1. Автобаза жүргізушісі Айдарбеков Қапшағай жолымен келе жатып, жол тәртібін бұзғандықтан, ол азамат Қирабаевтың автокөлігімен соқтығысып қалады. Жол апаты Айдарбеков кінәсінен болғандықтан ол автобаза гаражында Қирабаевтың автокө-лігін жөндеп беруге келіседі. Осы мақсатпен Айдарбеков автобаза жұмысшылары Сырымов және Елеуовпен олардың жұмыстан тыс уақытта Қирабаевтың көлігін жөндеп беруі жөнінде келіседі. Алайда, автокөлік жөнделіп болған соң, Айдарбеков автокөліктердің соқтығуынан туған зиян үшін қатерлі қауіп көзінің иесі ретінде автобаза жауапкершілік тартуы тиіс дегенге сілтеп, келіскен соманы төлеуден бас тартады. Сырымов пен Елеуов оған автокөлікті жөндеу үшін шартта белгіленген соманы төлеу туралы талап арызын ұсынады.
Сот тиісті жауапкер ретінде автобазаны тартып, оған Қирабаевқа зиян келтіргсн қатерлі қауіп көзінің иесі ретінде сол соманы төлетеді. Соттың шешімі дұрыс па?
2. Қаражота ауылының тұрғыны Мәметовтың үй салуға дайындаған бөренелері ұрланады. Екі аптадан соң көрші ауылдың тұрғыны Кітапбаевтың ұрлықтың ертесінде белгісіз жүргізушіден өте арзан бағамен 10 бөрене сатып алғанын біледі. Кітапбаевқа келген Мәметов кездейсоқ сақталып қалған белгілер бойынша өз бөренелерін таниды, бірақ олар Кітапбаев салып жатқан сарайға жұмсалып жіберілген екен. Соңғысы бөренелерді белгісіз жүргізушіден сатып алғанын мойындайды, бірақ Мәметовтың бөренелер құнын қайтарып бсру немесе сол сияқты 10 бөренені беру талабын орындаудан бас тартады. Ол бөренелерді сатып алу кезінде олардың біреуден ұрланғанын білмегенін, әрі болжамағанын айтады. Мәметов ұрланған 10 бөрене құнын төлеу туралы Кітапбаевқа талап арызын сотқа береді.
Сот қандай шешім шығаруы тиіс? Егер де Мәметовтың бөренелерін ұрлап, Кітапбаевка сатқан жүргізуші Көлбаев екені анықталса, шешім өзгере ме?
3. Учаскелік құрылыс қоймасы Танабаевқа оның кінәсі бойынша қоймаға келтірілген зиянның құнын өтеу жөнінде талап арызын береді. Талап арызда Танабаев бензин тасымалдаушы автокөлік жүргізушісі ретінде жұмыс істеп жүріп, автокөлікті дұрыс пайдаланбау салдарынан тасымалданған олифті ағызып алғандықтан, арыз берушіге материалдық зақым келтіреді. Деликтік жауапкершілік нормаларын басшылыққа ала отырып, сот қойманың талап арызын қанағаттандырады. Танабаев сот шешімін апелляциялық тәртіпте шағымдайды.
Танабаевтың шағымы қанагаттандырылуға жата ма? Қ. С. Ғаппаров сотқа «алимент» ретінде төленген сомалардың, бірнеше рет сотқа барумен байланысты шығындардың, және соған байланысты жоғалтқан еңбек ақысының, ал сонымен қатар оған келтірілген моральдық зиянның орнын толтыру жөнінде талап арызын береді.
Қ. С. Ғаппаровтың талаптары қанағаттандыруға жата ма? Бұл іс қалай шешілуі тиіс?
4. Сабыров дүкеннен 2 жылға кепілдік берілген «Радуга» түрлі-түсті теледидарын сатып алады. Екі жарым жылдан соң теледидар өзінен-өзі өртеніп кетеді де, Сабыров пәтеріндегі өртке себепші болады. Өрт нәтижесінде Сабыровтың бүкіл жиһазы жанып кетеді, ал пәтердің жөндеу жұмыстарына 300 000 теңге жұмсалады. Өрт сөндіру кезінде Сабыров пәтерінен кеткен су төменде орналасқан Ботбаев пәтеріне еніп, төбесі мен керегелеріне ағады. Оны жөндеуге 80 000 теңге жұмсалады. Экспертиза қорытындысы бойынша Сабыров пен оның жанұясы жағынан теледидар пайдаланудағы қателіктері болмады, ал теледидардың жанып кетуі оны құрастырғанда жылуға төзімсіз материалдарды пайдаланғанның салдарынан болғаны анықталады.
Сабыров пен Ботбаев теледидар сататын дүкенге оларға кел-тірілген зиянның орнын толтыру жөнінде талап арызын ұсынады. Қойылған талаптарға қарсылық білдіре отырып, дүкен теледи-дардың өзінен-өзі жанып кетуден Сабыровқа келтірілген зиянда дүкеннің, біріншіден, кінәсі жоқ, ал екіншіден, оның сатқан заттарының кемістіктері үшін кепілді мерзім өткен соң еш жауапкершілігі жоқ екенін көрсетеді. Ал Ботбаевтың талапта-рына қатысты, оған келтірілген зиян теледидардың жанып кетуінен емес, Сабыров пәтерінде өрт сөндіру салдарынан туған, сондықтан да ол өз талаптарын өрт сөндірушілер командасына қоюы тиіс деп жауап береді.
Сабыров пен Ботбаевқа келтірілген зиянның орнын кім және қандай тәртіпте толтыруы тиіс?
5. Бастауыш мектеп оқушылары Айдар (9 жаста) және Берік (10 жаста) класта ойын ұйымдастырады: еденге және кластағы тақтаға «жебелер» (қарындаштарға байланған инелер) лақтырады. Беріктің сәтсіз лақтырылған «жебесінің» біреуі сол класс оқушысы Мұқанов Мейірдің көзіне тиіп, нәтижесінде ол көзінен айырылады да ұзақ уақыт емдеуде жүреді. Мейірдің әкесі Беріктің ата-анасы мен мектепке келтірілген зиянның: Мейірдің емделуіне кеткен шығындардың, оның ішінде көз протезінің құнын және Мейірдің оқуда артта қалып қалмауы үшін репетиторды жалдау шығындарының орнын толтыру жөнінде талап арыз береді. Сот класс жетекшісінің кластағы оқушылар тәртібін үзіліс кезінде дұрыс қадағаламағанына, ал Беріктің ата-анасының ұлын нашар тәрбиелегеніне сүйене отырып, Беріктің ата-анасы мен класс жетекшісіне ортақ түрде қажетті сомаларды төлетеді.
Істе келесі құжаттар болды:
а) балалармен жұмыс істеудегі жауапсыздығы мен қауіпті ойынды тоқтату шараларын қолданбағаны үшін класс жетекшісіне сөгіс жасаған мектеп директорының бұйрығы;
ә) Беріктің мектепте оқуының барлық жылдарындағы үлгілі тәртібі және жақсы үлгерімі мен айтқанды тыңдайтыны көрсе-тілген мектептің Берікке берген сипаттамасы. Тұратын жерінен де оған еш ескертулер түспеген.
Беріктің ата-анасы мен мектеп соттың бұл шешімін шағымдайды. Бұл істі қалайша шешу керек?