3 Тақырып. Мүлікті жалдау (Аренда)
Мүлік жалдау (аренда) шартының ұғымы және элементтері. Мүлік жалдау қатынасы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 29-тарауында реттелген. Мүлік жалдау (аренда) шарты бойынша жалға беруші жалға алушыға мүлікті ақыға уақытша иеленуге және пайдалануға беруге міндеттенеді. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 540-б,).
Аренда шартының сатып алу, сату рента шарттарынан айырмашылығы, ол мүлікті уақытша иеленуге беруге байланысты қатынасты реттейді. Мүлік жалдау шарты Римде кеңінен таралған еді. Сонымен қатар, мүлікті жалдау затты пайдалануды болжайтын мұнымен қоса жалдаушының иеленуіне назар аударылмайтын, ал негізінен жалдаушы тек затты ұстаушы меншік иесі құқықтарын жүзеге асыруға көмектесетін тұлға ретінде ғана бағаланатын.
Мүлікті жалдау шарты консенсуалды (құқықтары мен міндеттері тек тараптардың келісімі негізінде пайда болатын), өзара, өтеулі (ақылы) болып табылады. Арендалық шарттан туындайтын міндеттемелік құқықтық қатынастарды және заттық құқықтык қатынастарды ажыратып қарау қажет. Әрине, міндеттемелік құқық шеңберінде бірінші кезекте аталған қатынастардың бірінші тобын қарау керек. Аренданың заттық құқығы жеткілікті дәрежеде жан-жақты және толық заттық құқық мәселелеріне арналған еңбектерде талданған. Сонымен қатар, аренданың заттық құқығы ескерілмесе жалға алушының да жалға берушінің де құқықтық жағдайының сипаттамасы толық болмайды. Жалдаушы мен жалға берушінің заттық құқық қатынастар негізінде қатысуын жоққа шығаруға болмайды.
Мүлік жалдау шартының нысаны. Мүлікті жалдау шартының нысанына арнайы талаптар да қойылады. Егер, мысалы, шарт бір жылдан астам мерзімге жасалса, онда оның нысаны жазбаша болуы тиіс. Кәсіпкерлік әлде кәсіпкерлік емес болғанына, мерзіміне қарамастан, тарабы заңды тұлға болып келетін мүлікті жалдау шарттары да жазбаша нысанда жасалуы керек. Жылжымайтын мүлікті жалдау шарты мемлекеттік тіркеуге жатады. Азаматтар араларындағы 1 жылға дейінгі мүлікті жалдау шарттары ауызша нысанда жасалуы мүмкін. Егер, болашақта жалдаушыға мүлікке өтетіні қарастырылса, меншік құқығы онда мүлікті жалдау шарты сатып алу-сату шартының нысанындай нысанда жасалуы тиіс.
Мүлік жалдау шартының элементтері. Мүлік жалдау шартының тараптары жалға алушы және жалға беруші, жалға беруші және жалға алушы ретінде кез келген тұлға, заңды және жеке тұлға бола алады. Егер шарт мемлекет атынан не әкімшілік-аумақтық бірлестік атынан жасалса мүлікті жалға беруші болып өкілетті мемлекеттік орган, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру бойынша комитеінің аумақтық органдары табылады.
Жалға беруші - бұл пайдалануға берілген мүліктің иесі, ал заңды тұлға - оқшауланған мүлікке меншік, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқығы бар субъект. Кейбір жағдайларда мүлікті жалға беруші болып оған өзге де құқықтары бар жеке немесе заңды тұлғалар болуы мүмкін, олар мүлікті жалға беруге заңмен немесе шартпен өкілденуі тиіс (мысалы, бұл мүлікті сенімгерлікпен басқаратын болуы мүмкін).
Жалдаушы (арендатор) — мүлікті уақытша иелену және пайдалануға, немесе тек пайдалануға алған жеке немесе заңды тұлға. Мысалы, станокты жалдаушыға белгілі сағаттарда немесе күндерде кажетті жұмыстарды жасау (орындау) мүмкіншілігі берілуі мүмкін. Мүлкіне оралымды басқару құқығы бар коммерциялық емес заңды тұлғалар, олардың мүлкінің меншік иесімен мүлікті жалдау құқығында шектелуі мүмкін. Тараптар құқықтары мен міндеттерінің өзге тұлғаларға ауысуы ішінара және де әмбебап құқықтық мирасқорлық негізінде болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |