«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей



бет79/151
Дата25.04.2022
өлшемі0,87 Mb.
#32259
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   151
Байланысты:
« аза стан Республикасыны Азаматты ы ы» (Ерекше б лім) О у-

ТАПСЫРМА ШАРТЫ.

КОМИССИЯ. САҚТАУ ШАРТТАРЫ

1. Сырымов Науқанбаевпен шарт жасасып, Науқанбаев үшін құрылыс материалдарын сатып алуды өзіне міндет етіп алады. Құрылыс материалдары алынған соң, Науқанбаев материалдардың өте жоғарғы бағамен алынғанын сілтеп, оларды қабылдаудан және Сырымовқа олардың құнын төлеуден бас тартады. Сырымов өзіне берілген және нотариалды түрде куәландырылған сенімхатта құрылыс материалдарын сатып алуға қажетті бағалардың көрсетілмегенін, тек Сырымовқа «қазіргі бағалармен құрылыс материалдарын сатып алу тапсырылады» делінгеніне сүйене отырып, материалдардың құнын төлеуді талап етеді. Сонымен қатар, құрылыс материалдарын қабылдауды кешіктірілуіне байланысты оларды сақтау үшін қосымша шығындалған Сырымов, сол шығындардың да орнын толықтыруды талап етеді. Науқанбаев болса, сенімхат беру кезінде Сырымовқа нақты сома көлемінде сауда жасауын атағанын айтып өз дегенінен қайтпайды. Келісімге келе алмай, тараптар заң кеңесшісіне барады.

Оларға қандай түсініктеме берген жөн?

2. Иманов өзіне берілген тапсырманы орындап болған соң, Біржановтан тұрғын үйді жалға алу мәмілесін іске асырғаны үшін 2 000 теңге мөлшерінде сыйақы төлеуді талап етеді. Біржанов ондай мөлшерде сыйақы төлеуден бас тартады, өйткені шарт жасасқанда сыйақының нақты сомасы көрсетілмеген болатын, бірақ ол Имановтың жасаған мәмілесіне өте риза екенін білдіріп, 500 теңге сыйақы төлеуге дайын екенін айтады. Имановтың ойынша ол өзіне тиісті сыйақы мөлшерін өзі тағайындауға құқылы. Оның үстіне, оның білуінше, тұрғын үйді жалға беру агенттіктері ондай қызмет көрсету үшін 5 000-нан 7 000теңгеге дейін мөлшерде сыйақы алатынын, ал оның өте төмен соманы сұрағанын айтады.

Бұл дауда кімдікі дұрыс? Егер Иманов жеке кәсіпкер — тұрғын үйді жалға алып беру агенті болатын болса, шешім өзгере ме?

3. «Сәуле» фирмасы азамат Әшекеевпен келісім жасасып, қолына сәйкес сенімхат береді. Әшекеев «Сәуле» фирмасы атынан өзі өкілі болып табылатын «Гауһар» акционерлік қоғамымен шарт жасасады. Шарт фирма үшін де, акционерлік қоғам үшін де олжалы еді, алайда фирма басшылығы Әшекеевтің қоғамның да агенті болып табылатынын біле салысымен, жасасқан шарттың жарамсыздығы жайлы жариялайды, өйткені ол өкілеттік туралы заңға қайшы келеді деп тапты. Әшекеевтің ойынша, фирма басшылары сенімхатты заңсыз қайтарып алған, агенттік келісім фирманың да мүддесін, заңды да бүзған жоқ.

Тараптар заң кеңесшісіне кеңес сұрап барады. Істі шешіңіздер.
4. Комиссиялық дүкенде стереомагнитофон қарап жүрген бір адам абайсызда оған зақым келтіреді. Комиссионер зақымды тек бірнеше күн өткен соң байқайды. Магнитофонды, оның сынып қалуынан, комитентпен келістірілген бағамен сата алмағандықтан, дүкен оның бағасын төмендетіп, шартта қарастырылғаннан 2 есе арзан бағамен сатып жібереді. Комитент магнитофонның шартта айтылған бағасының толық сомасын төлеуді талап етеді, сонымен қатар комиссионср өз міндеттерін дұрыс орындамағандықтан, комиссияяық сыйақы алуға үміт артпасын деп мәлімдейді. Комиссиялық дүкен комитентке магнитофонның іс жүзінде сатылған бағасы бойынша төлемін береді және комиссиялық сыйақы ұстап қалады.

Комитент сотқа барады. Істі шешіңіздер.

5. «Рауан» жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Ләззат» сауда кәсіпорнына комиссиялық жолмен біреуі 8 000 теңгс тұратын ерлер костюмінің партиясын сатуды тапсырады.

«Ләззат» сауда кәсіпорны костюмдерді біреуі үшін 15 000 теңден сатады да, сатылу бағасы мен «Рауан» серіктестігімен ке-лістірілген баға арасындағы бүкіл айырмасын өзіне комиссиялық сыйақы ретінде алып қалады.

«Рауан» серіктестігі онымен келіспейді. Өйткені шартта олар комиссиялық сыйақының мөлшері сатылған костюм партиясы бағасының 5% белгіленген болатын. Айырмасын, ендеше, комиссионер комитентке қайтаруға міндетті.

Сауда кәсіпорны онымен келіспей, шартта қарастырылған 5%-дық сыйақы костюмдерді жоғары бағамен сата алмаған жағдайда ғана алынатынын айтады. Бұл дауда кімдікі дұрыс?

6. Сансызбаев пен Ризабаев шарт жасасады, ол бойынша Сансызбаев ұзақ қызмет сапарына кетерде Ризабаевқа аккордеонын сақтауға беріп, оны пайдалануға рұқсат етеді. Тараптар сақтау төлемі пайдалану төлеміне сәйкес келеді деп келіседі, сондықтан да өзара есеп айырысу қарастырылмайды. Сансызбаев жұмыс сапарынан оралған соң Ризабаев қолын сындырып алып, аккордеонды пайдалана алмағанын айтады. Сондықтан Ризабаевтың ойынша Сансызбаев оған аккордеон сақтағаны үшін сыйақы төлеуге міндетті. Келісімге келе алмай, тараптар заң кеңесшісіне барады. Оларға қандай түсініктеме қажет?

7. Боранбаев 150 мың теңгеге жиһаз гарнитурын сатып алып, танысы Әміреевамен өзі жаңа петерге ордер алғанша оның үйіне гарнитурын қойып, сақтауы үшін оған сыйақы төлейтінін айтып келіседі. Ордерді алып, Боранбаев гарнитурды алуға келгенде, гарнитур құрамындағы екі кресло мен журнал үстелшесі жоқ екені анықталады. Әмірееваның айтуынша, Боранбаев ол заттарды оның пәтеріне әкелмеген. Боранбаев болса, бүкіл гар-нитурды тура дукеннен оның үйіне алып келгенін аитып, оның дәлелі ретінде оған жиһазды тасымалдауға және Әмірееваның үйіне оны түсіруге көмек көрсеткен үш куәгерді шақырады. Дау соттың қарастыруына беріледі.

Істі шешіңіздер. Егер де Әміреева түсі мен сапасы жағынан әкелінген жиһаздан өзгеше креслолар мен үстел ұсынса, шешім өзгере ме?

8. Жүзу бассейніне сабаққа келген азамат Нұрымов, бассейндегі гардеробтың істемейтінін көреді. Киім шешетін жерге сыртқы киіммен өткізбегендіктен, Нұрымов өз пальтосы мен бас киімін басқалар сияқты жұмыс істемейтін гардеробтың киім ілгішіне іліп кетеді.

Сабақтан шығып, Нұрымов пальтосы мен бас киімінің жо-ғалғанын көреді. Нұрымов бассейн директорынан ұрланған мү-ліктің құнын өтеуді талап етеді. Директордың пайымдауы бойынша Нұрымов болған оқиғаға өзі кінәлі, өйткені өте қымбат пальтомен келіп, заттарын қараусыз тастап кеткен. Ал істемейтін гардероб үшін бассейннің әкімшілігі жауап бермейді, өйткені онда қалалық тұрмыс комбинатының қызметкерлері істейді, ал ұрлық жасалған күні гардероб кызметкері ауырып, жұмысқа шықпай қалады. Өз сөзіне растау ретінде директор қалалық тұрмыс комбинатының гардероб қызметкерінің ауруы туралы телефонограммасын және актіні көрсетеді.

Нұрымов сотта бассейннен және қалалық тұрмыс комбинатынан жоғалған мүліктің құнын бірге өтеуді талап етеді.

Істі шешіңіз.

9. Саяжайды жалға алушы Қапалов, қыста үйдің кейбір заттарын қалаға тасып жүрмеу үшін поселкеде тұрақты тұратын саяжайдағы көршісі Салқынбековпен заттарын сақтауға қалдыру жайлы келіседі.

Заттардың көп болғанын ескере отырып, Салқынбеков сарайын тақтайлармен жауып, жылытып, онымен қоймай қыста оны анда-санда от жағып жылытып тұрады. Көктемде, Салқынбеков бірнеше күнге қалаға кеткенде, оның үйіне ұрылар еніп, Салқынбековтың мүлігінің жартысын және сарайда сақтаулы тұрған Қапаловтың мүлкін ұрлайды.

Болған жайтты естіген Қапалов Салқынбековтан ұрланған мүліктің құнын өтеуді талап етеді. Салқынбеков, өз алдына, одан сарайды жылытқаны үшін және от жағып тұруға кеткен шығындарының орнын толтыруды талап етеді.

Қапалов өз талаптарынан қайтпайды. Онымен қоса, сақтау үшін ақы төлеу туралы келісім араларында жоқ, сондықтан да ол Салқынбековтың қандай да болмасын шығындарын өтеуге міндетті емес екендігін, оның үстіне заттардың ұрланғанын айтады. Бұл дауда кімдікі дұрыс?

10. Вокзалдағы автоматтандырылған сақтау камерасының ұяшығына чемоданды қою кезінде Пернебаев шифр ретінде өзінің туған жылын алады. Ұяшықты ашу кезінде оның чемоданы ұрланғаны анықталады. Пернебаев вокзал әкімшілігіне сақтау камерасынан өз чемоданының ұрланғаны жөнінде шағым білдіреді. Вокзал басшысы Көлік Министрлігінің қазіргі нұсқауына сәйкес вокзал әкімшілігі автоматтық сақтау камерасынан ұрланған заттардың құнын өтеуге міндетті емес екенін айтады. Сонымен қатар, Пернебаев шифр ретінде өз туған жылын алып, ұяшықты шифр таңдаумен ашу үшін қолайлы жағдай тудырғанын әрі автоматтық сақтау камерасын пайдалану ережелерін
бұзғанын айтады.

Вокзал бастығы берген түсініктеме дүрыс па? Егер де жоқ болса, сотқа дәлелді арыз дайындаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет