«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей



бет22/151
Дата25.04.2022
өлшемі0,87 Mb.
#32259
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   151
Байланысты:
« аза стан Республикасыны Азаматты ы ы» (Ерекше б лім) О у-

Аренда шартының бағасы. Ол шартқа сәйкес анықталады. Егер, ол шартта көрсетілмесе, онда басшылыққа бір немссе өзге жағдайларда төленетін аренданың бағасы алынады.

Аренда шартының мерзімі. Мүлік жалдау шарты нақты анықтамлаған мерзімге жасалуы мүмкін, бұл үшін ол күшінде болып келетін мерзім шартта көрсетілмейді. Нақты анықталмаған мерзімге жасалған мүлікті жалдау шартында әрбір тарап, шарт қозғалмайтын мүлік жөнінде болғанда екінші тарапқа үш ай бұрын ескертіп, ал шарт қозғалатын мүлік жөнінде болғанда бір ай бұрын ескертіп, кез келген уақытта шарттан бас тарта алады. Өзгеше тәртіп заң актілерімен немесе шартпен қарастырылуы мүмкін. Мысалы шартта тараптар нақты анықталмаған мерзімге жасалған мүлікті жалдау шартын бір жақты тәртіпте бұруға тиым салуы мүмкін.

Мүлік жалдау шартынын мазмұны. Жалға беруші мүлікті жалға алушыға шарт талаптары мен мүліктің мақсатына сәйкес, келетін күйде беруге міндетті (АК 547-6. 1-тармағы). Мүліктің күйі бірінші кезекте шартпен анықталуы тиіс. Мысалы, жалға қоймалар берілгенде, олар өрт қауіпсіздігінің талаптарына бөлмелердегі ауаның ылғалдылығына не құрғақтығына қойылатын талаптарға және басқаларға сәйкес болуы керек екені болжау жасалуы мүмкін.

Кейбір жағдайларда заттың кемшіліктерімен байланысты тараптардың құқықтары мен міндеттері туралы мәселе басқаша шешімін табады. Жалға берілген заттың кемшілікалуыік жен мерзім шартта кеқ.терін оны қараған кезде бірден табуға мүмкін болса, немесе затты жалға алғанға дейін жалдаушы затпен пайдаланып үлгерген болса, онда жалға беруші заттың кемшіліктері үшін жауапты болмауы тиіс.

Затты тұтынудың одан құтылу мүмкін емес (сөзсіз) салдары болып оның белгілі дәрежеде нашарлауы (тұтынушылық қасиеттерін жоғалтуы) табылады. Сондықтан бірнеше жыл пайдалануда болып келген мүліктің (заттардың) күйі тиісті емес тіпті қанағаттанатындай болмай шығуы мүмкін. Осыған байланысты шарттың екі тарабы бірдей белгілі бір шешімдерді қабылдап әрекеттерді жасауға мәжбүрлі болады.

Жалға беруші мүлікті шартпен қарастырылған мерзімде беруі керек, егер бұл мерзім шартта қарастырылмаса, онда ол қисынды мерзімде берілуге жатады. Жалға беруші шартқа қайшылық жасап мүлікті бермесе жалдаушы бұл мүлікті ҚР АК 355-бабына сәйкес талап ете алады немесе шарт бұзылуын талап ете алады. Екі амалды қолданған кезде де жалға алушы өзіне келтірілген шығындарды өндіріп ала алады.

Мүлік жалдау шартының тараптары арасында мүлікті күтіп ұстау ауыртпалығы бөлінеді. Жалға беруші жалға берілген мүлікке тараптармен келісілген мерзімдерде, егер заң актілерінде не шартта өзгеше көзделмесе, оз есебінен күрделі жөндеу жүргізуге міндетті. Жалға алушы жауап бермейтін мән-жайларға байланысты пайда болған аса қажеттілік тапап ететін жөндеуді, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жалға беруші қисынды мерзімде өз есебінен жүргізеді (АК 552-6 2-бөл.).

Шарт жасау кезінде жалға беруші жалға алушыға жалға берілетін мүлікке үшінші тұлғалардың барлык құқықтары (сервитут, кепіл құқығы) туралы ескертуге міндетті. Бұл жағдайда біз бірінші кезекте мүлікке ауыртпалық тудыратын құқықтары туралы айтамыз. Мүлікті жалға беру мүлікке үшінші түлғалардың заттық құқықтарын тоқтату не өзгерту үшін негіз болып табыл-майды.



Жалға алушы жалға берілген мүлікті шарт жағдайларына сәйкес пайдалануға, ал егер олар шартта қарастырылмаса, мүліктің тағайындалуына сәйкес пайдалануға міндетті. Жалға алушының бұл міндетті жалға берушінің жалға берілген мүлікті күтіп ұстау міндеті орындалуына көмектеседі. Осымен қатар жалға беруші жалға алушының мүлікті пайдалануына шектеу қоюға мүдделі болуы мүмкін. Өз кезегінде осының себебі де болады, мысалы жалға берілген жабдықтарды жоғары дәрежеде пайдалану орын алса, оның мерзімінен бұрын тозуының қаупі төнуі мүмкін ж.б.

Қосымша жалдау (субаренда) шартының қолданылуы (кү-шінде болуы) мүлік жалдаудың негізгі шартына тәуелді болып келеді. Заңнамада көзделген негіздер бойынша мүлік жалдау шарты жарамсыз болса, онда оған сәйкес жасалған мүлікті қосымша жалдау шарты да жарамсыз болып келеді. (ҚР АК 560 бабы). Бұл норманың мазмұны мүлікті жалдаудың негізгі шар-тының қолданылуына тек қана қосымша жалдау (субаренданың) емес, барлық өзге туынды құқықтық қатынастардың мүлікті пайдаланудың, кепілдің және басқарудың күшінде болуы (тұрмыс етуі) тәуелді болатынын білдіріп отыр.

Жалға алушы өз уақытылы жалдау (аренда) төлемін төлеп тұруға міндетті.

ҚР АК 546-бабына сәйкес жалдау ақысы (төлемі) мынандай түрлерде болуы мүмкін:

1) кезең кезеңімен немесе біржола төленетін төлемдердің
ақшалай сомасымен;

2)жалданған мүлікті пайдалану нәтижесінде алынған (өнді-
рілген, табылған) өнімнің, жемістердің немесе табыстардың үле-
сімен;

3) жалдаушының белгілі кызмет көрсетуі арқылы;

4) жалға алушының шартпен келісілген затты жалға берушіге
меншікке әлде жалға берумен;

5) жалға алушыға жалданылған мүлікті жақсарту жөнінде
шартта келісілген шығындарды жүктеу арқылы. Жалға берушімен жалға алушы шартты көрсетілген ақы түрлерінің бірнешеуі
қолданылатын түрлерде.

Жалға берілген мүлікте кемшіліктерді анықтаса, жалға алушы жалға берушіден өз қалауы бойынша:

  1. мүліктің кемшіліктерін тегін жоюды;

  2. жалдау ақысын соған мөлшерлес азайтуды;

  3. жалға берушіге бұл туралы аддын-ала хабарлай отырып
    сол кемшіліктерді жою жолында өзі жасаған шығындар сомасын
    мүлікті пайдаланғаны үшін төленетін ұстап қалуды;

4) шартты мерзімінен бұрын бұзуды талап етуге құқылы.
Мүлік жалдау шарты тараптардын келісімімен кез келген уақытта тоқтатылуы мүмкін. Одан басқа да тараптардың біреуінің талап етуі бойынша да бұзылуы мүмкін. Жалға берушінің талабы бойынша мүлік жалдау шарты (бұрын қаралған жағдайлардан өзге) мынадай жағдайларда бұзылуы мүмкін:

а) егер жалға алушы мүлікті пайдаланғаны үшін шартта белгіленген төлемнің мерзімі өткеннен кейін екі реттен астам төлем жасамаса;

б) Заң актілеріне немесе шартқа сәйкес жалға алушы күрделі жөндеуді шартта белгіленген мерзімде жүргізбесе, мерзім шартта қарастырылмаса, оны қисынды мерзімде жүргізсе.

Барлық жағдайларда, жалға беруші жалға алушыға өз міндетін қисынды мерзімде орындауға мүмкіндік берілгеннен кейін ғана шартты мерзімнен бұрын бұзуды талап етуге құқылы.

Жалға алушының талап етуімен шарт мынадай жағдайларда:

а) жалға беруші мүлікті жалға алушыға пайдалануға бермеген не мүлікті шарт талаптарына немесе мүліктің мақсатына сәйкес пайдалануға кедергі жасаған;

б) жалға беруші өзіне жүктелген мүлікті күрделі жөндеу міндетін шартта белгіленген мерзімде, ал ол шартта болмаған жағдайда қисынды мерзімде жүргізбеген;

в) жалға алушыға берілген мүлікте оны пайдалануға кедергі келтіретін кемшіліктер болып, оны шарт жасалған кезде жалға беруші ескертпеген, жалға алушыға алдын-ала белгілі болмаған және мүлікті көрген кезде немесе шарт жасаған кезде оның ақаусыздығын тексерген кезде оның байқалуы мүмкін болмаған;

г) мүлік жалға алушы жауап бермейтін мән-жайларға байланысты пайдалану үшін жарамсыз күйде болған реттерде мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет