміржолмен жүк құжаты бойынша Алматыға жөнелтеді. Жүгін алуға келгенде Сапарғалиев гарнитурдың керегесіне зақым келгенін, сервант әйнектері сынғанын, оның керегелері ұқалып қалғанын, ал 6 орындықтың екеуі жоқ екенін көреді. Гарнитурды алудан Сапарғалиев бас тартады да, оның құнының орнын толтыруды талап етеді.
Темір жол басқармасы Сапаргалиевтің талаптарын орындау-дан бас тартады, ал жауабында жүктің Ақтау қаласының жөнелту бекетінің бүтін пломбасымен, сау вагонда келгенін көрсетеді. Және талабын соларға қоюы керегін айтады.
Сапарғалиев Темір жол басқармасынан гарнитур құнын өндіріп алу жөнінде сотқа талап арызын береді. Сапарғалиевтің талап арызы қанағаттандырарлықтай ма? Егер қанағаттандырар болса, онда қандай мөлшерде? Тасымалданатын жүктердің сақталмауынан туатын темір жолға қойылатын талап-тардың тәртібі қандай?
10. Жолаушы Мұқанов поезға 20 мин. кешігеді. Темір жол вокзалының кассасына барып, ол поезға қала маңындағы поездарының кешігуінен отыра алмай қалғанын, ягни өз кінәсінен емес, темір жол кінәсі екенін түсіндіре отырып, билеттің толық құнын қайтаруды талап етеді. Кассир Мұқановтың талабын орындаудан бас тартады. Мұқанов талабын қанағаттандыру керек пе? Есепті әуе және автомобиль көліктері вариантында да шешіп көріңіз. Егер Мұқанов поезд кеткеннен кейін 2 күн өткен соң осы күндері ауруханада жүрек ауруымен жатқанын анықтайтын қағазын ұсынып, билет құнын қайтаруды талап ететін болса, шешім өзгерер ме еді?
Достарыңызбен бөлісу: |