«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей


ЕСЕП АЙЫРЫСУЖӘНЕ НЕСИЕЛІК ҚАТЫНАСТАР



бет78/151
Дата25.04.2022
өлшемі0,87 Mb.
#32259
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   151
Байланысты:
« аза стан Республикасыны Азаматты ы ы» (Ерекше б лім) О у-

ЕСЕП АЙЫРЫСУЖӘНЕ НЕСИЕЛІК ҚАТЫНАСТАР

1. «Қуат және компания» атты сенім серіктестігі «Агрегат» ақционерлік қоғамының сұрауы бойынша ас үйдің жабдығын сатып алуы үшін оған бір млн. теңге аударады. Ақша аудару «Агрегат» АҚ-ның хаты негізінде жүзеге асырылады. Ол хаттың мазмұнында «Агрегат» ақшаны 60 күннен кейін қайтаруға міндеттеме алады. Көрсетілген мерзім өткен соң «Агрегат» АҚ ақшаны қайтарған жоқ, осыған байланысты Серіктестік сотқа талап арызын береді. Сотта АҚ өкілі тараптар арасында несиелік міндеттеме туғанын, ал ұйымдарды несиелендіру-Ұлттық банк лицензиясы бойынша жүзеге асырылатын банк іс-әрекетінің көп түрінің бірі екенін мәлімдейді. Ал Серіктестік болса, лицензия алмай жатып, несие шартын жасасады. Серіктестік мүдделері жақтайтын қорғаушы тараптар арасында несие шарты емес, қарыз шарты жасалғанын айтады. Қарыз шартын жасасу үшін лицензияның қажеті жоқ. Сонымен қатар, ол сотқа қарыз шарты,
несие шарты мен банктің ссуда шарты арасындағы айырмашылықты ажырата білуді ұсынады.

Бұл дауда кімдікі дұрыс? Қарыз шартына, несие шартына және ссудалық шартқа сипаттама беріңіз.

2. Акционерлік банкке шот ашу жөнінде төрт арыз түседі:

а) толық серіктестік қатысушылары өкілет берген коммуналдық кәсіпорынның бас директорынан толық серіктестікке есеп шотын ашу жөнінде;

ә) жауапкершілігі шектеулі серіктестік кәсіпорынның орналасқан жерінен тыс екінші есеп шотын және неміс маркасының валюталық шотын ашу жөнінде;

б) кәсіпкер ретінде тіркелген азамат Сырымов клиенттерімен есептесу үшін банк шоты шартын жасасуды сұрап;

в) жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрмақшы болған бір топ азаматтардың жарғылық капиталдың 50%-ін төлеу үшін шот ашуды сұрап.

Банктің заң қызметі әрбір жағдай бойынша қандай жауап беруі тиіс? Коммерциялық банктерде шот ашудың жалпы тәртібі қандай, оларды ашу үшін қандай құжаттар қажет? Банктегі шот пен банкке ақша салу шарттарының айырмашылығы неде?

3. Мемлекеттік кәсіпорын «Найзағай» кооперативіне тігін жабдығын жөндеу қызметі үшін 36 млн. теңге төлеуі қажет еді. Кәсіпорынның бас директоры есептесу чсгіне қол қойды, бірақ төлеуге тиісті ақырғы соманы көрсетпейді, оны бас бухгалтерге келесі күні істеуге ұсынады. Белгісіз себептермен чек бас директор сейфінен жоқ болып кетеді және жоғалған чекте көрсетілген лимиттің барлық сомасы шегінде «Кентавр» серіктестігінің 257млн. теңге алғаны белгілі болады. «Кентавр» серіктестігінің шотынан ақшаны қайтарып алуға тырысқанмен нәтиже болмайды, өйткені барлық қаржы оның есеп шотынан алынған, ал серіктестік басшылары зым-зия жоқ болып кеткен екен. Кәсіпорын чектің жоғалуында кінәсі жоқтығын айтып, ал банктің чекті тексеруі үшін, әсіресе чекте көрсетілген соманың бөлек шотта депозитке берілген чек берушінің барлық каржысына тең екенін ескере отырып, барлық шараларды қолдану керектігін айтып, наразылығын білдіреді.

Чек беруші көзқарасының негізі бар ма? Чектердің қандай түрлері сізге белгілі?
4. «Қыран» машина жасау зауытынан металл кесетін станоктарын сатып алған «Құрылыс» акционерлік қоғамы «Қыран» МЖЗ-нан сатып алынған өнім үшін төлем ретінде аударма векселін береді. Аударма векселінде «Құрылыс» АҚ-ның «Заман» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне вексельде көрсетілген соманы «Қыран» зауытына немесе оның бұйрығына төлеу жөнінде бұйрығы көрсетілген. Вексель «Заман» ЖШС-мен акцептелген болатын. «Қыран» зауыты вексельдің келесі бетіне индоссамент жасап, оны өз несие берушісі — «Сапар» акционерлік қоғамына береді. «Сапар» АҚ үш айдан соң вексельді төлеушіге — «Заман» ЖШС-не ұсынғанда, соңғысы жасалған акцепт бастапқы вексель ұстаушы «Қыран» зауытына ғана қатысты екенін келтіріп, оны қабылдаудан бас тартады. «Сапар» акционерлік қоғамы вексель бойынша наразылық жасап, «Қыран» зауытына талап арызын береді.

Аударма векселі, индоссамент, акцепт және авальдің шығу тегі қандай? ЖШС «Заманның» көзқарасы негізделген бе? Егер вексель жасалу сәтінен 7 ай өткен соң төлеуге ұсынылған болса, шешім өзгерер ме еді?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет